
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •7 .Sdr: енгізу мақсаты, ерекшеліктері, бағамын есептеу және қазіргі заманғы әлемдік жүйедегі рөлі
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттары мен мәселелері
- •9. Алтынның әлемдік нарығы және оның қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлі
- •XX ғ 30 жылдары Чикагода фьючерстік келісім шарт орталықтары әрекет ете бастады
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясы
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдері. Қазіргі жағдайдағы еурозона
- •13.Тепе-теңдік валюта бағамы. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруі
- •14. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясы
- •16.Валюта бағамдарының тәртібі. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамдары
- •Валюта бағамдарының есептік және аралас (гибридті) түрлері
- •18. Валюта бағамдарының қалыптасу факторлары
- •19.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •20. Мемлекеттің валюталық саясаты: мәні, түрлері мен құралдары
- •21.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формалары
- •22. Орталық банктің валюталық интервенциялары: түсінігі, мақсаттары мен іске асыру механизімі
- •23.Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешіліктері мен функциялары
- •25. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •26.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •28. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •29. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •30.Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •31.Халықаралық есеп айрысудың түсінігі мен ерекшеліктері
- •32. Халықаралық есеп айрысудың формалары және оларды таңдауға әсер етуші факторлар
- •33.Әлемдік қаржы нарығы: ерекшеліктері, функциялары мен құрылымы
- •34. Халықаралық несие: мәні, қағидалары, функциялары мен түрлері
- •35. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктері. Еуровалюта түсінігі
- •36. Еурооблигациялар, еуровекселдер және еуроноталар нарығы
- •Еуробанктер. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдері
- •38. Халықаралық валюта қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарының реттеудегі рөлі
- •39. Бүкіләлемдік банк тобы: құрылымы және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлі
- •40) Халықаралық есеп айырысу банкі: функциялары мен негізгі операциялары
34. Халықаралық несие: мәні, қағидалары, функциялары мен түрлері
Халыкаралық несие - несие капиталының халықаралық экономикалық қатынастар аясында қозғалуы нысаны, ол валюталық және тауар ресурстарын қайтарымды шартымен ұсынумен байланысты.кредиторлар мен несие алушылар меншік кәсіпорындар (банктер, фирмалар), мемлекеттік мекемелер, халықаралық және аймақтық валюта-несие және қаржы ұйымдары. Мемлекеттер, халықаралық банкілер, қаржы ұйымдары, жеке банкілер мен фирмалар, басқа да заңды және жеке тұлғалар халықаралық ынтымақтастық барысында мерзімділік, қайтарылым және пайыз төлеу шартымен берілтін несие. Несие санаты түрлерінің бірі болып табылатын халыкаралық несие нарықтың басқа да экономикалық санаттарымен (пайда, баға, ақша, валюта, валюталық бағам, төлем теңгерімі) нeмесе экономикалық заңдарымен байланысты. Халыкаралық несие көздері кәсіпорындардың уақытша бос ақшалай капиталы, мемлекеттің және жеке сектордың ақшалай қорланымы, сондай-ақ банкілер бірқатар елдерден тартатын капиталдар. Халықаралық несие қағидалары:
1) қайтарымдылығы: гер алынған қаржаттар қайтарылмаса, ақша капиталының қайтарылмайтын аударым жүреді, яғни қаржыландыру.
2) жеделдігі, несиенің қайтарымдылығын несие келісіміндегі мерзімде қайтаруды қамтамасыз етеді.
3) ақылылығы.
4) материалды қамтамасыз етілуі
5) мақсатты сипат – нақты несие объектілерін анықтау, оны кредитор-елдің экспортын ынталандыруға қолдану.
Халықаралық несие функциялары:
1. Кеңейтілген ұдайы өндіріс қажеттіліктерімен қамтамасыз ету үшін Елдер арасында несие капиталдарын қайта бөлу.
2. Халықаралық есеп айырысу сферасында нақты ақшаларды (алтын, күміс) несиемен айырбастау, қолма-қол валюта айналымын халықаралық несие операцияларымен айырбастау.
3. Капитал концентрациясы мен орталықтандыруды жеделдету, шетел капиталын тарту арқылы қосылған құн мөлшері капитализация үдерісі жеделдейді. Халықаралық несие түрлері:
Қайнар көздеріне байланысты сыртқы сауданы ішкі, шетелдік, аралас несиелендіру және қаржыландыру деп бөлінеді. Белгілеу бойынша, яғни қандай сыртқыэкономикалық келісім қарыз қаражаттарымен жабылатындығы бойынша:
• коммерциялық несиелер, сыртқы сауда және қызметпен байланысты.
• қаржы несиелері, тікелей капитал салымы, инвестициялық объектілер құрылысы, бағалы қағаздарды иелену, сыртқы қарыздарды жабу, валюталық интервенцияны жою мақсаттарында беріледі.
• аралық несиелер, каитал, тауарлар мен қызметтерді шетке шығарудың аралас формаларына арналған, мысалы мердігерлік жұмыстарды атқаруда, инжиниринг.
Несиелер түрлері бойынша тауарлық- негізінен өз сатып алушыларының экспортерларына беріледі, валюталық – ақшалай формада банткер ұсынатын несиелер. Мерзіміне байланысты: қысқамерзімді— 1 жылға дейін, кейде 18 айға, ортамерзімді— 1 жылдан 5жылға дейін; ұзақмерзімді— 5 жылдан жоғары. Қамтамасыз етуі бойынша қамтамасыз етілген және бланктық несиелер. Тікелей банктік несиелеудің әрі қарай жетілдірілуі нәти-жесінде сыртқы сауда операцияларын қаржыландырудың мынадай формалары: факторинг, форфейтинг, экспортты ынталандыруда жиі пайдаланылатын лизинг сомалары пайда болды. Фаткоринг-компаниясы экспортерге, яғни тауарды сату-шыға несие шартымен бірқатар қызметтер көрсететін, оның ішінде қарызды іздестіру экспорттық операцияларды есепке алу, несиелік бақылау және т.б. өзіне экспортер алдында өз міндеттемесіне алатын мамандандырылған және көпқырлы қаржы мекемесі болып табылады. Факторинг жүйесі экспортерлардың қысқа мерзімді несие берудегі мүмкіндігін ұлғайтады, ал форфейтинг нарығын-дағы мәмілелер орта мерзімді коммерциялық несиелеуге арналған қаражаттар көзі болып табылады. Форфейтинг, ол экспортердің импортерге қоятын талаптары бойынша қүқығын форфейтер-банкіге беруін, яғни соңғысының құқықты өзіне ұстап немесе халықаралық нарықта сата алуымен сипатталады. Лизинг тауарды тұтынушыға меншіктің заңдық құқығы берілмейтін арендалық (жал) қатынастарының бір түрі. Арендаға берушіге аударылатын қаражаттар есебінен, ол тауарды уақытша пайдалану кұқығын төлейді. “Своп” несиелік операциялары өтімді ресурстардың бір-ден-бір қосымша көзі болып табылатындықтан, олар жеке несиелік мекемелер арасында және қатысушы елдердің орталық эмиссиялық банктері деңгейіңде жүргізіледі. “Своп” қарыздарының ерекше-лігі, оларды несиелік клиенттер шегінде автоматты түрде жаңартуға болады. “Своп” несиелерінің мерзімі 90 күнге жетеді, қажет жағдайда банктер олардың мерзімін 6 айға дейін ұзарта алады. “Форвардқа” қарсы “спот” жағдайындағы “своп” мәмілелері кеңінен таралған. Бүл жағдайда бір мезгілде екі контракт жасалады: біріншісі – “спот” бағамы бойынша нақты валютаны сатып алу; екіншісі – “форвард” бағамы бойынша осы валютаны мерзімінде сату. “Форвардқа қарсы форвард” жағдайында жүзеге асыры-латын “своп” несиенің түрі бар. Мұнда да екі контракт жас-алады. Біріншісінің мерзімі, мысалы, бір айдан соң бітсе, екіншісінікі – екі айдан кейін бітеді. Бірінші ай өткеннен соң операция «форвардқа қарсы спот» жағдайында өтеді.