Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

2. Әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

Өзінің даму процесінде әлемдік (халықаралық) валюталық жүйе бірнеше кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.

І-ші кезең: алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе ХІХ ғасырда стихиялы түрде қалыптасты және заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Алтын әлемдік ақша рөлін атқарды және ақша тауары ретінде қолданылды. Әр ұлттық валюта алтын мазмұнына ие болды және оған сәйкес оның басқа валюталарға паритеті орнатылды (алтын паритет).

Алтын стандарт жүйесі. Айналымда жүрген ақша көлемі (ақша ұсынысы) елдің алтын қорына қатаң түрде сәйкес болатын. Валютаны алтынға айырбастау, елге әкелу-шығару үдерісі еркін жүргізілді. Валюталардың айрбас бағамдары еркін орнатылатын, олардың ауытқуы алтынның экспорттық және импортық нүктелері шеңберінде шектелетін.

Алтын стандарт жүйесінің құлдырауның себептері: 1-ші дүниежүзілік соғыс, Ұлы депрессия, Әлемдік сауданың көлемінің өсуі.

Генуя валюта жүйесі. Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе мемлекетаралық келісімшартпен 1922 ж. Генуя халықаралық валюталық конференциясында орнатылды. Бұл конференция өтпелі жүйені енгізуге әрекет етті, алтындевизтік стандартқа өтуді бекітті. Халықаралық есеп айырысуларға девиздер енгізілді. Девиздер – алтынға айырбасталатын жетекші валюталар (ағылшын фунт стерлингі мен АҚШ доллары).

Бреттон-Вудс валюта жүйесі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ әлемнің ең қуатты державасына айналды, әлемнің басқа жетекші елдерінің экономикалық жағдайы әлсіреді. Бреттон-Вудс (АҚШ) қаласында өткен халықаралық конференция шешімдері негізінде заң жүзінде рәсімделген 1944 жылы Бреттон-Вудс валюта жүйесі – үшінші әлемдік валюта жүйесі пайда болды. Алтын доллар (алтын валюта) стандарты бекітілді, себебі американ доллары алтынға айырбасталатын жалғыз валюта болатын. 35 АҚШ доллары = 1 алтын троя унциясы (1 троя унциясы - 31,1 г. ; яғни 1 доллар 0,88571 г. алтынға) қатынасы бойынша алтынға айырбасталды. Бреттон-Вудс жүйесінің басты ерекшелігі - бекітілген шектеулерден аз алшақтайтын (±1%) қатаң белгіленген валюта бағамдарына ауысу. Алайда америкалық валютаны алтынға тек елдердің орталық банктері ғана айырбастай алатын, алтын, сонымен қатар халықаралық төлем және қор құралы ретінде қолданылды. Бреттон-Вудс конференциясында төлем балансының ауыр тапшылығы туындағанда, ұлттық валюта тұрақтылығы жоғалған жағдайда мүше елдерге несие беруге және мүше елдердің өз міндеттерін атқаруын қадағалауға арналған екі ұйым – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) құрылды. XX ғ. 70-ші жж. басында Батыс Еуропа елдері мен Жапония экономикасы күшейді, ал АҚШ-тың әлемдік экономикадағы рөлі төмендеді. Бреттон-Вудс валюта жүйесі әлемдік шаруашылықтын қажеттіліктеріне сәйкес болмады. Осыған байланысты Бреттон-Вудс валюта жүйесі құлдырай бастады. 1973 жылы АҚШ долларын алтынға айырбастау ресми түрде тоқтатылды.

Ямайка валюта жүйесі. 1976 жылы Кингстонда (Ямайка) қол қойылған және 1978 жылы күшіне енген келісім төртінші әлемдік валюта жүйесінің – Ямайка валюта жүйесінің заң жүзінде рәсімделуін білдірді. Ямайка валюта жүйесінің негізгі принциптері: Алтының демонетизациясы бекітілді, яғни оның әлемдік ақша қызметі (алтын стандарт) ресми түрінде жойылды; Орталық банктертерге алтынды жай тауар ретінде сату және сатып алуға рұқсат берілді; SDR стандарты енгізілді (special drawing Rights/қарыз алудың арнайы қүқығы. ХВҚ арнайы шоттарында жазба түрінде құрылған халықаралық активтер. SDR 1969 ж. құрылды).

ХВҚ-ға мүше елдер валюта бағамының кез-келген режимін таңдау құқығына ие болды. ХВҚ валюта бағамдарын қатал қадағалауна өкілеттікке ие болды. Өз мәні бойынша Ямайка валюта жүйесі көпвалюталық стандарт жүйесі болып табылады. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйе Ямайка валюта жүйесінің шешімдері мен ұстанымдарының негізінде қызмет атқарады. Ямайка валюта жүйесі түпкі ойы бойынша Бреттон-Вудс жүйесіне қарағанда икемдірек болуы қажет және төлен баланстары мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына икемделуі қажет. Алайда Ямайка валюта жүйесі валюта бағамдарының өзгерісіне шешуші ықпал ететін елдер арасында қаржылық ағымдардың ауысу көлемінің өсімі, валюта бағамдарының тұрақсыздығын тудыратын дағдарыстық кезеңдерді әрдайым басынан кешіреді. Әлемдік валюта жүйесінің дамуында тән сипат валюталық полицентризмге бағыт болып табылады.

Еуропалық валюта жүйесі. ХХ ғ. 70-ші жж. соңында Батыс Еуропада осы аймақтағы интеграциялық бағыттардың тереңдеуін бейнелеген аймақтық Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) заңды түрде рәсімдейді. ЕВЖ ақша бірлігі ЕСU – еуропалық ақша бірлігі (European Currency Unit) болып келген, оның шартты құны ЕО елдерінің ақша бірліктері құрамына кірген валюталық себет тәсілі бойынша анықталған. 1999 ж. желтоқсанның ортасынан қарай Еуроодақ (ЕО) басшылары қазіргі уақытта ЕО мүше мемлекеттердің ортақ валютасы болып табылатын «еуро» (EURO). ЕО елдерінің бірыңғай валютасына 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап өту туралы шешім қабылданды. 2002 ж. 1 шiлдесiнен бастап еуро қолма-қол ақша ретінде қолдана бастады. Еурозона – ресми валютасы еуро болатын ЕО-ның 17 елін біріктіретін валюталық одақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]