
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •7 .Sdr: енгізу мақсаты, ерекшеліктері, бағамын есептеу және қазіргі заманғы әлемдік жүйедегі рөлі
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттары мен мәселелері
- •9. Алтынның әлемдік нарығы және оның қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлі
- •XX ғ 30 жылдары Чикагода фьючерстік келісім шарт орталықтары әрекет ете бастады
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясы
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдері. Қазіргі жағдайдағы еурозона
- •13.Тепе-теңдік валюта бағамы. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруі
- •14. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясы
- •16.Валюта бағамдарының тәртібі. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамдары
- •Валюта бағамдарының есептік және аралас (гибридті) түрлері
- •18. Валюта бағамдарының қалыптасу факторлары
- •19.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •20. Мемлекеттің валюталық саясаты: мәні, түрлері мен құралдары
- •21.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формалары
- •22. Орталық банктің валюталық интервенциялары: түсінігі, мақсаттары мен іске асыру механизімі
- •23.Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешіліктері мен функциялары
- •25. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •26.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •28. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •29. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •30.Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •31.Халықаралық есеп айрысудың түсінігі мен ерекшеліктері
- •32. Халықаралық есеп айрысудың формалары және оларды таңдауға әсер етуші факторлар
- •33.Әлемдік қаржы нарығы: ерекшеліктері, функциялары мен құрылымы
- •34. Халықаралық несие: мәні, қағидалары, функциялары мен түрлері
- •35. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктері. Еуровалюта түсінігі
- •36. Еурооблигациялар, еуровекселдер және еуроноталар нарығы
- •Еуробанктер. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдері
- •38. Халықаралық валюта қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарының реттеудегі рөлі
- •39. Бүкіләлемдік банк тобы: құрылымы және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлі
- •40) Халықаралық есеп айырысу банкі: функциялары мен негізгі операциялары
31.Халықаралық есеп айрысудың түсінігі мен ерекшеліктері
Халықаралық есеп айырысу — төлемдерді заңды тұлғалар мен әр түрлі елдердің азаматтары арасындағы экономикалық, саяси және мәдени қатынастармен байланысты туындаған ақша талаптары мен міндеттемелері бойынша реттеу болып табылады.
Халықаралық есеп айырысу ерешеліктері
Импортерлар мен экспортерлар, олардың банктері рәсімдеу, жіберу төлем құжаттарын дайындау, төлемдерді жүзеге асырумен байланысты белгілі бір сыртқы сауда келісім қатынасынан жекеленген. Олардың арасындағы міндеттемелер көлемі мен жауапкершіліктің жіктелуі нақты есеп айырысу формасына байланысты.
Халықаралық есеп айырысу нормативті ұлттық заңнамалық актілермен, халықаралық банк ережелері мен ғұрыптарымен реттеліп отырады. М: АҚШ-нда біркелкі тауар кодексі есеп айырысуға қатысты халықаралық нормалардан тұрады.
Халықаралық есеп айырысу — бірегейлендіру объектісі, ол шаруашылық байланыстарының интернационализациясымен және банк операцияларының универсализациясымен шарттастырылған.
Халықаралық есеп айырысу ережеге сай құжаттық сипатқа ие, яғни қаржы және коммерциялық құжаттарға қарсы жүзеге асырылады. Қаржы құжаттарына: жай және аудармалы вексельдер, чектер, төлем қолхаты жатады. Коммерциялық құжаттарға: счет-фактура, жүкқұжат, жөнелтпе құжаттар, сақтандыру құжаттары, сертификаттар.
Халықаралық есеп айырысу түрлі валютамен жүзеге асырылады. Сондықтан олар валюта операциялары мен валютаны сату-сатып алу операцияларымен тығыз байланысты. Операциялардың тиімділігіне валюта бағамының динамикасы әсер етеді.
Халықаралық есеп айрысуларды іске асыруда дамыған елдердің еркін конверттелінетін валютасы қолданылады;
Халықаралық есеп айрысуларға құжаттамалық сипаттама тән,
Әртүрлі банктік, мемлекеттік ұйымдардың кепілдемелерінің болуы
Халықаралық сауда палатасында шығарылаған кепілдеменің бірегейлендірілген ережелері қолданылады (demand quarantees).
Оның мәтіні кепілдеме мәтініне қажет негізгі ережелерден тұрады:
1. егер кепілгерге сыйақы төленбесе, кепілдеме талап етіліне алмайды.
2. келісім сипаттамасы.
3. шағым білдіруге қажет құжаттар (әдетте банк бенефициарымен тексеріледі).
4. кепілдеме оның мерзімі өткен соң қайтарылу керек, себебі ол жарамсыз болып қалады.
Халықаралық есеп айырысу типтері:Ұлттық валютамен - елдер арасындағы сауда-несиелік және төлемдік келісімдер.
халықаралық ұжымдық валютамен - интеграциялық бірлестіктер ішіндегі сауда-несиелік және төлемдік келісімдер;
Клирингтік есептесулер -клирингтік типтегі халықаралық төлемдік келісімдер – халықаралық шарттар мен міндеттемелерді қамтамасыз ететін екі немесе одан көп елдердің үкіметаралық келісімі.
Алтынмен - Халықаралық есеп айырысуларда, алтын нарығында жанама қолданылады.
32. Халықаралық есеп айрысудың формалары және оларды таңдауға әсер етуші факторлар
Халықаралық есеп айырысудың түрлері – бұл халықаралық тәжірибеде тарихи қалыптасқан рәсімдеудің, берудің, төлем құжаттарын өңдеу мен төлемді іске асырудың әдістері. Халықаралық есеп айырысудың жиі қолданылатын негізгі түрлері: аккредитив, инкассо, банктік аударым, аванстық.
Аккредитив – банк клиенттің сұрауымен құжаттардың төлемін 3-адамға төлеуге міндет алатын келісім. Аккредитивті форманы қолдану тауарлар экспортерына пайдалы. Есеп айырысудың бұл формасының кемшілігі құжат айналымының қиын болуы және қжат қозғалыстарының банктердегі құжаттарды тексерумен байланысты тежелуі.
Инкассо – банк клиенттің сұрауы бойынша импортердің тауарлардың түсірімене және көрсетілген қызметіне төлемін қабылдайды, және экспортердің шотына тіркейтін банктік операция. Таза (жай) және құжаттық инкассоны ажыратып қарастыруға болады. Таза инкассода төлемдерді қаржылық құжаттар бойынша ғана төлету, ал құжаттық инкассода қаржылық құжаттар мен бірге коммерциялық құжаттар немесе тек қана коммерциялық құжаттар арқылы төлемдерді төлету болып табылады.
Банктік аударым. Бір банк екінші банкке аударымды алушыға белгілі бір сумманы төлеуге тапсырма береді. Банктік аударымдар қолма қол ақшасыз жүзеге асырылады. Банктік аудармалардың экономикалық негізі тауарлардың төлемі қай түрде жүзеге асатынына байланысты: тауарларды жеткізгенге дейін (аванстық төлемдер) немесе тауарларды алғаннан кейін. Қатысушылары: аударымды жөнелтуші, осы жөнелтушінің тапсырмасын алған банк, аударымды қабылдаушы, осы қабылдаушының сомасының түсуін жүзеге асыратын банк.
Аванстық. Аванс түріндегі есеп айырысу экспортерге тиімді, себебі импортер тауардың төлемін тиеліміне дейін жасалады, кейбірде өндіргенге дейін жасайды.
Халықаралық есеп айырысудың түрін 2 жақ өзі анықтайды, және ол “Сыртқы сауданың төлем шарттарында” белгіленеді. Халықаралық есеп айырысудың түрін таңдау көбінесе конрагенттердің бір-біріне деген сеніміне және ұлттық заңнаманың ерекшеліктеріне байланысты.
Халықаралық есеп айырысудың түрін таңдауға әсер ететін факторлар:
Тауардың түрі (есеп айырысудың түрі машина, құрал жабдық тасымалдауда айырмашылығы бар); кейбір тауарларда, мысалы ағаш, бидай тасымалдауда дәстүрлі түрлері қолданылады. Кредиттік келісімінің болуы, контрагенттің төлем қабілетінің болуы, сыртқы сауда келісіміндегі беделі.
Берілген тауарға деген әлемдік нарықтағы ұсыныс пен сұраныс деңгейі.