Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

28. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері

Опциондар мерзімдік келісім-шарттардың біріне саналады. Опцион дегеніміз белгілі активті оның анықталған бағамына және келісілге уақытта сәйкес сатып алу, сату жөніндегі тараптарға берілетін құқықпен сатып алушыға жүктелетін міндеттеме (сатушыға) туралы екі жақты келісім шарт.

Валюталық опцион дегеніміз мәмілеге қатысушылардың біреуіне белгіленген баға бойынша біраз уақыт ішінде щетелдік валютаның белгілі санын сатуға немесе алуға құқық (міндеттеме емес) беретін келісім шарт. Екінші жақ келісілген уақыт ішінде әріпсінің құқығын ақшалай сыйақы ала отырып, қамтамасыз етуге міндеттеме алады. Опцион белгіленген уақытқа дейін өз күшін сақтайды, одан кейін ол пайдаланудан қалады. Неғұрлым жиі жасалатын опциондарға – сатып алуға опцион (опцион колл) және сатуға опцион (опцион пут ) жатады .

Опцион коллды сатып алушының біраз уақыт аралығында белгіленген баға бойынша валюта сатып алуға құқығы болады ( міндеттеме емес ).Опцион коллды сатушы, егер сатып алушы өз құқығынан бас тартпаса белгіленген баға бойынша валютаның келісілген санын сатуға міндетті.

Опцион путты сатып алушы инвеститциялық қаражатты біраз уақыт ішінде белгіленген баға бойынша сатуға құқылы. Опцион путты сатушы оның ережелерін сақталған жағдайда валютаның келісілген санын сатуға міндетті. Опциондық мәміле бойынша міндеттеме алған жақ уәдесін орындауы үшін құқығы бар жақ оған сыйақы төлейді.

Опциондық мәміле бойынша міндеттеме алған жақ уәдесін орындау үшін құқығы бар жақ оған сыйақы төлейді.

Опционның екі стилі белгілі: еуропалық және американдық. Еуропалық стиль бойынша опцион тек қана белгіленген күнде пайдаланылады. Американдық стиль бойынша опцион белгіленген мерзім ішіндегі уақыт шеңберінде жүзеге аса береді.

Своп - өте кең тараған қаржылық тетіктердің бірі. Оы банктер мен корпорациялар өздерінің активтері мен пассивтерін тиімді басқару үшін пайдаланылады.

Форвардтық келісімдер, фьючерстер және опциондар сияқты своптар да біріншіден, пайыздық тәуелділікті қамтамасыздандырады, яғни экономикалық ортадаңы жағымсыз өзгерістер әсерімен мүмкін болатын шығындар көлемін кемітіп, азайтуға көмектеседі және екіншіден қосымша табыс табу көзі болып есептеледі. Ағылшын тілінен аударғанда «swap» «айырбас» деген ұғымды білдіреді және өзінің осы мағынасында қызмет атқарады.

Своп дегеніміз (пайыздық және валюталық своп түрлеріне бірдей) бір сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағынының басқа сипаттағы қаражат ағындарына өзгеруі. Своп мәмілелері валюталық немесе пайыздық тәуелділікті болдырмау мақсатында сондай-ақ арбитраждық мақсаттарда жасалады. Жасалатын мәмілелерідің сипаттамасына орай своп операцияларын контрагенттердің бір мезгілде қаражаттарды алу, беру жөніндегі қаржылық операцияларының топтамасы деуге болады. Своп операцияларының негізгі түрлеріне пайыздық своптар мен валюталық своптар жатады. Бұлар арбитраждық мәмілелермен тәуелділікті қамсыздандыру іс-тәжірибесінде қолданылады.

Басқа типтегі операциялармен салыстырсақ своп операцияларының олардан айырмашылығын былай сипаттаған болар едік:

--Рынок көлемінің үлкендігі;Мәміле жасаушы контрагенттердің әр түрлілігі; Патентциалды клиенттер шеңберінің кеңдігі; Көп түрлі мәмілелер нысандарының икемділігі;

Своп операцияларының негізгі екі түрі болады дейік. Енді солардың анықтамасын келтірейік.

Пайыздық своптар экономикалық жағынан сипаттайтын болсақ, онда ол белгілі мерзім ішінде ұйғарылған сомадан түсетін пайыздық төлемдердің айырбасы. Заңдық көзқараста пайыздық своп дегеніміз тараптардың пайызыдқ төлемдерін өзара айырбастау жөніндегі келісімі.

Валюталық своп дегеніміз спот және форвард ережелеріне сәйкес валюталармен екі конверсиялық мәмілелер комбинациясы. Бұл жердегі конверсия ұғымы келісім шарттарды өзгерту дегенді білдіреді. Бір конверсия дереу жеткізуді білдірсе, екінші алдын ала келісілген шарт бойынша кейінірек жеткізуді ұйғарады. Валюталық своп оған қатысушы контрагенттерге ерсілі-қарсылы қаражаттар ағынын қамтамасыз етуге мүмкіндіктер береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]