
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •7 .Sdr: енгізу мақсаты, ерекшеліктері, бағамын есептеу және қазіргі заманғы әлемдік жүйедегі рөлі
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттары мен мәселелері
- •9. Алтынның әлемдік нарығы және оның қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлі
- •XX ғ 30 жылдары Чикагода фьючерстік келісім шарт орталықтары әрекет ете бастады
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясы
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдері. Қазіргі жағдайдағы еурозона
- •13.Тепе-теңдік валюта бағамы. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруі
- •14. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясы
- •16.Валюта бағамдарының тәртібі. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамдары
- •Валюта бағамдарының есептік және аралас (гибридті) түрлері
- •18. Валюта бағамдарының қалыптасу факторлары
- •19.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •20. Мемлекеттің валюталық саясаты: мәні, түрлері мен құралдары
- •21.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формалары
- •22. Орталық банктің валюталық интервенциялары: түсінігі, мақсаттары мен іске асыру механизімі
- •23.Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешіліктері мен функциялары
- •25. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •26.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •28. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •29. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •30.Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •31.Халықаралық есеп айрысудың түсінігі мен ерекшеліктері
- •32. Халықаралық есеп айрысудың формалары және оларды таңдауға әсер етуші факторлар
- •33.Әлемдік қаржы нарығы: ерекшеліктері, функциялары мен құрылымы
- •34. Халықаралық несие: мәні, қағидалары, функциялары мен түрлері
- •35. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктері. Еуровалюта түсінігі
- •36. Еурооблигациялар, еуровекселдер және еуроноталар нарығы
- •Еуробанктер. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдері
- •38. Халықаралық валюта қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарының реттеудегі рөлі
- •39. Бүкіләлемдік банк тобы: құрылымы және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлі
- •40) Халықаралық есеп айырысу банкі: функциялары мен негізгі операциялары
25. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
Валюта нарығының операция түрлері: Спот валюта нарығы (Кассалық немесе қолма қол) ағымды валюта нарығы. Бұл валюталық операциялар 1-2күн аралығында жасалады.
Мерзімді валюта нарығы 2күннен артық жасалады. Негізінен 1,2,3,6,12 ай.
Кассалық келісімдер немесе дереу оырндалатын келісімдер спот (spot) ережелеріне сай жүзеге еасырылады. Спот бағамы (курсы) операция жүргізіліп жатқан шақта ұлттық валютаның елден тысқары жерлерде қаншалықты жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Спот ережелеріне сай классикалық келісімдер валютаның дереу алу үшін ған емес, валюталық тәуекелді сақтандыру, сондай-ақ алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін де қолдналылады.
Спот валюталық операциясының мәні келісім жасалған сәттегі курсы бойынша валютаны сату, сатып алу және оны контрагент – банктердің келісім жасалған күннің ертенінен қалдырмай беру міндеттемесінде болса керек. Валютаны жеткізіп беру мерзімі «валюталандыру күні» деп аталады. Мұның өзін келісуші тараптардың өз міндеттемелерін толығымен орындайтын күн деп те айтуға болады.
Валюталық операциялардың екінші түріне мерзімдік келісім-шарттар жатады. Соңғы жылдары қаржы рыногы дамуының маңызды бөлігін дәл осы мерзімдік сауда құрап отыр.
Мерзімдік келісім шарттар рыноыгының түрлеріне келетін болсақ, олар мынадай:
Форвардтық келісімдер рыногы;
Фьючерстер рыногы;
Опциондар рыногы.
Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Мерзімдік мәміле бойынша есеп айырысу, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір келісілген уақытта - әлбетте бір айдың ішінде немесе ай ортасында өтеді. Бірақ есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың курсымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның курсы төмендеп кетсе пайданы сатушы алады да, жоғарыласа сатып алушы алады.
26.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
Биржа (ағылшынша exchange) - заңды тұлға, ұйымдастырылған нарықтың қаржы құралдарын, бағалы қағаздардың , валюталардың , биржалық тауарлардың тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.
Валюта нарығының Ұйымдастырылуы бойынша : Биржалық; Биржадан тыс болып бөлінеді.
Биржалық және биржадан тыс валюта нарығының функциясы - Жоғары пайда табу емес, валюта және бағалы қағаздарды валюта бойынша сату және валюта бағамын орнату яғни нарық құны арқылы уақытша еркін ақша қаражаттарын мобилизациялау.
Биржалық валюта нарығы - валюта және бағалы қағаздарды валюта бойынша сауданы ұйымдастыратын кәсіпорын және ол коммерциялық емес болып табылады. Биржалық валюта нарығының ерекше белгілері Сауда өткізілудің белгілі уақыты және орнының болуы; Белгілі қатысушылар ортасы; Белгілі сауда тәртіптері және сол тәртіптерге қатысушылардың бағынуы; Сауданы ұйымдастыратын белгілі мекеменің болуы (лицензиясы бар). Биржалық валюта нарығының артықшылықтары - Валюта және валюта қаражаттарының ең арзан қайнаркөзі; Биржа саудасына түсетін заявкалардың абсолютті өтімділігі; Валюта және бағалы қағаздардың өтімділігі дегеніміз олардың тез арады және құнын жоғалтпай ұлттық валютаға айналуы.
Биржадан тыс валюта нарығы - Дилерлар арқылы ұйымдастырылады, олар валюта биржасының мүшесі болуы да болмауы да мүмкін және Операциялар телефон, телефакс және интернет желілері арқылы жүзеге асады. Биржадан тыс валюта нарығының артықшылықтары - Операцияларға жұмсалатын шығындардың төмен болуы; Төлем жылдамдығы жоғары; Белгілі уақыт аралығанда емес, бүкіл күн бойы опреацияны жүргізу мүмкіндігі.
Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары белгілі деңгейде бір-біріне қарама-қайшы болса,сонымен қатар бір-бірін толықтырады. Оның басты себебі валюта және бағалы қағаздардың саудасында бірдей функция атқарады, бірақ әр түрлі әдістер қолданады.
Айырмашылықтары
Биржалық валюта нарығында: - Шетел валютасы-ның валюта бағамдарын қалыптастырады;- Белгіленген уақыты мен орны болады; - Tөлем жылдамдығы төмен; Тауарды жеткізу және өзара төлемге кепілдік бергені үшін комиссия алынады, оның көлемі заңда бекітілген; Қатал белгіленген уақыт аралығында келісімдер жасалады. Биржадан тыс валюта нарығында: Операциялар телефон, факс, интернет арқылы жүзеге асырылады; - Белгіленген уақыты мен орны болмайды; Сауда қатысушылардан коммисиялар алынады оның көлемі валюта ресурстарның сатылу көлеміне тікелей байланысты; Төлем жылдамдығы жөғары;Толық бір күн аралығында келісімдер жасалады.