Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

22. Орталық банктің валюталық интервенциялары: түсінігі, мақсаттары мен іске асыру механизімі

Валюталық интервенция мемлекеттің валюталық саясатының құралы болып табылады. Мемлекеттің валюталық саясаты – мемлекет ішіндегі және халықаралық несие-валюталық байланыстардағы валюталық қатынастар сферасына негізделген мемлекетпен жүзеге асырылатын құқықты және ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы.

Валюталық интервенция  деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады. Валюталық интервенциялар өзінің формасы бойынша үлкен масштабты валюталық операция және ол әдетте қысқа мерзімдік валюталық саясат болып табылады. Валюталық интервенцияларды жүргізудегі мақсат мемлекет мүддесіне қарай елдегі валюта бағамын ұстап тұру. Көп жағдайда әлемдік нарықта валюталық интервенциялар бір ғана орталық банкпен жүргізілмейді, керісінше, бірнеше елдің банктері бірігуімен жасалады. Мысалға, Япониядағы жерсілкінісінен кейін оның экономикасын қолдауға бағытталған «Үлкен жетіліктің» шешімін айта аламыз. Олар жапон иенасының АҚШ долларына қатысты бағамын төмендету арқылы жапон иенасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін интервенция жасады. 2011жылы 18 наурызда Жапония Банкі, Еуропалық Орталық банк, АҚШ Федералды резерв жүйесі бірлескен қызметтерінен кейін жапон иенасының бағасы бірнеше минуттың ішінде 2%-ға төмендеді.

Валюталық интервенция іс- әрекетінің механизмі тауар интервенциясына ұқсас. Ұлттық валюталық бағамды көтеру үшін, Орталық банк шетел валютасын сатып,ұлттық валютаны сатып алу қажет.Соған орай, шетел валютасына сұраныс азайып, ұлттық валютаның бағамы көтеріледі. Ал керісінше, ұлттық валюта бағамын төмендету үшін,орталық банк ұлттық валютаны сатып, шетел валютаны сатып алумен, шетел валюта бағамының көтерілуіне, ал ұлттық валютаның бағамының төмендеуіне әкеліп соғады.

Орталық банктің валюта интервенциясының 2 әдісі бар. Олар: стерилді және стерилді емес. Валюталық интервенциялар тікелей және жанама түрде бола алады. Тікелей валюталық интервенция кезінде Орталық банк интервенцияны өз атынан жүргізеді, ал жанама кезінде валюталық интервенцияны Орталық банктің тапсырысымен коммерциялық банктер жүргізеді.

Валюталық интервенция әрқашанда мемлекетке жағымды әсер ете бермейді. Егер төлем балансында үлкен көлемде тәртіп бұзушылықтар болса, валюталық интервенция мемлекеттің валюталық резервтерінің таусылуына әкелуі мүмкін.

Ереже бойынша Орталық банктер валюталық интервенция жүргізетіндері жайлы алдын ала жаңалықтарда хабарлайды. Бұл жаңалықтар инвесторлар мен Forex нарығының қатысушылары үшін өте маңызды.

23.Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешіліктері мен функциялары

Әлемдік валюталық нарық -шетелдік валютамен сатып алу –сату және шетел валютасымен құнды қағаздар жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде белгі беретін экономикалық қатынастардың саласы.

Әлемдік валюталық нарық -оларға сұраныс пен ұсыныс негізінде валюта және валютадағы құнды қағаздарды сатып алу – сату шоғырландырған ресми қаржылық орталық болып табылады

Әлемдік Валюталық нарық халықаралық есеп айырысудың уақтылы жүргiзiлуiн және валюталық қаражаттардың тиiмдi жұмсалуын қамтамасыз ете отырып, валюталық курсты анықтауға сондай-ақ валюталық нарықтағы жағдайға қарай валюталық саясаттың басты бағыттары мен формаларын айқындауға жағдай жасайды   Кәсiпорындар валюталық нарыққа импорт бойынша есеп айырысуға қажеттi валюталар сатып алу үшiн және экспорт бойынша шетел валюталарымен түскен түсiмдерiн сату немесе айырбастау үшiн қатысады.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі бар-лық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құра-лының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады. Әлемдік валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды. Сонымен, әлемдік валюталық нарықтарда валюталық операция-ларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады

Қазыргі замангы әлемдік валюталық нарық қызметі:

  • Әлемдік валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды, жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалауын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

  • Әлемдік валюта нарығы валюталық спекулицияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді,яғни валютаның болашақтағы бағамына ойнау.

Мысалы, Швейцариялық экспортер 100 мың АҚШ доллары валюталық түсім келді, бірақ оған 6 айдан кейін ақша керек болады. Егер АҚШ-тағы пайыз қойылымы Швейцариядан қарағанда жоғары болса, валюта бағамында ешқандай өзгеріс болмаса ол алған ақшасын америкалық банкке инвестициялайды, сосын 6 айдан кейін доллардан франкіге айырбастайды.

Егер Швейцариядағы пайыз қойылымы жоғары болса, экспортер тез арада алған соммасын франкке ауыстырып, швейцария активтеріне инвестициялайды

Әлемдік валюталық нарықтар функцияларына жатады:

  • Халықаралық есеп айырысу уақытында жүзеге асыру

  • Валюталық және кредиттік тәуекелдіктерден сақтау

  • Әлемдік қаржы нарықтарының барлық сегменттерінің өзара байланысы

  • Банктер, кәсіпорындар мен мемлекеттің валюталық қорларын әртараптандыру

  • Валюталық бағамдарды реттеу (нарықтық және мемлекеттік)

  • Олардың қатысушылары арқасында алып-сатарлық пайданы табу

  • Валюталық саясатты жүргізу

24. Валюта нарығының қатысушылары. Валюта нарығының түрлері мен құрылымы Валюта нарығы шет ел валютасымен (сатып алу, сату, айырбастау) және шетел валюталарындағы төлем құжаттарымен (чектер, вексельдер, телеграф және пошта аударылымдары, аккредитивтер) жасалатын операциялардың жүзеге асырылуына байланысты экономикалық қарым-қатынастардың айрықша саласы. Түрлі елдер банктерінің арасындағы корреспонденттік байланыстар арқылы құрылатын валюта рыноктары солардың көмегімен сыртқы саудаға, инвестицияларға, туризмге, басқа да қатынастарға байланысты халықаралық ақша есеп айырысуы жүргізілетін тұтқа болып табылады. Валюта нарығы, Валюта рыногі — 1) сұраным мен ұсыным негізінде қалыптасқан валюта курсына сай валюталарды сатып алу-сату шоғырланған ресми орталық; 2) шет ел валюталарын және шет ел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу-сату жөніндегі тұрақты экон. және ұйымдық қатынастар жүйесі. Бұған еуродепозиттер нарығы, еурокредиттер нарығы, еурооблигациялар нарығы енеді. Биржалық валюта нарығы, биржадан тыс (банкаралық) валюта нарығы түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік аса ірі валюта нарығы АҚШ та, Ұлыбританияда, Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурда орналасқан.

Валюталық нарықтың қатысушылары. Нарыктың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды.Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді. Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тараптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше болінеді. Бұл банктер 100 млн.АҚШ доларындағы (мәміленің стандартты сомасы-5 немесе10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.

Валюталық нарықтың негiзгi қатысушыларына: Орталық банк, сауда банктері, фирмалар, сыртқы сауда операцияларың орындайтын халықаралық инвестициялық серiктестiктер, зейнетақы және қорлар, сақтандыру компаниясының, валюталық биржалар, валюталық делдалдар, жеке тұлғалар жатады.

Валюталық нарықтың түрлері. Валюта нарығы келесідей белгілерге байланысты бөлінеді: 1) нарықты реттеу әдісіне байланысты: еркін бағам құру нарығы, валюталық шектеу және валюталық реттеу нарығы; 2)мерзімге қатысты келісім түріне байланысты:ағымдығы операциялар нарығы; жедел операциялар нарығы; 3)қызметіне байланысты: халықаралық сауда қызмет көрсетуі, қаржы трансферлері (спекуляция, хеджирлеу, инвестициялар); 4)валюта шектеулеріне байланысты еркін және еркін емес валюта нарығы. Валюта шектеулері бар валюта нарығы еркін емес нарық, валюталық шектеулер болмаса, еркін нарық болып табылады. 5)валюта бағамдарын қолдануға байланысты: бір резимді, бірнеше режимді. Бір режимді нарық – еркін валюта бағамдарының нарығы, яғни котировкасы биржалық саудада қойылатын қалқымалы валюта бағамы. Екі режимді валюта нарығы – бұл бекітілген және қалқымалы валюта бағамын қатар қолданумен жүретін нарық. 6) ұйымдастырушылық деңгейіне байланысты:Биржалық валюта нарығы –валюта биржасымен ұсынылған ұйымдастырылған нарық. Биржадан тыс валюта нарығы валюта биржасының мүшесі болып табылатын немесе мүшесі болып табылмайтын дилерлармен ұйымдастырылады және оны телефон, телефакс, компьютерлік желілер арқылы жүргізеді.

Валюталық нарықтың құрылымы. Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді. Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде Лондондағы, Нью – Йорктегі, Франкфурт на Майнидегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кенінен қолдынылатын валюталалық операциялармен операциялар жүзерге асырылады. Аймақтық және жіргілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валютарлармен операциярлар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар. Ұлтық валютталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың катарында компаниялар, және тұлғалар және банктер болуы мүкін) валюта бойынша қызмет корсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар бұл ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай – ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жаткызады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]