Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
497.87 Кб
Скачать

18. Валюта бағамдарының қалыптасу факторлары

Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірдігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді.

Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Валюта бағамы деп-әртүрлі мемлекеттің ақша өлшемдерінің арақатынасын, яғни басқа елдің ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасын айтамыз. Сонымен қатар валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие –қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Валюта бағамының қалыптасуы көп факторлы процесс. Валютаға деген сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар: -инфляция қарқыны; - пайыз мөлшерінің деңгейі; - бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі; - төлем баланысының жағдайы; Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Сонымен қатар валюта бағамына әртүрлі саяси, саудагерлік, психологиялық факторлар да әсер етеді.

Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді. Валюта бағамдарының динамикасы ақша сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансынын жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу, дүниежузілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты. Жалпы алғанда валюталық бағамның козғалысының бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар. Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэкономикалык статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм индексі. Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін талдауды сипаттайды. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады. Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

19.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары

 Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Валюта бағамы деп-әртүрлі мемлекеттің ақша өлшемдерінің арақатынасын, яғни басқа елдің ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасын айтамыз. Сонымен қатар валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие –қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Валюта бағамының қалыптасуы көп факторлы процесс. Валютаға деген сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар: - инфляция қарқыны; - пайыз мөлшерінің деңгейі; - бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі; - төлем баланысының жағдайы; Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Сонымен қатар валюта бағамына әртүрлі саяси, саудагерлік, психологиялық факторлар да әсер етеді. Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістердің әр түрін қолданады. Ол әдістер мыналар: -валюталық интервенция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алып- сатуы) -орталық банктің ашық нарықтағы операциялары  -орталық банктің пайыздық мөлшер деңгейін немесе міндетті резервтер нормасын өзгертуі

 Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын (қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығынды валюта бағасын белгілеудің 2 әдісі бар: тікелей және жанама.

Тікелей котировка деп – шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады.

Жанама котировка деп – ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының көрсетуін айтамыз.

Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 ж. бастап АҚШ қолдануда. Банк аралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау көп кездеседі, себебі, доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі ролі.

Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде кросс-курсті негізге алады.

Кросс-курс дегеніміз – ол екі валюта бағамының үшінші валютаға қатысты арақатынасы. Банктер сатушы және сатып алушы бағамын белгілейді.

Сатушы бағамы – ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы.

Сатып алушы бағамы дегеніміз – банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша стаып алушы бағамынан стаушы бағамы жэоғары болады. Олардың арасындағы айырмашылық банктің пайдасын құрайды. Сонымен қатар, ресми, банк аралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банк аралық влюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарығы қолданылатын негізгі бағамы – банк аралық баға. Банк аралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді. Биржалық котировка валютаны сатып алу- сату үшін биржаға түскен арыздарды салыстыру негізінде құрастырылды.  Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі экспортшыға тиімді, себебі, ол қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы, доллармен) түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Яғни, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы көбейтуге ұмтылады. Мұнда импортшылар ұтылады, себебі, валютаны келісім шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі. Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген іс-жүзіндегі қарыз төмендейді. Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валютаның бағамының өсуі негізінде, халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта – экономикалық және экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылығындағы орнына байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]