
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •7 .Sdr: енгізу мақсаты, ерекшеліктері, бағамын есептеу және қазіргі заманғы әлемдік жүйедегі рөлі
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттары мен мәселелері
- •9. Алтынның әлемдік нарығы және оның қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлі
- •XX ғ 30 жылдары Чикагода фьючерстік келісім шарт орталықтары әрекет ете бастады
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясы
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдері. Қазіргі жағдайдағы еурозона
- •13.Тепе-теңдік валюта бағамы. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруі
- •14. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясы
- •16.Валюта бағамдарының тәртібі. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамдары
- •Валюта бағамдарының есептік және аралас (гибридті) түрлері
- •18. Валюта бағамдарының қалыптасу факторлары
- •19.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •20. Мемлекеттің валюталық саясаты: мәні, түрлері мен құралдары
- •21.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формалары
- •22. Орталық банктің валюталық интервенциялары: түсінігі, мақсаттары мен іске асыру механизімі
- •23.Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешіліктері мен функциялары
- •25. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •26.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •28. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •29. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •30.Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •31.Халықаралық есеп айрысудың түсінігі мен ерекшеліктері
- •32. Халықаралық есеп айрысудың формалары және оларды таңдауға әсер етуші факторлар
- •33.Әлемдік қаржы нарығы: ерекшеліктері, функциялары мен құрылымы
- •34. Халықаралық несие: мәні, қағидалары, функциялары мен түрлері
- •35. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктері. Еуровалюта түсінігі
- •36. Еурооблигациялар, еуровекселдер және еуроноталар нарығы
- •Еуробанктер. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдері
- •38. Халықаралық валюта қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарының реттеудегі рөлі
- •39. Бүкіләлемдік банк тобы: құрылымы және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлі
- •40) Халықаралық есеп айырысу банкі: функциялары мен негізгі операциялары
16.Валюта бағамдарының тәртібі. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамдары
Валюта бағамы - екі валюта арасындағы арақатынас яғни белгілі бір валютаның басқа елдің ақша бірліктеріі арқылы көрсетілген өзгеше “баға”. Екі валюта арасындағы арақатынас заңды түрде орнатылады немесе нарықтағы сұраныс пен ұсыныыстың негізінде қалыптасады. Ұлттық валютаның бағамы елдің макроэкономикалық көрсеткіштермен тығыз байланысты. Сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастардың барлығына өте үлкен ықпалын тигізеді:
- валюта айырбастау операцияларына ;
- халықаралық саудаға;
- инвестицияның халықаралық қозғалысына және т.б.
Валюта бағамы елдің сыртқы тепе теңдігіне төлем балансының қалпына көп әсерін тигізеді. Валюталық жүйені функциялау үшін валюта бағамының тәртібі өте маңызды. Екі тәртіп бар.
1) Бекітіліген ( тар көлемде тербелуді болуы мүмкін );
2) Қалқымалы ( сұраныс пен ұсыныстың әсерінен қалыптасады).
МВФ жіктеуі бойынша 1982ж барлық мемлекеттердің валюталары бағамның еркін өзгеру сатысна байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- бекітілген валюта бағам; - валютанның шектелген икемді бағамы; - қалқымалы валюта бағам.
Қалқымалы валюта бағамы – валюта бағамы тек қана нарықтық күштің әсерінен қалыптасады.
Бекітілген валюта бағамы – белгіленген шекте ғана валюта бағамының қалқымалы болуы қажет. Егер де осы шектен асатындай жағдай болса онда Орталық банк интервенция жүргізеді және валюта нарығындағы тенденцияны өзгертуге тырысады.
Американдық экономисттер Роберт Манделл мен Маркус Джеймс Флеминг “Манделл Флеминг” деген модель құрасырған. Осы модельдің басты қорытындысы ол Кіші ашық экономикадағы (МОЭ) экономикалық саясат белгіленген айырбас бағамы бекітілген немесе қалқымалы болуына тікелей байланысты.
Манделл Флеминг моделі бойынша қалқымалы валюта бағамында бюджеттік салықтық саясат айырбас бағамның көлеміне әсер етеді, бірақ жиынтық шығарылымға (выпуск) әсер етпейді. Жиынтық шығарылымның көлемі сәйкес келетін ақша кредиттік саясаттың жүргізілуі арқыы реттеліп отырады. Ал бекітілген валюта бағамында манделл флеминг моделі бюджеттік салықтық саясат ең тиімді екенін көрсетті , себебі дискреционды ақша кредиттік саясат жүргізу мүмкін емес болады.Бекітілген Валюта бағамы Орталық банк белгіленген валютада ұлттық валютаны сатуға немесе сатып алуға мәжбүр болуды білдіреді. Мемлекеттің экономикасының тиімділігі немесе нәтижелі болуы тікелей валюта бағамының тәртібіне тәуелді.
Валюта бағамдарының есептік және аралас (гибридті) түрлері
Валюталық бағамның түрлері
Валютаны жеткізу мерзімі бойынша сыныпталуы:
а) спот-бағам – бағам туралы келіскеннен кейін екі күннен көп емес мерзім ішінде валюта айырбасы;
б) форвардтық бағам – бағам туралы келіскеннен кейін үш күннен көп мерзімдегі валюта айырбасы.
Икемділік деңгейі бойынша сыныпталу:
1. тиянақталған валюталық бағам – 2.25% уақытша ауытқуға мүмкіндік беретін ұлттық валюталар арасындағы ресми орнатылған арақатынас.
2. шектелген икемді – орнатылған ережелерге сәйкес 7.25% уақытша ауытқуға мүмкіндік беретін ұлттық валюталар арасындағы ресми орнатылған арақатынас.
3. құбылмалы валюта бағамы – бұл мемлекет белгілі бір жағдайларда валюталық интервенция жолымен әсер ете алатын сұраныс пен ұсыныс әсерінен еркін өзгеретін бағам
а) таза немесе еркін құбылу – бағам валюталық нарықта мемлекеттің араласуысыз валютаға деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасынан анықталады.
б) басқарылатын немесе лас құбылу – валюталық нарықпен емес, Орталық Банкпен орнатылған бағам, алайда бағам негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты өзгереді.
Валюталық интервенция – бұл нарықтағы шетелдік валютаның дефициті немесе тым көп болуы кезіндегі ашық валюталық нарықта мемлекеттің валютаны сатуы немесе сатып алуы.
Валюталық бағамның гибридтік түрлерінің сыныпталуы:
а) оңтайлы валюталық кеңістік – шектелген мемлекеттер саны арасындағы тиянақталған валюталық бағамды және басқа мемлекеттермен құбылмалы валюталық бағамды ұстау
б) мақсаттық аймақ - мемлекет ұмтылу қажет деп санаған валюталық бағам параметрлерін мемлекет үкіметі анықтайды, яғни, белгілі бір мезгілде экономиканың бір саласын көтеру үшін мемлекет экспортты тездету мақсатында ұлттық валютаның төмендетілген бағамын әдейі ұстап тұрады.
в) валюталық дәліз – мемлекет орнатуға және ұстап тұруға міндеттенетін валюталық бағамның тербелу шектері.
Есептеу тәсілі бойынша келесідей бөлінеді: Тепе-тең және іс жүзіндегі валюталық бағамдар.
Валютаның сатып алыну қабілеті әр түрлі ұлттық валюталардың стандартты сомасына сатып алуға болатын бірдей тауарлар мен қызметтердің санымен анықталынады. Мысалы, 100 долларға, еуроға немесе т.б. Алайда әр түрлі мемлекеттердегі сатып алыну қабілеті бойынша валюталардың арақатынасы тауарларға байланысты әр түрлі болып келеді. Сондықтан да әлемдік тәжірибеде қазіргі уақытта валюталық бағам сатып алуға жарамдылықтың тепе-теңдігі негізінде анықталады. Бұл тепе-теңдік әр түрлі мемлекеттердің нарықтарында ұлттық валютаға сатып алуға болатын игіліктердің санын салыстырудың нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда қоржынға бірыңғай тауар жиынтығын іріктеп алып, осы жиынтықты сатып алу үшін әр түрлі елдерде қажет ақша сомасын анықтайды.
Салыстырудың объективтілігіне екі мемлекеттің шартты тұтынушылық қоржынына жататын тек өте үлкен тауар және қызмет санын пайдалану кезінде ғана қол жеткізуге болады. Мысалы, егер де Ресейде осындай қоржын 2000 рубль тұрса, ал АҚШ-та 100 доллар тұрса, онда бір доллардың құны (валюталық бағамы) 20 рубльге тең болады, ал бір рубльдің құны 5 цент болмақ. Сондықтан да егер де Ресейде баға екі есеге өссе, ал Ресейде бұрынғыдай болып қалса, онда басқа айырбастың тең жағдайларында доллардың рубльге деген бағамы екі есеге өседі. Алайда валюталық курс іс жүзінде көптеген себептерге байланысты белгілі бір жаққа ауытқуы мүмкін. Мысалы, сол валютаға сұраныс жоғары болған сайын, басқа елдің ақшалық бірлігіне деген осы валютаның айырбас бағамы көбірек жоғарылайтын болады.
Бірақ ең күрделісі тұтынушылық қоржынның құрамын анықтаудың ортақ тәсілінің болмауы. Әр түрлі елдерде қоржынның құрамына енетін әр түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынудың құрылымы мүлдем ерекше болып келеді. Дегенмен, қоржындық тәсілден басқа валюталық бағамды анықтаудың тәсілі жоқ