
- •1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
- •2. Әлемдік валюта жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
- •3.Алтын стандарт валюта жүйесінің негізгі қағидалары мен ыдырау себептері
- •4. 1929-1933 Жж. Әлемдік экономикалық және валюталық дағдарыстар. Валюталық блоктар. Генуя валюта жүйесі
- •5. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қызмет етуiнің қағидаттары мен құлдырау себептері
- •6. Ямайка валюта жүйесінің негізгі шарттары. Алтынның демонетизациясы: себептері мен салдары
- •7 .Sdr: енгізу мақсаты, ерекшеліктері, бағамын есептеу және қазіргі заманғы әлемдік жүйедегі рөлі
- •8. Қазіргі заманғы әлемдік валюталық жүйесінің қызмет ету қағидаттары мен мәселелері
- •9. Алтынның әлемдік нарығы және оның қазіргі заманғы әлемдік валюта жүйесіндегі рөлі
- •XX ғ 30 жылдары Чикагода фьючерстік келісім шарт орталықтары әрекет ете бастады
- •10. Валюталық интеграция және валюталық одақтар: мәні мен түрлері
- •11. Р. Манделлдің оптималды валюталық аймақ теориясы
- •12. Еуропалық валюталық одақтың (ево) қалыптасуы мен даму кезеңдері. Қазіргі жағдайдағы еурозона
- •13.Тепе-теңдік валюта бағамы. Шетелдік валюта бағамы құнының қалқымалы және бекітілген валюта бағамы тәртібі жағдайында өзгеруі
- •14. Валюталардың сатып алу қабілеттілігінің тепе-теңдік теориясы
- •16.Валюта бағамдарының тәртібі. Бекітілген және қалқымалы валюта бағамдары
- •Валюта бағамдарының есептік және аралас (гибридті) түрлері
- •18. Валюта бағамдарының қалыптасу факторлары
- •19.Валюта котировкасы және оның әдістері. Сату бағамы, сатып алу бағамы. Кросс-бағамдары
- •20. Мемлекеттің валюталық саясаты: мәні, түрлері мен құралдары
- •21.Валюталық шектеулердің мақсаттары мен формалары
- •22. Орталық банктің валюталық интервенциялары: түсінігі, мақсаттары мен іске асыру механизімі
- •23.Қазіргі заманғы әлемдік валюталық нарықтың өзгешіліктері мен функциялары
- •25. Спот-келісімдері мен мерзімдік валюта келісімдері: ерекшеліктері мен түрлері
- •26.Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржада валютамен сауда жүргізудің ерекшеліктері
- •Форвардтік және фьючерстік валюталық операциялар: мәні және ерекшеліктері
- •28. Валюталық опциондар мен своптар: мәні, түрлері және ерекшеліктері
- •29. Валюталық тәуекелдердің мәні, пайда болу себептері және түрлері
- •30.Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
- •31.Халықаралық есеп айрысудың түсінігі мен ерекшеліктері
- •32. Халықаралық есеп айрысудың формалары және оларды таңдауға әсер етуші факторлар
- •33.Әлемдік қаржы нарығы: ерекшеліктері, функциялары мен құрылымы
- •34. Халықаралық несие: мәні, қағидалары, функциялары мен түрлері
- •35. Еуровалюта нарығының пайда болу себептері мен қызмет ету ерекшеліктері. Еуровалюта түсінігі
- •36. Еурооблигациялар, еуровекселдер және еуроноталар нарығы
- •Еуробанктер. Еуронесиелер мен оларды жүргізу механизмдері
- •38. Халықаралық валюта қорының (хвқ) халықаралық валюта-несие қатынастарының реттеудегі рөлі
- •39. Бүкіләлемдік банк тобы: құрылымы және әлемдік қаржы нарықтарындағы рөлі
- •40) Халықаралық есеп айырысу банкі: функциялары мен негізгі операциялары
1.Әлемдік, аймақтық және ұлттық валюта жүйелері: негізгі элементтері мен өзара қатынастары
Әлемдік валюта жүйесі – мемлекетаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Әлемдік валюта жүйесі ХІХғ орта тұсында қалыптасты.
Дүниежүзілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық валюталық жүйе - елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының-және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Әлемдік валюталық жүйе жаһанды шаруашылық мақсаты көздеседе, реттеу мен қызмет етудің ерекше механизмі бар болса да әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланысты. Бұл байланыс СЭҚ-ке қызмет көрсететін ұлттық банктер арқылы жүзеге асырылады және жетекші елдердің мемлекетаралық валюталық реттеулер мен валюталық саясатты үйлестіруінен көрінеді. Ұлттық және әлемдік валюта жүйелерінің байланысы олардың тепе-тең екенін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет ету мен реттеу шарттары, жекелеген елдерге және әлемдік экономикаға әсерлері әртүрлі. Олардың байланысы мен өзгешелігі олардың элементтерінен көрінеді.
Ұлттық валюталық жүйе элементтері: Ұлттық валюта, Ұлттық валютаның алмастырылу шарты, Ұлттық валюта паритеті, Ұлттық валюта бағамының режимі, Валюталық шектеудің және валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы, Елдің халыкаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу, Халыкаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу, Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу, Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі(тәртібі), Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдар.
Әлемдік валюталық жүйе элементтері: Резервтік валюталар мен халықаралық есептесуге арналған валюталық бірліктер, Валюталардың өзара айырбасталу шарты, Валюталық паритеттерінің ортақ режимі, Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы, Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу, Халыкаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралык реттеу, Халықаралық несиелік айналыс құралдарды пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы, Халыкаралық есеп айырысудың негізгі нысандарының біртұтастығы, Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі, Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын халыкаралық ұйымдар.
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Аймақтық валюта жүйесі –бір аймақтағы елдердің валюта саласындағы қатынастарының ұйымдық - экономикалық нысаны. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) — бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу — экономикалық нысанындағы қатынастарды білдіреді.