Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nurmashev_Nursultan_Mirovaya_ekonomika-21_3-kur...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.21 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Реферат

Тақырыбы:  Валюталық жүйенің негізгі элементтері және түрлері

Тексерген: э.ғ.к., доцент: Медуханова Л.А.

Орындаған: Нурмашев Нурсултан

Тобы: МЭ-21

Алматы, 2014 жыл

Жоспар

КІРІСПЕ………………………………………………………………………… 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ…………………………………………………………….….. 4

  1. Халықаралық валюталық жүйе және оның түрлері…………………... 4

  2. Ұлттық және Дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері………...5

  3. Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат………………….7

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…12

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….…13

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк нарықтың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзiнiң онды әсерiн тигiзедi.

Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.

Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .

  1. Халықаралық валюталық жүйе және оның түрлері

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген.Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішнде валюталык байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналысы үдерісінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыкка қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір белігі шетел валютасына айналады неме- се керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валю- талық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капитал ағымына арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді.

Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісімшарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.

Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

  • Ұлттық валюталық жүйе;

  • Дүниежүзілік валюталық жүйе;

  • Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе — халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс үдерісіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

Ұлттық валюталық жүйе — елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

Дүниежүзілік валюталық жүйе — бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтыды.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдылық кағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталык жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]