
- •Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
- •Өндірісті басқарудағы жүйелілік тәсіл
- •Ұйым түсінігі,түрлері және оның сипаттамасы
- •Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдер
- •Информациялық жүйелер
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •3.Мотивация ұғымы мен эволюциясы
- •Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер,олардың бірлігі мен әрекеттестігі
- •Формальді және формальді емес ұйымдар
- •Ұйым бірлестіктері
- •Менеджер және оның функциялары
- •Стратегиялық және тактикалық жоспарлау
- •Қазіргі замандағы мотивация теориялары
- •1. Басқару қызметіндегі нормалау мен регламентеу
- •2 .Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы
- •3.Мотивацияны активациялау мен сыйақыны қалыптастыру
- •Жүйенің жұмыс істеу шарттары
- •2. Басқарудағы әр түрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі
- •3.Ұйымдастыру құрылымының тиімділігінің параметрлері
- •Жағдайлық тәсіл,оның өкілдері және басқару теориясына қосқан үлесі
- •1. Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
- •Процестік тәсіл,оның сипаттамасы және өкілдері
- •3.Менеджменттің Қазақстанда саяси және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы мен дамуы
- •Еңбекті көлденең және тік бағытта бөлу
- •Ішкі айнымалылар: мақсаттар,құрылым,міндеттер,технология және адамдар
- •Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері
- •Фирмалардағы басқарудағы ерекшеліктер
- •2. Менеджмент жүйесінде өкілеттіліктерді делегирлеу және жауапкершілікті ұйымдастыру
- •3. Орталықтандырылған және орталықтандырмаған өкілеттілік
- •Өкілеттілікті делегирлеуді тиімді ұйымдастырудағы кедергілер
- •Информация туралы түсінік,қасиеттер,қойылатын талаптар
- •Инвестициялық жобалаудағы имитациялық модельдеу
2. Басқарудағы әр түрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі
«Классикалық» ( ғылыми менеджерлеу мектебі) кез келген ұйымды басқаруға жарайтын басқару принциптерін әзірлеуге ұмтылды. Бұл мектеп ең алдымен Ф.Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады (ХХ ғ.басында). Оның негізгі теориялық ережелері «Управление фабрикой» (1903 ж.); «Принципы научного управления» (1911 г.); «Покпзания перед специальной комиссией конгресса» (1912 г.) еңбектерінде баяндалған. Ол еңбек өнімділігін арттыру қожайынға да, жұмысшыға да мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың да санасын ояту, яғни олардың психикаларына төңкерңс жасау қажет. Ф.Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуге болады:
Тәжірибеде қалыптасқан ескі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
Ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;
Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы;
әкімшілік пен жұмысшыларға жауапкершілікті тең бөліп беру.
«Классикалық» мектепті зерттеудің негізін Анри-Файоль (1841-1925 ж.ж.) қалады. Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды құрмақ:
өндірістік,
коммерциялық,
қаржылық,
кредиттік,
есептік-бухгалтерлік,
әкімшілік.
А.Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша қолдануға жараайтын принциптерді әзірледі. Оған жататындар: еңбекті бөлу, билік, ( бедел әрі жауапкершілік), тәртіп, біртұтас басшылық, сыйақы, теңдік, бастама (инициатива), корпаративтік рух. Ол сонымен қатар маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық пен бұйрықтың (әміршілдіктің) біртұтастығы. Бұл арада Г.Эмерсонның «Двенадцать принципов производительности труда» еңбегінде кәсіпорынды басқарудың мына принциптерін қарастырып, қалыптастырды:
әрбір басшы мен оның әр түрлі деңгейдегі бағыныштылары қол жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар,
алдағы кезеңнің мақсаттарын қоса ескеретін әрбір жаңа процесті талдаудың мағнасы айқын тәсілімдемесі;
білікті кеңес –арнайы білімдердің қажеттілігі.Шынайы білікті кеңес тек алқалалық қана бола алады;
тәртіп;
қызметкерге дұрыс қарым-қатынас жасау;
жылдам, сенімді, дәл және тұрақты есебі;
диспетчерлеу –оперативтік басқару;
нормалапр және кесте;
жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды нормалау;
жұмысты орындаудың барлық ережелдерін дәл бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік үшін сыйақы.
3.Ұйымдастыру құрылымының тиімділігінің параметрлері
Басқарудың ұйымдық құрылымын ғылыми негізде құру барлық уақытта экономиканы басқаратын жүйненің көкейтесті міндеті болып келеді. Жүйелі тәсілдеме сандардың нормативтерін және басқарудың міндеттің істерін ғылыми негізде анықтау шартын тудырады. Ол ұйымдық-басқарудың құрылымын қалыптастырушы жалпы процестің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жүйелі тәсілдеме ұйымдастыру ісін жобалаудың әлдеқайда жалпы принциптеріне бағдарланған. Жүйелі тәсілдеме ең алдымен ұйым мақсаттарының жүйелерін бірінші кезекте анықтауды ұйғарады. Өйткені олар басқару аппаратының міндетті істерінің мазмұнын әрі міндеттерінің құрылымын тудырады. Бұл кезеңнің маңызы өте зор. Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыратын әр түрлі әдістер біртұтас жүйеде қарастырылуы керек. Бұрындары басқару іс-тәжірибесінде ұйымдық құрылымды қалыптастыратын негізгі төрт әдіс болатын.
Мақсаттарды құрылымдау;
Сараптық-талдамалық;
Ұйымдық үлшілеу (организационного моделирования);
ұқсастықтар (аналогий).
Бұлардың әрбіреуі ұйымдық жобалау міндетін шешуде әр түрлі мәнге ие бола алады. Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы барлық процесті үш ірі сатыға бөлуге болады.
Басқару аппаратының жалпы құрылымдық схемаларын қалыптастыру («композиция» сатысы).
Негізгі бөлімшелердің құрамы мен олардың арасындағы байланысты әзірлеу («құрылымдау» сатысы).
Басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық сипатын әзірлеу («регламенттеу», реттемелеу сатысы).
8-билет