Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆
  1. Ұйым түсінігі,түрлері және оның сипаттамасы

Менеджмент әлемінің негізін ұйым құрайды. Ол менеджменттің негізгі құрауыш себепшісі болып табылады.

Топтар ұйым болып саналуы үшін міндетті талаптарға сай болуы тиіс: 1. Өзін осы ұйым мүшесі санайтын екі адам болуы керек. 2 .Осы топтың мүшелері бірігіп қабылдайтын мақсаттары болуы керек. 3. Ұйым мүшелерінің бәріне ортақ мақсатқа жетуде бірігіп еңбек етуі. Осы талаптардың біріктірілуі, негізгі анықтаманы береді. Ұйым –деп, алға қойған мақсаттарға жету үшін адамдар тобының бірлесіп еңбек етуі. Ұйымның өмір сүруінің кезеңдері: 1. ұйымның пайда болуы- мақсаттары пайда болады 2. балалық шағы – қысқа мерзімді пайда болуы 3. есею- ұйымның имиджі қалыптасып, бір талапты, тұрақты өнімге бейімдейді. 4. қартаю – қолы жеткен нәтижелерді сақтап қалуға тырысады. 5. қайтадан жаңаруы. Кез келген ұйының құрылуы негізгі үш кезеңнен тұрады: 1. орындалатын жұмыстың мәнін анықтау

2. менеджмент элементтері бойынша жұмысты үлестіру 3. менджмент элементтерінің жіктелуі негізінде басқарудың логикалық топтарының негізінің құрылуы. Әр түрлі ұйымдар алға қойылған белгілі мақсаттарға жету үшін қызмет етеді. Нарықтық экономикада әр саладағы ұйымар қызметі бір- бірімен тығыз байланысты. Ұйымның негізгі мінездемесі оның сыртқы ортамен өзара қатынасы. Бірде бір ұйым «жеке арал» бола алмайды.Ұйым ресурстық қатынастарда да, тұтынушылық қатынастарда да қоршаған әлем сыртқы ортаға толықтай бағынышты, өйткені барлық ұйымдар қоғамға қызмет етеді.

2-билет 1.Басқару әдістерінің жиынтығы

Басқару әдісінің жиынтығы келесіден құралады: Жалпылама әдіс- деалектикалық әдіс басқару қатынастары тек қана деалектика тұрғысынан зерттеуге деалектикалық көз қарас, талдау, индукция, гипотеза, экспромент бақылау мен салыстыру ж/е сол сияқты әдістер іске асырылады. І-ші басқару апаратының қызметтері тікелей қажеттерін, мүдделері, мативтерін ескеру қажет. ІІ-ші атқарушыларға ықпал етудің қандай ретпен арақатынаста болатынын анықтай білу керек. Әдістердің жиынтығында нақты тарихы өндіріс негіздері көзқараспен айтарлықтай орын алады. Кешенді көзқарас өндірістік басқарудың ұйымдық техникалық және экономикалық жақтарын тығыз қарастыру.

  1. Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдер

Басқару  жүйесі  аса  күрделі,  әрі  жауаптылықты  қажет етеді.  Сондықтанда  бұл  мәселені  талдауда  ең  алдымен  оның  зерттеу  тәсілдеріне  ерекше  мәе  беріледі.  Отандық  және  шетел  баспаларында  көптеген  ғалымдардың  пікірі  бойынша  негізінен  басқару  жүйесінде  үш  тәсіл  қолданылады:  процестік,  жүйелі  және  ситуациялық  тәсілдер. Процестік  тәсіл:  Бұл  концепция  басқару  жүйесіндегі  елеулі  өзгеріс,  жаңалық,  бүгінде  іс  жүзінде  кең  қолданып  жүр.  Мұнда  басқару  процесс  ретінде  қаралады.  Басқару  үшін  үздіксіз  өзара  байланысты  болатын  санқилы  әрекет  қажет  болады.  Бұл  іс-әрекеттің  әрқайсысы   ұйым  табысы  үшін  аса  қажет.  Мұның  бәрі  басқару  функциясы  деп  аталады. Бұл  концепцияның  алғашқы  негізін  қалаған  Анри  Файоль  бес  функцияны  айрықша  бөледі.  Оның  айтуынша  басқару  дегеніміз – жоспарлау,  ұйымдастыру,  билік  жүргізу,  координациялау  және  бақылау  жасау.  Ал,  қазіргі  заманғы  баспада  жарияланған  туындыларды  қорытып  жинақтасақ,  басқарудың   мына  функцияларын  атауға  болады:  жоспарлау,  ұйымдастыру,  үкім  жүргізу,  мотивация(дәлелдеу),  басшылық  жасау,  координациялау,  бақылау,  коммуникация,  зерттеу,  бағалау,  шешім  қабылдау,  кадр  іріктеу,  өкілдік,  келіссөз  жүргізу  не  келісім  жасау.