- •Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
- •Өндірісті басқарудағы жүйелілік тәсіл
- •Ұйым түсінігі,түрлері және оның сипаттамасы
- •Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдер
- •Информациялық жүйелер
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •3.Мотивация ұғымы мен эволюциясы
- •Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер,олардың бірлігі мен әрекеттестігі
- •Формальді және формальді емес ұйымдар
- •Ұйым бірлестіктері
- •Менеджер және оның функциялары
- •Стратегиялық және тактикалық жоспарлау
- •Қазіргі замандағы мотивация теориялары
- •1. Басқару қызметіндегі нормалау мен регламентеу
- •2 .Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы
- •3.Мотивацияны активациялау мен сыйақыны қалыптастыру
- •Жүйенің жұмыс істеу шарттары
- •2. Басқарудағы әр түрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі
- •3.Ұйымдастыру құрылымының тиімділігінің параметрлері
- •Жағдайлық тәсіл,оның өкілдері және басқару теориясына қосқан үлесі
- •1. Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
- •Процестік тәсіл,оның сипаттамасы және өкілдері
- •3.Менеджменттің Қазақстанда саяси және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы мен дамуы
- •Еңбекті көлденең және тік бағытта бөлу
- •Ішкі айнымалылар: мақсаттар,құрылым,міндеттер,технология және адамдар
- •Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері
- •Фирмалардағы басқарудағы ерекшеліктер
- •2. Менеджмент жүйесінде өкілеттіліктерді делегирлеу және жауапкершілікті ұйымдастыру
- •3. Орталықтандырылған және орталықтандырмаған өкілеттілік
- •Өкілеттілікті делегирлеуді тиімді ұйымдастырудағы кедергілер
- •Информация туралы түсінік,қасиеттер,қойылатын талаптар
- •Инвестициялық жобалаудағы имитациялық модельдеу
Фирмалардағы басқарудағы ерекшеліктер
Басқару тетігінде фирмалардың, бірлестіктер мен салалардың өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелеріне және олардың басқару органдарының басқарушылық тиісті (міндетті) істерді қалай орындағанына экономикалық тұрғыдан жауап берудің, яғни экономикалық жауапкершілік әдістері маңызды орын алады. Шаруашылық тетіктің экономикалық тұтқасы фирманың әлеуметтік-экономикалық табиғатымен сәйкеседі әрі нарық негізінде айырбастаудың және өндірісті дамытудың бір факторы болып табылады. Мұнда шаруашылық жүргізудің маңызды элементі ретінде коммерциялық есептің мазмұнын зерделудің айрықша мәні бар. Ол басқарудың міндетті ісінде, экономикалық тұтқалар мен құралдарды да синтездейді. Ол өндірістің пайдасын – нәтижелерін, шығынын өлшеуге бағытталған. Фирманың іс-әрекет жасауының экономикалық тетігі коммерциялық есеп әдісін пайдалануды ұйғарады. Бұл ұйғарымның себептері мынадай:
- өндіру мен өткізудің пайдалы болуын қамтамасыз ету;
- инвестицияларды бөлу және өндірісті орналастыру;
- қаржыландыру және кредит беру;
- технологияларды дамыту және т.б.
Орталықтандырылған тәртіптегі коммерциялық есеп аясында, сондай-ақ, мынадай экономикалық тұтқалар мен құралдар пайдаланылады:
- баға белгілеу саласындағы ғаламдық (глобальная) саясат;
- өндіріс шығындары;
- қаржыландыру және кредит беру.
Бұл саясат тұрақты пайда алып отыруды көздейді. Ол коммерциялық есептің түпкі мақсаты болып табылады.Коммерциялық есептің ерекшеліктері, яғни ерекше жақтары (орталықтандыруды күшейту және өндірістік бөлімдерге дербестік беру) ең алдымен жоспарлау, бақылау функцияларын дамытумен әрі коммерциялық есепті осы функцияларды істерді жүзеге асырудың әдісіне айналдырумен байланысты.
Коммерциялық есеп аясында ішкі фирмалық есеп деп атауға болатына фирма ішіндегі қарым-қатынастардың формасы пайда болып, дамиды. Бұл форма корпорация ішіндегі жабдықтаумен байланысты фирманың жекелеген бөлімшелерінің өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ осы негізде қалыптасатын шаруашылық қатынасты бейнелейді. Ішкі фирмалық есеп шаруашылық жүргізудің жаңа әдісі ретінде басқарудың орталықсыздандырылған құрылымына ие кәсіпорындарға тән. Коммерциялық ішкі фирмалық есеп әдістері шаруашылық есептің біртұтас жүйесін білдіреді. Бұл олардың мақсаты мен міндеттерінің ортақ болуымен түсіндіріледі. Яғни, бүкіл фирма мен оның бөлімшелерінің алдына қойылған мақсат пен міндеттер коммерциялық және ішкі фирмалық есеп әдістерін шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне айналдырады. Ішкі фирмалық есеп көп жағынан коммерциялық есептің элементтерін қамтиды, өйткені ол коммерциялық есептің мақсаттарын жүзеге асыруға бағдарланған. Ішкі фирмалықө есептің басты айырмашылығы: ол бір ғана компанияның меншік аясында жүзеге асырылады, ал коммерциялық есеп – бұл есепті жүргізуге мүмкіндік беретін әрі әр түрлі меншік иелерінің арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін шаруашылық етудің әдісі болып табылады.
2. Менеджмент жүйесінде өкілеттіліктерді делегирлеу және жауапкершілікті ұйымдастыру
Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді. Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтредің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ. Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның құраушы элементтерінің жай жиынтық мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең. Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлінуге болады: ― Техникалық; ― Биологиялық; ― Әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік экономикалық. Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтар бар. Менеджмент үшін әлементтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әр келкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән. Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экоонмикалық жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика) қатысты. Бұлай болатын себебі, адам оның ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушы, жүйелердегі байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді әрі дамытады. Әлеуметтік-экоонмикалық жүйенің басты рекшелігі - оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады. Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе тармақтары мен қосалқы жүйе ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элементтердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады. Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың жүйе тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де, абсолюттік сипатта да бола берді. Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді. Бұл жағдай экоонмикалық жүйеге де қатысты:
Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкіндік болады, яғни кері байланыс орнайды.
Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне өту барысында да өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.
Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай параметрдің бар болуы.
Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілті, яғни осы ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие болуы керек.
Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.
