
- •Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
- •Өндірісті басқарудағы жүйелілік тәсіл
- •Ұйым түсінігі,түрлері және оның сипаттамасы
- •Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдер
- •Информациялық жүйелер
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •3.Мотивация ұғымы мен эволюциясы
- •Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер,олардың бірлігі мен әрекеттестігі
- •Формальді және формальді емес ұйымдар
- •Ұйым бірлестіктері
- •Менеджер және оның функциялары
- •Стратегиялық және тактикалық жоспарлау
- •Қазіргі замандағы мотивация теориялары
- •1. Басқару қызметіндегі нормалау мен регламентеу
- •2 .Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы
- •3.Мотивацияны активациялау мен сыйақыны қалыптастыру
- •Жүйенің жұмыс істеу шарттары
- •2. Басқарудағы әр түрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі
- •3.Ұйымдастыру құрылымының тиімділігінің параметрлері
- •Жағдайлық тәсіл,оның өкілдері және басқару теориясына қосқан үлесі
- •1. Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
- •Процестік тәсіл,оның сипаттамасы және өкілдері
- •3.Менеджменттің Қазақстанда саяси және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы мен дамуы
- •Еңбекті көлденең және тік бағытта бөлу
- •Ішкі айнымалылар: мақсаттар,құрылым,міндеттер,технология және адамдар
- •Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері
- •Фирмалардағы басқарудағы ерекшеліктер
- •2. Менеджмент жүйесінде өкілеттіліктерді делегирлеу және жауапкершілікті ұйымдастыру
- •3. Орталықтандырылған және орталықтандырмаған өкілеттілік
- •Өкілеттілікті делегирлеуді тиімді ұйымдастырудағы кедергілер
- •Информация туралы түсінік,қасиеттер,қойылатын талаптар
- •Инвестициялық жобалаудағы имитациялық модельдеу
Еңбекті көлденең және тік бағытта бөлу
Көлденең еңбек бөлінісі құрылымдық бөлімшелердің және мамандандырылған әр түрлі басқару қызмметінің құрылуына тікелей байланысты, әрі басқару процесіне қатысатын қызметшілерді қызметтік тағайындалуына қарай, олардың қызметін анықтап айыруды көздейді. Тік еңбек бөлініс міндет бөлінісуді және қызметшілер арасындағы жауапкершілікті атқаратын қызметіне, тапсырылатын жұмыстың күрделілігіне, мамандығына қарай анықтап айыруды көздейді. Операциялар бойынша еңбек бөлінісінде жұмыскерлерге жекелеген, бір-біріне байланысты емес біртектес операциялар жүктейді.
Ішкі айнымалылар: мақсаттар,құрылым,міндеттер,технология және адамдар
Ішкі өзгермелілер - бұл ұйымның ішіндегі жағдайлық факторлар. Ұйымның өзінде басшылықтың көңілін талап ететін негізгі өзгермелілер болып - мақсат, құрылым, міндет, технология және адамдар табылады. Мақсат - бірге жұмыс істейтін топтар жетуге талпынатын нақты соңғы жағдайды немесе күтілетін нәтижені айтады. Ұйымның құрылымы - бұл ұйымның мақсатына неғұрлым тиімді жетуге жағдай жасауға, арналған басқару деңгейлері мен функционалды облыстардың өзара қарым-қатынасы. Міндет - бұл алдын-ала келісілген мерзімде, алдын-ала белгіленген тәсілмен орындалуға тиіс, жазылған жұмыс, жұмыстар сериясы немесе жұмыс бөлігі. Ұйым мідеттері үш категориядан тұрады. Бұл адамдармен, заттармен, ақпараттармен жұмыс. Мысалы: Зерттеуші әртүрлі және күрделі міндеттерді орындайды және олар бір күн, апта немесе жыл бойында мүлдем қайталанбауы мүмкін. Міндеттердің кейбіреуін орындау үшін, зерттеушіге бірнеше сағат немесе күн қажет етіледі. Жалпы алғанда, басқарушылық жұмыс монотонды, қайталанбалы сипатта болып, және әрбір жұмыс түрінің орындалу уақыты басқару жұмысының төменгі деңгейден жоғарғыға өту кезінде жоғарылайды. Технология - төртінші маңызды ішкі өзгермелі - ол өте үлкен мағынаға ие. Технология бұл кәсіби дағдылар, құрал-жабдықтар, құралдардың сәйкестігі және заттарда, ақпараттарда немесе адамдардағы күтілетін қажеттілікті жүзеге асыру үшін қажетті техникалық білімнің сәйкестігі.Міндет пен технология өзара тығыз байланысты. Міндетті орындау заттарды қолдану құралы ретінде нақты технолгия пайдалануды көрсетеді. Вудворд бойынша технология классификациясы:
Бір ғана, ұсақ сериалы немесе жеке өндіріс
Жалпы немесе ірі сериалы өндіріс
Үздіксіз өндіріс.
Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы барлық процесті үш ірі сатыға бөлуге болады.
Басқару аппаратының жалпы құрылымдық схемаларын қалыптастыру («композиция» сатысы).
Негізгі бөлімшелердің құрамы мен олардың арасындағы байланысты әзірлеу («құрылымдау» сатысы).
Басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық сипатын әзірлеу («регламенттеу», реттемелеу сатысы).
Осы сатылардың әрқайсысының мазмұны басқару объектісінің ерекшіліктері мен оның жұмыс істеу шарттарына байланысты болды. «Композиция» сатысының бастапқы сәтіне басқарудың ұйымдық құрылымының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру жатады. Мақсаттық тәсілдеменің ұйғаруы бойынша, әрбір мақсаттың жетістікке жетуін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ететін бөлімшесі (функциялық блок, басқару, бөлім, мақсатты бағдарлама) көрсетіліп беріледі. Ұйымдық құрылымның бұл сатысында басқару жүйесіндегі деңгейлердің қанша екені анықталады әрі шешім қабылдауды орталықтандыру және орталықсыздандыру, міне, осы екеуінің негізгі арақатынасы анықталады. Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалаудың екінші сатысының («құрылымдау») негізгі ерекшелігі – басқару аппараты бөлімшелердің ұйымдық шешімдерін әзірлеуді әр ұйым ішінде байланыстарды орнатуды көздейтін басқару аппаратындағы негізгі бөлімшелердің құрамын анықтайды. Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы құрылымдағы жекеленген блоктардың (желілік-функциялық бағдарламалы-мақсатты) нақты сипатын анықтайды әрі дербес бөлімшелердің оңтайды құрамын да анықтайды. Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы құрылымдағы жекелеген блоктардың (желілек-функциялық, бағдарламалы-мақсатты) нақты сипатын әрі дербес бөлімшелердің оңтайлы құрамын да анықтайды. «Құрылымдау» сатысын жүзеге асырудың нәтижесінде басқару аппараты қосалқы жүйелерінің ұйымдық схемалары әзірленуі керек. Үшінші саты – ұйымдық құрылымды «реттемелеу» - басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық сипаттамасын әзірлеуді қарастырады. Мұнда екі негізгі реттемелеуші құжат бекітіледі –бөлімшелердің штаттық кестесі (оның саны осыдан шығады) және базалық бөлімшелердің ішкі құрылымының схемалары. Олар кәсіпорындарда, өндірістік бірлестіктерде тікелей әзірленеді.
10-билет