
- •Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
- •Өндірісті басқарудағы жүйелілік тәсіл
- •Ұйым түсінігі,түрлері және оның сипаттамасы
- •Басқару ғылымының дамуына маңызды үлес қосқан негізгі тәсілдер
- •Информациялық жүйелер
- •Менеджмент туралы түсінік
- •Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •3.Мотивация ұғымы мен эволюциясы
- •Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер,олардың бірлігі мен әрекеттестігі
- •Формальді және формальді емес ұйымдар
- •Ұйым бірлестіктері
- •Менеджер және оның функциялары
- •Стратегиялық және тактикалық жоспарлау
- •Қазіргі замандағы мотивация теориялары
- •1. Басқару қызметіндегі нормалау мен регламентеу
- •2 .Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы
- •3.Мотивацияны активациялау мен сыйақыны қалыптастыру
- •Жүйенің жұмыс істеу шарттары
- •2. Басқарудағы әр түрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі
- •3.Ұйымдастыру құрылымының тиімділігінің параметрлері
- •Жағдайлық тәсіл,оның өкілдері және басқару теориясына қосқан үлесі
- •1. Автократиялық басқарушы, мұнда екі теория бар:
- •Процестік тәсіл,оның сипаттамасы және өкілдері
- •3.Менеджменттің Қазақстанда саяси және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы мен дамуы
- •Еңбекті көлденең және тік бағытта бөлу
- •Ішкі айнымалылар: мақсаттар,құрылым,міндеттер,технология және адамдар
- •Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері
- •Фирмалардағы басқарудағы ерекшеліктер
- •2. Менеджмент жүйесінде өкілеттіліктерді делегирлеу және жауапкершілікті ұйымдастыру
- •3. Орталықтандырылған және орталықтандырмаған өкілеттілік
- •Өкілеттілікті делегирлеуді тиімді ұйымдастырудағы кедергілер
- •Информация туралы түсінік,қасиеттер,қойылатын талаптар
- •Инвестициялық жобалаудағы имитациялық модельдеу
1-билет
Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері
ҚР нарықтық экономикаға өту кезінде басты міндеті өндңрңспен бизнесті жаңа талаптарға сай іскерлікпен басқару. Кәсіпкерлікке деген қызығушылықты одан әрі дамыту мақсатқа жетудің басты құралы менеджмент б.т. Басқару адамдардың кәсіптік қызметі. Басқару – ұйымдағы адамдарға, жекелеген адамдарға олардың бірлескен жұмыс процесінде мақсатқа жүйелі ықпал ету. Басқару процесі көптеген жүйелер мен салаларда жүзеге асады. Бұл жүйе: саяси, экономикалық, рухани әлеуметтік , басқару б.б. Әлеуметтік басқару 3 бөлінеді 1) Экономикалық 2) Әлеуметтік 3) Қоғам өмірінің рухани өмірін басқару Әлеуметтік-экономикалық процес өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан экономиканы басқару үздіксіз сипат алады. Бұл жүйелердің факторлары: еңбек бөлінісі, мамандандырылғын корпарация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналығы. Басқару әдісінің жиынтығы келесіден құралады: Жалпылама әдіс- деалектикалық әдіс басқару қатынастары тек қана деалектика тұрғысынан зерттеуге деалектикалық көз қарас, талдау, индукция, гипотеза, экспромент бақылау мен салыстыру ж/е сол сияқты әдістер іске асырылады. І-ші басқару апаратының қызметтері тікелей қажеттерін, мүдделері, мативтерін ескеру қажет. ІІ-ші атқарушыларға ықпал етудің қандай ретпен арақатынаста болатынын анықтай білу керек.
Өндірісті басқарудағы жүйелілік тәсіл
Кез келген ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымды зерттеудің және оны басқарудың неғұрлым жалпы тәсілін жүйелік талдау және жүйелік басқару әдістері береді. Жүйелік тәсіл инновациялық кәсіпорындардың, олардың жұмыс істеп жатқан ортасының жағдайы туралы ақпаратты талдауда, инновациялық кәсіпорындарды қызметінің моделін құруда, модельдеуде және модельдеу нәтижелерінің негізінде басқарушылық шешімдер әзірлеуде, сондай-ақ инновациялық кәсіпорындарының қабылданған шешімдер негізінде жұмыс істеуі кезінде қолданылады . Жүйелік тәсілдің мәнісі мынада: инновациялық кәсіпорындардың белгілі бір құрылымы бар және фирма турасында сыртқы орта болып табылатын макроэкономикалық кеңістіктің элементі ретінде қаралады. Сондай-ақ инновациялық кәсіпорындардың өзінің ішкі құрылымы күрделі. Бұл құрылымның элементтері инновациялық кәсіпорындардың ішкі ортасын түзеді. инновациялық кәсіпорындар мен сыртқы орта бір-бірімен ақпараттық, материалдық, ақша және басқа ағымдармен алмаса отырып, үнемі өзара белсенді іс-әрекетте болады. Инновациялық кәсіпорындарды басқаруда мақсатты ұйғару жүйесі. Инновациялық кәсіпорындардың мақсаттарын, әдетте, үш деңгейге бөлуге болады: стратегиялық, тактикалық және оперативті мақсаттар. Инновациялық кәсіпорындардың басқарушылық қызметі де алға қойылған мақсаттарға сәйкес құрылады. Басқарушылық шешімдерді әзірлеуде көпварианттылықты пайдалану. Мұндай модельдеу мен қойылымның нәтижесі болып мүмкін болатын шешімдердің варианттары «ағашы» табылады, яғни мүмкін болатын шешімнің иерархиясының деңгейі неғұрлым төмен болған сайын және жүйелі шешімдер тізбегінде неғұрлым көп уақыт ұйғарылған сайын, соғұрлым шешімдер ағашында шешімдердің көп варианты беріледі. Варианттылықтың өсу процесі шешімдер ағашында берілетін болады. Мүмкін болатын шешімдердің варианттылығы мен баламалылығының өсу процесі жаратылысынан кездейсоқ сипатқа ие немесе белгісіз болып табылатын, немесе біз басқарушылық шешімдерді әзірлеуді модельдеу процесінде осындай деп қабылдайтын, инновациялық кәсіпорындардың қызмет процесіндегі сыртқы және ішкі орта факторларының ықпалымен байланысты болады. Маркетинг жүйелік тәсілді іске асыру ретінде. Инновациялық кәсіпорындарын басқарудың кейбір, қиын құрастырылатын қағидаларын қарастырайық. Бұл қағидаларды пайдалану туралы шешім қабылдау және оларды тікелей пайдалану басқарудың иерархиялық жүйесіндегі жоғарғы деңгейдің басқарушылық әсерлері болып есептеледі.