
- •2. Жұлдыздық шамалардың түрлерін келтіріңіз мен түс көрсеткіштерін жазыңыз.
- •3. Жарықтылық пен жұлдыздар радиусын анықтаңыз.
- •4. Спектрлік классификация мен сәулелік жылдамдықтарды түсіндіріңіз.
- •5. Герцшрпунг-Ресселдиаграммасын түсіндіріңіз. Диаграмманы сызып көрсетіңіз.
- •6. Пульсацияланатын айнымалыларды анықтап түсіндіріңіз.
- •7. Мира типті айнымалыларға түсініктеме беріңіз.
- •8. Цефеидтерді түсіндіріңіз.
- •9.Rr Лира типтіайнымалылардыанықтаңыз.
- •10. Галактика құрылымын анықтаңыз. Галактиканың морфологиялық типтерін келтіріңіз.
- •11. Кіші және үлкен Магеллан бұлты, Кіші және үлкен Магеллан бұлтындағы айнымалы жұлдыздарды келтіріп түсіндіріңіз.
- •13.Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
- •14. Жұлдыздар эволюциясын анықтаңыз
- •16. Классикалық цефеидтер. Ажжк бойынша: dcep, dceps, cep(b)
- •18. Алголь типті айнымалы жүлдыздарды зерттеу неге алып келеді?
- •19. 20. Тұтылмалы айнымамлы жұлдыздарды түсіндіріп жазыңыз.
- •21. Айнымалы жұлдыз, жұлдыздық шама, жұлдыздың массасы, жұлдыздар спектрі туралы түсіндіріп жазыңыз.
- •22. Қысқаша тарихи очерк. Айнымалы жұлдыздар каталогының тарихын түсіндіріңіз.
- •23.Герцшпрунг-Рассел диаграммасындағы әртүрлі типтегі пулсацияланатын жұлдыздардың орналасуын түсіндіріңіз.
- •24. Галактика құрылымы, өлшемі (диск диаметрі,қалыңдығы), Галактика дискі жұлдыздары, гало жұлдыздары туралы жазыңыз.
- •25. Үлкен және кіші Магеллан бұлты, және бұлттағы айнымалы жұлдыздардың орналасуын түсіндіріп жазыңыз
- •26. Тығыз екі жұлдыздың эволюциясын түсіндіріңіз.
- •27. Айнымалы жұлдыздардың жалпы каталогындағы тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың типтерін келтіріңіз.
- •29. Эруптивті жұлдыздарды сипаттап түсіндіріңіз.
- •30. Аса жаңа жұлдыздарды сипаттап түсіндіріңіз.
- •31. Аса жаңа жұлдыздың жарқылын бағалаңыз.
- •32. Абсолютті жарқырауды түсіндіріңіз. Жұлдыздық шама мен арақашықтықты біле отырып абсолютті жұлдыздық шаманы қалай анықтауға болады?
- •33. Dq Геркулес жұлдызын сипаттап түсіндіріңіз. Сипаттама беріңіз, жарқырау қисығын келтіріңіз.
- •34. Торпақ шоқжұлдызындағы жұлдыздар
- •35.U егіздер мен оған ұқсас жұлдыздар
- •37. Z Андромеда типіндегі жұлдыздар.
- •38. Тығыз тұтылмалы екілі жүйенің эволюциясы
- •39.Пульсацияланатын айнымалылар
- •41.Айнымалы жұлдыздардың жарқырау қисығын сипаттап жазыңыз.
- •42.Жарқырау қисығының өзгерісінен бес элементті анықтаңыз?
- •43.Тұтылмалы айнымалы жұлдыздың дербес тұтылуымен толық фазасын түсіндіріңіз.Сурет сызып келтіріңіз?
- •44.Герцшпрунг-Рассель диаграммасындағы айнымалы жұлдыздардың орналасуы
- •46. Айнымалы жұлдыздарды белгілеу,ажжк IV-ші басылымдағы айнымалы жұлдыздар сипаттамаларын жазыңыз?
- •48. Жұлдыздық шама m мен e байланысы.Визуальды жұлдыздық шама, түс көрсеткіші, түс температурасын түсіндіріңіз?
- •49.Жарқырау қисығы мен жұлдыз радиусы.Ерте спектральдық жұлдыз сызықтары мен кеш спектральдық жұлдыз кластарын жазыңыз?
6. Пульсацияланатын айнымалыларды анықтап түсіндіріңіз.
Айнымалы жұлдыздардың жарықтылығы (яркости) өзгерісімен қатар спектралдық сызықтарының толқын ұзындықтары да өзгереді. Жұлдыздың ішкі қабаттарының пулсациясына байланысты, бұл өзгерістер Допплер эффектісіне негізделеді. Бақыланатын газ қозғалысының жылдамдығы 40-200 км/сек аумағында. Жұлдыз диаметрі пульсация барысында екі есе өседі, бірақ көбіне өлшемдерінің өзгерісі өте аз. Жарық тербелісінің ең негізгі себебі беттік температураның периодты түрде өзгерісі. Жұлдыздың жарқырауы оның эффективті температурасына сезімтал тәуелді L ~ T4e. Сондықтан эффективті температураның аз өзгерісі жарықтылықтың үлкен өзгерісіне алып келеді. Пульсация периоды жұлдыздың өзіндік жиілігіне сай келеді. Камертон тербелістері ұқсас, жұлдыздың негізгі тербеліс жиілігі бар. Негізгі тербеліске қосымша “обертондар” басқа жиіліктер де болуы мүмкін. Бақыланатын жарықтылық (яркости) өзгерісі барлық тербелістердің суперпозициясы ретінде түсіндіріледі. 1920 ж. Ағылшын астрофизигі сэр Артур Эддингтон пульсация периоды түбір астындағы орташа тығыздыққа кері пропорционал екенін көрсетті. P Q- жұлдыз құрылымына тәуелді, пулсациялық тұрақты. Периодтарымен ажыратылмайтын, бір типтегі айнымалы жұлдыздар үшін бұл шама тұрақты
P ~ p 1/2.. Қалыпты жағдайда жұлдыз тұрақты гидростатикалық тепе-тең күйде. Егер жұлдыздың ішкі қабаттары ұлғаятын болса, онда тығыздық пен температура төмендейді. Қысымы кеміп, онда гравитациялық күш газды қайта сығылады. Бірақ егер энергия газ қозғалысымен тасымалданбайтын болса, онда бұл тербелістер өшіп қалады. Егер газ тығыздығы өте жоғары аумақтарды артық жұтылатын болса, онда жұлдыз қойнауындағы сәулелік ағын энергиясы жұлдыз тербелісіне энергия көзі болар еді. Егер ионизация зоналары атмосфераның қажетті тереңдігінде орналасса, сығылу процесі кезінде жұтылатын және ионизация зоналардың кеңею процесі кезіндегі босатылатын энергия тербелістерді басқарады. Беттік температурасы 6000-9000 К жұлдыздар осындай тұрақсыздыққа ие. HR- диаграмманың сәйкес бөлігі тұрақсыз цефеидтер аумағы деп аталады. Айнымалы-Мира. Айнымалы-Мира (Mira Ceti типінің бірінші ашылған айнымалы жұлдызға байланысты аталуы) М спектральдық класстағы аса гинатттар, спектрлерінде эмиссиондық сызықтар бар. Тұрақты жұлдыздық жел әсерінен орнықты түрде газ жоғалтады. Периоды 100-1000 тәулік, осы себептенде оларды ұзақпериодты айнымалылар деп те атайды. Көрінетін аумақта жарқырауының тербеліс амплитудасы алтыншы жұлдыздық шамада. Мираның периоды 330 тәулікке жуық, диаметрі 2 а.б. Максимум шамада Мираның жарқырауы 2-4 жұлдыздық шамада, ал минимумде 12-ші жұлдыздық шамаға дейін кемуі мүмкін. Айнымалы-Мираның эффективті температурасы 2000 К. Сондықтан 95 % сәулелену инфрақызылға сәйкес, температураның өте кіші өзгерісі көрінетін жарықтылықтың өте үлкен өзгерісіне алып келеді. Суретте ұзақпериодты Мира-кит жұлдызының жарқырау қисығы келтірілген.
Цефеидтер. Ең маңызды пульсацияланатын айнымалылардың бірі – цефеидтер, ең алғаш ашылған дельта-Цефей типіне байланысты аталған. Аса жоғары гиганттар I типтегі, спектральдық класстары F-K. Периодтары 1-50 тәулік, ал амплитудасы 0,3-2,5 жұлдыздық шамада. Жарқырау қисығының формасы дұрыс, жарқырауының тез өсуімен қатар баяу кемуін көрсетеді. 1912 ж. Генриетта Ливитт ашқан Кіші Магелландық бұлттағы цефеидтер үшін, цефеидтің периоды мен оның абсолютік жұлдыздық шамасы арасында керемет байланыс бар. “Период-жарықтылық” тәуелділігі жақын Галактика мен жұлдыздарға дейінгі ара қашықтықты анықтауға қолданылады. Пульсация периоды орташа тығыздықпен байланысты. Екінші жағынан жұлдыздың өлшемі, сонымен қатар оның орташа тығыздығы оның толық жарқырауымен байланысты. Пульсацияланатын жұлдыздардың периоды мен жарқыраулары арасында неліктен байланыс болу керек. Классикалық цефеидтердің абсолюттік жұлдыздық шамасы М мен периодының P байланысы суретте келтірілген. М мен lg P байланысы сызықтық. Цефеидтер жарқырауы түсіне де тәуелді.
(RR Lyrae) RR Лира типті жұлдыздар. RR Лира типті жұлдыздардың 3-ші маңызды класы.Жарықтылығының тербелісі цефеидтерге қарағандабір жұлдыздық шамаға кем. Периодтары да қысқа, тәуліктен кем. RR Лира типті жұлдыздар 2-ші типті ........... Мұндай жұлдыздар шар тәрізді шоғырлануларда кездеседі, сондықтан шоғырлар айнымалылары деп атаған. RR Лира типті жұлдыздың абсолюттік жұлдыздық шамасы Mv =0.6+-0.3. Олардың барлығы жуық шамамен бірдей жас пен массаға ие, гелий тек ядрода ғана жанатын эволюциялық фазасы да бір. RR Лира типті жұлдыздардың абсолюттік жұлдыздық шамасы белгілі болғандықтан шар тәрізді шоғырларға дейінгі ара қашықтықты анықтауға болады.
Басқа пульсацияланатын айнымалылар. Айнымалы жұлдыздардың тағы қосымша үлкен тобы жартылай дұрыс формалы мен бұрыс формалы айнымалылар. Олар өте аса жоғары гиганттар, егер пульсацияларында периодтылық байқалса, онда жартылай дұрыс деп аталады, периодтылық байқалмаса онда бұрыс формалы. Жартылай дұрыс формалы айнымалы мысалы Бетельгейзе ( альфа - Орион).