
- •2. Жұлдыздық шамалардың түрлерін келтіріңіз мен түс көрсеткіштерін жазыңыз.
- •3. Жарықтылық пен жұлдыздар радиусын анықтаңыз.
- •4. Спектрлік классификация мен сәулелік жылдамдықтарды түсіндіріңіз.
- •5. Герцшрпунг-Ресселдиаграммасын түсіндіріңіз. Диаграмманы сызып көрсетіңіз.
- •6. Пульсацияланатын айнымалыларды анықтап түсіндіріңіз.
- •7. Мира типті айнымалыларға түсініктеме беріңіз.
- •8. Цефеидтерді түсіндіріңіз.
- •9.Rr Лира типтіайнымалылардыанықтаңыз.
- •10. Галактика құрылымын анықтаңыз. Галактиканың морфологиялық типтерін келтіріңіз.
- •11. Кіші және үлкен Магеллан бұлты, Кіші және үлкен Магеллан бұлтындағы айнымалы жұлдыздарды келтіріп түсіндіріңіз.
- •13.Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
- •14. Жұлдыздар эволюциясын анықтаңыз
- •16. Классикалық цефеидтер. Ажжк бойынша: dcep, dceps, cep(b)
- •18. Алголь типті айнымалы жүлдыздарды зерттеу неге алып келеді?
- •19. 20. Тұтылмалы айнымамлы жұлдыздарды түсіндіріп жазыңыз.
- •21. Айнымалы жұлдыз, жұлдыздық шама, жұлдыздың массасы, жұлдыздар спектрі туралы түсіндіріп жазыңыз.
- •22. Қысқаша тарихи очерк. Айнымалы жұлдыздар каталогының тарихын түсіндіріңіз.
- •23.Герцшпрунг-Рассел диаграммасындағы әртүрлі типтегі пулсацияланатын жұлдыздардың орналасуын түсіндіріңіз.
- •24. Галактика құрылымы, өлшемі (диск диаметрі,қалыңдығы), Галактика дискі жұлдыздары, гало жұлдыздары туралы жазыңыз.
- •25. Үлкен және кіші Магеллан бұлты, және бұлттағы айнымалы жұлдыздардың орналасуын түсіндіріп жазыңыз
- •26. Тығыз екі жұлдыздың эволюциясын түсіндіріңіз.
- •27. Айнымалы жұлдыздардың жалпы каталогындағы тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың типтерін келтіріңіз.
- •29. Эруптивті жұлдыздарды сипаттап түсіндіріңіз.
- •30. Аса жаңа жұлдыздарды сипаттап түсіндіріңіз.
- •31. Аса жаңа жұлдыздың жарқылын бағалаңыз.
- •32. Абсолютті жарқырауды түсіндіріңіз. Жұлдыздық шама мен арақашықтықты біле отырып абсолютті жұлдыздық шаманы қалай анықтауға болады?
- •33. Dq Геркулес жұлдызын сипаттап түсіндіріңіз. Сипаттама беріңіз, жарқырау қисығын келтіріңіз.
- •34. Торпақ шоқжұлдызындағы жұлдыздар
- •35.U егіздер мен оған ұқсас жұлдыздар
- •37. Z Андромеда типіндегі жұлдыздар.
- •38. Тығыз тұтылмалы екілі жүйенің эволюциясы
- •39.Пульсацияланатын айнымалылар
- •41.Айнымалы жұлдыздардың жарқырау қисығын сипаттап жазыңыз.
- •42.Жарқырау қисығының өзгерісінен бес элементті анықтаңыз?
- •43.Тұтылмалы айнымалы жұлдыздың дербес тұтылуымен толық фазасын түсіндіріңіз.Сурет сызып келтіріңіз?
- •44.Герцшпрунг-Рассель диаграммасындағы айнымалы жұлдыздардың орналасуы
- •46. Айнымалы жұлдыздарды белгілеу,ажжк IV-ші басылымдағы айнымалы жұлдыздар сипаттамаларын жазыңыз?
- •48. Жұлдыздық шама m мен e байланысы.Визуальды жұлдыздық шама, түс көрсеткіші, түс температурасын түсіндіріңіз?
- •49.Жарқырау қисығы мен жұлдыз радиусы.Ерте спектральдық жұлдыз сызықтары мен кеш спектральдық жұлдыз кластарын жазыңыз?
44.Герцшпрунг-Рассель диаграммасындағы айнымалы жұлдыздардың орналасуы
Жұлдыздардың жарқырауын олардың спектрлік класстарымен салыстыруды алғаш рет XX ғ. Басында Эйнер Герцшпрунг және Генри Рассел жасады. Сондықтан спектр-жарқырау жиі Герцшпрунг-Рассел диаграммасы деп атайды. Бұл диаграммада абцисса өсінде спектрлік класс (әлде эффективті температуралар), ал ординат өсінде L жарқырау (немесе M абсолют жұлдыздық шамалар) орналасады. Егер жарқырау шамасы мен температура арасында ешқандай байланыс болмағанда жұлдыздар ол диаграммада біркелкі үлестірілер еді. Бірақ диаграммада тізбектелулер деп аталатын бірнеше заңдылықтар байқалады.
Жұлдыздардың көбі (90% шамасында) диаграммада бас тізбектелу деп аталатын жіңішке ұзын кесінді бойында орналасады. Ол жоғарғы сол жақ бұрыштан (көк жоғарғы гиганттардан) төменгі оң бұрышқа (қызыл карликтерге) дейін созылып жатыр. Бас тізбектелудің жұлдыздарына жарқырауы 1 деп қабылданған Күн жатады.
Гиганттар мен жоғарғы гиганттарға сәйкес нүктелер бас тізбектелуден жоғары оң жақта орналасады, ал ақ карликтерге сәйкес нүктелер бас тізбектелуден төмен сол жақ бұрышта орын алады.
Жарқырауы мен температурасына байланысты жұлдыздарды Герцшпрунг-Рассел диаграммасында үлестіру бойынша жарқырау класының келесі түрлері белгіленген:
Жоғары гиганттар – I жарқырау класы
Гиганттар – II жарқырау класы
Бас тізбектелудің жұлдыздары – V жарқырау класым
Кіші карликтер – VI жарқырау класы
Ақ карликтер – VII жарқырау класы
Жұлдыздың спектрлік класынан кейін жарқырау класын белгілеу қабылданған. Күн – G2V жұлдызы. Қазіргі кезде бас тізбектелудің жұлдыздары Күнге ұқсас, термоядролық реакцияларда сутегінің жануы болатын қалыпты жұлдыздар екені анықталды. Бас тізбектелу – әр түрлі массаға ие жұлдыздар тізбектелуі. Массасы бойынша ең үлкен жұлдыздар бас тізбектелудің жоғарғы жағында орналасады және көк гиганттар болып табылады. Массасы бойынша ең кішілері – карликтер. Олар бас тізбектелудің төменгі бөлігінде орналасады. Бас тізбектелуге параллель төмендеу кіші карликтер орналасады. Олар бас тізбектелу жұлдыздарынан құрамында металлдардың аз болуымен ерекшеленеді.
Герцшпрунг-Рассел диаграммасында жұлдыздың орналасуы жұлдыздың жасына байланысты өзгеретіні анықталды (15-сурет). Өмірінің көп бөлігін жұлдыз бас тізбектелуде өткізеді. Сол уақыт аралығында оның түсі, температурасы, жарқырауы және басқа параметрлер шамамен өзгеріске ұщырамайды. Жұлдызға ұқсас күйінде, осы орнықты күйге жеткенге дейін, жұлдыз қызыл түсті болады және қысқа уақыт аралығында бас тізбектелуден гөрі жоғары жарқырау шамасына ие.
16 сурет
– RR-,RV-,
Cep
типті айнымалы жұлдыздардың
Герцшпрунг-Рассель
диаграммасындағы орналасуы.
Үлкен массаға ие жұлдыздар (жоғары гиганттар) өздерінің энергияларын үлкен шамада шығындайды және мұндай жұлдыздардың эволюциясы жалпы миллиондаған жылға созылады. Бас тізбектелуден кейінгі жұлдыздың эволюциясының деңгейі де сондай қысқа. Бұл жағдайда жұлдыз ұқсас қызыл гиганттар болады, ал өте массивті жұлдыздар – жоғары гиганттар. Жұлдыз көлемі бойынша тез үлкейеді және жарқырауы да өседі. Дәл осы фазалардың эволюциялары Герцщпрунг-Рассел диаграммасында сипатталады. 1911-24 жж. Холм, Рассел, Герцшпрунг және Эдиссон астрономдары бас тізбектелудің жұлдыздары үшін L жарқырауы мен M массасының арасында байланыс барын анықтады және сол тәуелділіктің диаграммасын тұрғызды.
Жұлдыздың сәулеленуінің термоядролық механизмі масса мен жарқырау арасындағы тәуелділікті сапалы түрде түсіндіреді: массасы қаншалықты үлкен болса, жарқырауы да соншалықты үлкен болады. Шынымен, үлкен массаларда жұлдыз түбірінде температуралар жоғары шамаларға жеткізіледі. Синтез реакциясының ықтималдылығы өседі, сәйкесінше көбірек энергия бөлінеді және жұлдыздың жарқырауы жоғарылайды.