
- •2. Жұлдыздық шамалардың түрлерін келтіріңіз мен түс көрсеткіштерін жазыңыз.
- •3. Жарықтылық пен жұлдыздар радиусын анықтаңыз.
- •4. Спектрлік классификация мен сәулелік жылдамдықтарды түсіндіріңіз.
- •5. Герцшрпунг-Ресселдиаграммасын түсіндіріңіз. Диаграмманы сызып көрсетіңіз.
- •6. Пульсацияланатын айнымалыларды анықтап түсіндіріңіз.
- •7. Мира типті айнымалыларға түсініктеме беріңіз.
- •8. Цефеидтерді түсіндіріңіз.
- •9.Rr Лира типтіайнымалылардыанықтаңыз.
- •10. Галактика құрылымын анықтаңыз. Галактиканың морфологиялық типтерін келтіріңіз.
- •11. Кіші және үлкен Магеллан бұлты, Кіші және үлкен Магеллан бұлтындағы айнымалы жұлдыздарды келтіріп түсіндіріңіз.
- •13.Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
- •14. Жұлдыздар эволюциясын анықтаңыз
- •16. Классикалық цефеидтер. Ажжк бойынша: dcep, dceps, cep(b)
- •18. Алголь типті айнымалы жүлдыздарды зерттеу неге алып келеді?
- •19. 20. Тұтылмалы айнымамлы жұлдыздарды түсіндіріп жазыңыз.
- •21. Айнымалы жұлдыз, жұлдыздық шама, жұлдыздың массасы, жұлдыздар спектрі туралы түсіндіріп жазыңыз.
- •22. Қысқаша тарихи очерк. Айнымалы жұлдыздар каталогының тарихын түсіндіріңіз.
- •23.Герцшпрунг-Рассел диаграммасындағы әртүрлі типтегі пулсацияланатын жұлдыздардың орналасуын түсіндіріңіз.
- •24. Галактика құрылымы, өлшемі (диск диаметрі,қалыңдығы), Галактика дискі жұлдыздары, гало жұлдыздары туралы жазыңыз.
- •25. Үлкен және кіші Магеллан бұлты, және бұлттағы айнымалы жұлдыздардың орналасуын түсіндіріп жазыңыз
- •26. Тығыз екі жұлдыздың эволюциясын түсіндіріңіз.
- •27. Айнымалы жұлдыздардың жалпы каталогындағы тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың типтерін келтіріңіз.
- •29. Эруптивті жұлдыздарды сипаттап түсіндіріңіз.
- •30. Аса жаңа жұлдыздарды сипаттап түсіндіріңіз.
- •31. Аса жаңа жұлдыздың жарқылын бағалаңыз.
- •32. Абсолютті жарқырауды түсіндіріңіз. Жұлдыздық шама мен арақашықтықты біле отырып абсолютті жұлдыздық шаманы қалай анықтауға болады?
- •33. Dq Геркулес жұлдызын сипаттап түсіндіріңіз. Сипаттама беріңіз, жарқырау қисығын келтіріңіз.
- •34. Торпақ шоқжұлдызындағы жұлдыздар
- •35.U егіздер мен оған ұқсас жұлдыздар
- •37. Z Андромеда типіндегі жұлдыздар.
- •38. Тығыз тұтылмалы екілі жүйенің эволюциясы
- •39.Пульсацияланатын айнымалылар
- •41.Айнымалы жұлдыздардың жарқырау қисығын сипаттап жазыңыз.
- •42.Жарқырау қисығының өзгерісінен бес элементті анықтаңыз?
- •43.Тұтылмалы айнымалы жұлдыздың дербес тұтылуымен толық фазасын түсіндіріңіз.Сурет сызып келтіріңіз?
- •44.Герцшпрунг-Рассель диаграммасындағы айнымалы жұлдыздардың орналасуы
- •46. Айнымалы жұлдыздарды белгілеу,ажжк IV-ші басылымдағы айнымалы жұлдыздар сипаттамаларын жазыңыз?
- •48. Жұлдыздық шама m мен e байланысы.Визуальды жұлдыздық шама, түс көрсеткіші, түс температурасын түсіндіріңіз?
- •49.Жарқырау қисығы мен жұлдыз радиусы.Ерте спектральдық жұлдыз сызықтары мен кеш спектральдық жұлдыз кластарын жазыңыз?
25. Үлкен және кіші Магеллан бұлты, және бұлттағы айнымалы жұлдыздардың орналасуын түсіндіріп жазыңыз
Үлкен Магеллан бұлттары – SВm типіндегі карликті галактика және Құс жолының спутнигі болып табылады. Ол біздің галактикадан 50кпк қашықтықта орналасқан. ҮМБ Алтын балық шоқжұлдызда орналасқан, жұлдызды аспанның оңтүстік шартынан жай көзбен көруге болады. ҮМБ диаметрі бойынша Құс жолынан 10 есе кіші, онда 30млрд жұлдыз орналасқан, ал кіші Магеллан бұлтында 1,5млрд жұлдыз бар. ҮМБ массасы біздің галактика масссынан 300есе кіші. 2013 жылы ХАБ көмегімен ҮМБ дейінгі дәл қашықтықты анықтады. Ол 163 жарық жылына тен. Зерттеулер тұманда қос жұлдыздың көмегімен 10 жылдай зерттелген, бұл жұлдыз бір-біріне өте жақын ортақ массалық центрімен айналады. Вольфганг Гиренгтің айтуы бойынша олар 100 жылдан бері ҮМБ дейінгі қашықтықты зерттеуге тырысқан екен, нәтижесінде оған жетті және оның қателігі 2% көрсетті. КМБ,ҮМБ-да аты Ферана Магелланның атымен байланысты, ол бқл галактиканы 1519 жылы бақылаған. Бұл галактикадағы ең жарық жұлдыз – S АЛтын балық, оның жарықтылығы Күннен 500000 есе жоғары және ол айнымалы жұлдыз прототипі болып табылады. МБ-да жұлдыздың шоғырлары бар. Шоғырлардың саны ҮМБ-да 5000-ға жуық. КМБ-да SBm типіндегі карликті галактика болып табылады, Тукан шоқжұлдызында орналасқан, арақашықтығы 60кпк. Әрбір МБ-да 103 цефейдтер белгілі. МБ кейбір жерлерде RR Лира типіндегі жұлдыз ретінде белгілі. Олар ҮМБ-да ортақ жұлдыздық шамасы 19,5m. ҮМБ ерекшелігі онда алып HII аймағы орналасқан. Арақашықтығы 250пк. Центірнде жұлдыздың шоғырлануы орналасқан, олардың жарқырауы жоғары. Екі бұлттарда орта сутекті қабатпен қапталған. Кейбір жұлдыз шоғырлары МБ арасында орналасқан, ал жақында олардың HI бұлтының ағындары өтетіні анықталды.
26. Тығыз екі жұлдыздың эволюциясын түсіндіріңіз.
Тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың бірнеше мыңдаған түрлері ашылған. Олардың айналу периодтары – бірнеше сағаттан, бірнеше мыңдаған тәулікке дейін. (14) формулада келтірілген Кеплер заңынан салыстырмалы орбитаның жартылай үлкен осін (немесе орбитасын, егер орбита дөңгелек болатын болса) анықтаймыз. Салыстырмалы орбитаның жартылай үлкен осі период P пен жүйенің массасына тәуелді. Бұл формуладан период ұзақ болғандықтан, а шамасы да үлкен. Периоды ұзақ тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың компоненнтер ара қашықтығы өте үлкен болғандықтан оларды тығыз жұлдыздық жұп деп атауға болмайды. Мұндай жұлдыздық жұп сирек кездеседі. Көп кездесетін тұтылмалы айнымалы жұлдыздар қысқа периодты. Ең қысқа период W Үлкен Аю жұлдыздық типтегі жұлдыздарда, ең ұзағырақ - β Лира типтегі жұлдыздарда. β Лира типті жұлдыздар ішінде периоды ұзақ тұтылмалы айнымалы жұлдыздар аз кездеседі, бұлардың ішінде Алголь типті айнымалылар көп кездеседі. Егер компоненттердің ара қашықтығы әр компонентаның өлшемімен салыстырғанда үлкен болған болса, онда олардың орбита бойымен қозғалысын зерттегенде, онда әр компонентаны белгілі бір дәлдікпен компонентаның центрінде орналасқан массасы Ньютонның екінші заңы бойынша екінші нүктені тартатын алмастыруға гравтициялық нүктемен болады. Мысалы бұл планеталардың Күннің айналасында қозғалысын салыстырғанда қолданылады. Компоненталар ара қашықтығы олардың өлшемдерімен бір болатын болса, онда қолдануға болмайды. Мұндай жүйелерде тасу күштері жұлдыздардың фигураларын бұрмалайды. Компоненттер бір-біріне бағыттас созыла тартылады. Сондықтан да айналу пениоды қысқа тығыз жұлдыздық жүйеде жұлдыздардың фигуралары шар тәрізділерден қатты ерекшеленеді.Мұндай айнымалы тұтылмалы жұлдыздарға W Үлкен Аю мен β Лира типі жатады. Бұл үшін келесі аспан механикасының есебі шешілді: екі жұлдыздың тартылыс жалпы өрісінде өте кіші массаға ие бөлшек жалпы массалар центрінің айналасында дөңгелек орбита бойымен қалай қозғалады? Есептеулер көрсеткендей әр компонента сопақ қуыспен толтырылады. Салыстырмалы өлшемдері компонент массаларының қатынасына тәуелді қуыс беттермен шектелген, жұлдыздар аралығында орналасқан L1 түйісетін Лагранждың 1-ші нүктесі деп аталады. Сопақ қуыс ішінде қозғалатын бөлшек, центрлік компонентаның бойымен орбитамен (қуыс) шектелген бетті шығып кетпей қозғалады. Лагранж нүктесінде екі компонента затпен алмасады. Тығыз екі жүйелердің классификациясы Рош моделіне негізделіп жасалынған. Егер екі компонента өз қуыс ішіне толығымен кіріп орналасқан болса, онда жүйе жартылай бөлінген деп аталады. Егер бір компонента толығымен батырылса, онда жүйе жартылай бөлінген деп аталады. Мұндай жүйелерге U Цефей жұлдызы жатады. Егер екі компонента да Рош қуысын толығымен толтыратын болса, онда жүйе контактілі деп аталады. Мұндай жүйелерге β Лира мен W Үлкен Аю жұлдыздары жатады.