Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
переменные.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

23.Герцшпрунг-Рассел диаграммасындағы әртүрлі типтегі пулсацияланатын жұлдыздардың орналасуын түсіндіріңіз.

Жұлдыздар өздерінің шамаларын өзгертетін жоғары айнымалы жұлдыздар деп аталады. Қазіргі кездегі каталогты айнымалылығы белгілі және айнымалылығы күдікті шамамен 40000 жұлдыздан тұрады. Айнымалы жұлдыздың әртүрлі типтерінің Г-Р диаграмасында орналасуы суретте келтірілген.

Сурет

Біз көріп тұрғандай жұлдыздың жарықтылығы мен құрылысы оның даму процесі кезінде өзгереді. Дегенмен, бұл өзгерістер жай болады, кейбіреулерінде эволюциялық фазасы тез жүруі мүмкін. Кейбір эволюция кезеңдерде периодтық тербеліс болады. Мысалы жұлдыздың ішкі қабатының пульсациясы алғашқыда жұлдыздың жарықтылығы визуальды салыстыру арқылы бір-біріне жақын жұлдыздар арқылы анықтайды. Одан кейінгі салыстырулар фотопластина көмегімен табады. Қазіргі уақытта бақылаушылар фотометр көмегімен жасайды. Жұлдыздық шаманың уақыт бойынша өзгеруі жылтырау қисығы деп аталады. Егер тербеліс периодты болса, одан тербеліс амплитудасын, жұлдыздыұ шамасын және периодын аламыз.

24. Галактика құрылымы, өлшемі (диск диаметрі,қалыңдығы), Галактика дискі жұлдыздары, гало жұлдыздары туралы жазыңыз.

Айсыз күзгі түнде барлық аспан арқылы өтетін Құс жолының жарық жолағы жақсы көрінеді. Оған телескоп арқылы қарағанда, ол көптеген жұлдыздардан тұратынын көруге болады. Барлық бұл жұлдыздар Галактика деп аталатын алып жұлдыздық жүйені құрайды. Аспанда құралсыз көзбен көрінетін жұлдыздардың бəрі де біздің Галактика құрамына кіреді. Жалпы, біздің Галактикадағы жұлдыздардың саны 100 миллиардтан кем емес. Жеке жұлдыздар мен олардың серіктерінен (планеталардан) басқа, Галактика құрамында қос жəне еселі жұлдыздар, сондай-ақ тартылыс күштерімен байланыстырылған, кеңістікте біртұтас қозғалатын, бірнеше ондықтан бірнеше миллионға дейін жұлдызды кіргізетін жұлдыздық шоғырланулар бар.Галактика құрамына газ-тозаңды тұмандықтар, жұлдызаралық газ бен тозаң, магнит өрістері, ғарыштық сəулелену кіреді. Галактикалардың шамамен 50% шиыршықты болып табылады. Мұндай галактикалардың ерекшелігі – оларда екі не одан көп сілемді шиыршықты тармақтар түріндегі құрылым бақыланады. Тармақтар ортасында балдж деп аталатын сфератəрізді жуандалуы бар жазық (қалындығы диаметрінен бірнеше есе аз) дискті құрайды (яғни галактикаға жоғарыдан қарағанда, шиыршық тəрізді құрылымды, ал бүйірінен қарағанда дискті көреміз). Балдж ішінде галактиканың ядросы орналасады. Дискті радиусы диск радиусына жақын сфератəрізді гало қоршайды. Галода көбінесе ескі, жарқырауы аз жұлдыздар орналасқан. Галактикалық диск айналуының бұрыштық жылдамдығы центрге дейінгі қашықтық өскен сайын азаяды, ал сызықтық жылдамдық əуелі өсіп, кейбір қашықтықта максимумге дейін жетеді де, одан соң баяу азая бастайды. Мысалы, біздің Галактика дискінің Күн орналасқан аймағының айналу жылдамдығы максимал болып табылады.(220-250 км/с құрайды). Күн мен оның төңірегіндегі жұлдыздар Галактика центрі бойымен толық бір айналымды шамамен 230 жыл ішінде жасайды. Бұл жұлдыздардың дөңгелектік қозғалыстан ауытқулары 20 км/с –н көп емес жылдамдықтармен сипатталады. Галактика центрінен Күнмен бірдей қашықтықта орналасқан (Күн қасында орналасқан), бірақ галоға кіретін жұлдыздардың ортақ реттелген айналуының жылдамдығы диск жұлдыздарынан көрі шамамен бес есе аз болып табылады. олардың үлгілі жылдамдықтары 200-300 км/с құрайды.

Дискі мен галоны өте сиретілген жəне созылған тəж қоршайды. Оның өлшемі галоның өлшемінен ондаған есе көп болады. Тəждің толық массасы галактика жұлдыздарының қосынды массасынан бірнеше есе көп болады, бірақ тəждің үлкен өлшеміне байланысты, оның тығыздығы диск пен галоның тығыздығымен салыстырғанда аз болады. Тəж өзін тартылыс арқылы білдіреді, бірақ жарықты сəулелендірмейді, ода жұлдыздар да, газ-тозаңды бұлттар да бақыланбайды.