
- •2. Жұлдыздық шамалардың түрлерін келтіріңіз мен түс көрсеткіштерін жазыңыз.
- •3. Жарықтылық пен жұлдыздар радиусын анықтаңыз.
- •4. Спектрлік классификация мен сәулелік жылдамдықтарды түсіндіріңіз.
- •5. Герцшрпунг-Ресселдиаграммасын түсіндіріңіз. Диаграмманы сызып көрсетіңіз.
- •6. Пульсацияланатын айнымалыларды анықтап түсіндіріңіз.
- •7. Мира типті айнымалыларға түсініктеме беріңіз.
- •8. Цефеидтерді түсіндіріңіз.
- •9.Rr Лира типтіайнымалылардыанықтаңыз.
- •10. Галактика құрылымын анықтаңыз. Галактиканың морфологиялық типтерін келтіріңіз.
- •11. Кіші және үлкен Магеллан бұлты, Кіші және үлкен Магеллан бұлтындағы айнымалы жұлдыздарды келтіріп түсіндіріңіз.
- •13.Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
- •14. Жұлдыздар эволюциясын анықтаңыз
- •16. Классикалық цефеидтер. Ажжк бойынша: dcep, dceps, cep(b)
- •18. Алголь типті айнымалы жүлдыздарды зерттеу неге алып келеді?
- •19. 20. Тұтылмалы айнымамлы жұлдыздарды түсіндіріп жазыңыз.
- •21. Айнымалы жұлдыз, жұлдыздық шама, жұлдыздың массасы, жұлдыздар спектрі туралы түсіндіріп жазыңыз.
- •22. Қысқаша тарихи очерк. Айнымалы жұлдыздар каталогының тарихын түсіндіріңіз.
- •23.Герцшпрунг-Рассел диаграммасындағы әртүрлі типтегі пулсацияланатын жұлдыздардың орналасуын түсіндіріңіз.
- •24. Галактика құрылымы, өлшемі (диск диаметрі,қалыңдығы), Галактика дискі жұлдыздары, гало жұлдыздары туралы жазыңыз.
- •25. Үлкен және кіші Магеллан бұлты, және бұлттағы айнымалы жұлдыздардың орналасуын түсіндіріп жазыңыз
- •26. Тығыз екі жұлдыздың эволюциясын түсіндіріңіз.
- •27. Айнымалы жұлдыздардың жалпы каталогындағы тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың типтерін келтіріңіз.
- •29. Эруптивті жұлдыздарды сипаттап түсіндіріңіз.
- •30. Аса жаңа жұлдыздарды сипаттап түсіндіріңіз.
- •31. Аса жаңа жұлдыздың жарқылын бағалаңыз.
- •32. Абсолютті жарқырауды түсіндіріңіз. Жұлдыздық шама мен арақашықтықты біле отырып абсолютті жұлдыздық шаманы қалай анықтауға болады?
- •33. Dq Геркулес жұлдызын сипаттап түсіндіріңіз. Сипаттама беріңіз, жарқырау қисығын келтіріңіз.
- •34. Торпақ шоқжұлдызындағы жұлдыздар
- •35.U егіздер мен оған ұқсас жұлдыздар
- •37. Z Андромеда типіндегі жұлдыздар.
- •38. Тығыз тұтылмалы екілі жүйенің эволюциясы
- •39.Пульсацияланатын айнымалылар
- •41.Айнымалы жұлдыздардың жарқырау қисығын сипаттап жазыңыз.
- •42.Жарқырау қисығының өзгерісінен бес элементті анықтаңыз?
- •43.Тұтылмалы айнымалы жұлдыздың дербес тұтылуымен толық фазасын түсіндіріңіз.Сурет сызып келтіріңіз?
- •44.Герцшпрунг-Рассель диаграммасындағы айнымалы жұлдыздардың орналасуы
- •46. Айнымалы жұлдыздарды белгілеу,ажжк IV-ші басылымдағы айнымалы жұлдыздар сипаттамаларын жазыңыз?
- •48. Жұлдыздық шама m мен e байланысы.Визуальды жұлдыздық шама, түс көрсеткіші, түс температурасын түсіндіріңіз?
- •49.Жарқырау қисығы мен жұлдыз радиусы.Ерте спектральдық жұлдыз сызықтары мен кеш спектральдық жұлдыз кластарын жазыңыз?
1.Айнымалы жұлдыздар түсінігін анықтаңыз. Айнымалы жұлдыздарды белгілеуді келтіріңіз.
Айнымалы жұлдыз – айналасындағы физикалық процесстердің әсерінен уақыт өтуімен жарқырауы өзгеретін жұлдыз. Дәлірек айтқанда, кез келген жұлдыздың жарқырауы уақыт өтуімен қандай да болмаса дәрежеде өзгереді.
Айнымалы жұлдыз дегеніміз жарқырауының өзгерісі бақылау құрылғысының көмегімен қол жеткен деңгейде сенімді анықталған жұлдыз. Жұлдыздың жарқырауы бір рет болса да өзгеріске ұшыраса оны айнымалы жұлдызға жатқызуға болады. Айнымалы жұлдыздардың бір-бірінен айырмашылығы өте зор. Кейбірінде жарқырауы периодты түрде өзгерсе, басқаларында жарқырауының ретсіз өзгерісі бақыланады. Периоды, жарқырау өзгерісінің амплитудасы, жарқырау және сәулелік жылдамдыктар қисықтарының түрі негізгі бақылау сипаттамалары болып табылады.
Жұлдыздардың жарқырауының өзгеріс себептері: радиал және радиал емес пульсациялар, хромосфералық активтілік, тығыз екілік жүйеде жұлдыздардың периодты тұтылулары, екілік жүйеде бір жұлдыздан екіншісіне заттың өтуімен байланысты құбылыстар.
Айнымалы жұлдыздарды зерттеу тарихында олардың классификациясын бөлуге бірнеше рет талпыныс жасалған. Бақылау материалдарының аз санына негізделген бірінші классификация жұлдыздарды сыртқы ұқсас морфологиялық белгілеріне байланысты топтастырған. Мысалы, жарқырау қисығы, амплитуда және жарқырауының өзгеру қисығы, т.б. Нәтижесінде, белгілі болған айнымалы жұлдыздар санының өсуімен ұқсас морфологиялық белгілері бар топтар саны да өсті. Кейбір үлкен топтары кіші қатарларға жіктелді. Сонымен қатар, теориялық әдістердің жетілуімен классификацияға бөлу тек сыртқы, бақылау белгілеріне ғана емес, айнымалы түрінің бірін анықтап беретін физикалық процесстер бойынша да мүмкін болды.
Айнымалы жұлдыздардың маңызды сипаттамаларының бірі болып жұлдыздық шама табылады. Бұрын жұлдызға дейінгі қашықтық бірдей және жұлдыздың жарқырауы күшті болса, көлемі де үлкен саналған. Жарқырауы көбіректерін бірінші шама жұлдыздарына (1m, латынша magnitido - шама), ал көз мөлшерімен анықталуы мүмкін болатындарын – алтыншыға (6m) жатқызған. Қазір бізге жұлдыздық шама оның көлемін емес, жарқырауын, яғни жерде тудыратын жарқырау шамасын сипаттайтыны белгілі. Бірақ жұлдыздық шамалар шкаласы сақталған және орнықталған. 1m жұлдызының жарқырауы 6m жұлдызының жарқырауынан 100 есе үлкен. Жарқыраулары 1m жұлдыздарының жарқырауынан асатын жарқырауықтар нольдік және теріс жұлдыздық шамаларға ие. Шкала көзге көріне қоймайтын жұлдыздарға дейін де созылады. 7m, 8m жұлдыздары және т.б. да бар. Дәлірек бағалаулар үшін 2.3m, 7.1m бөлшек жұлдыздық шамалар қолданылады. Жұлдыздар бізден әр түрлі қашықтықта орналасатындықтан олардың бізге көрінетін жұлдыздық шамалары жарқырауы (сәуле шығару қуаты) жөнінде ештеңе айтпайды. Сондықтан «абсолют жұлдыздық шама» ұғымы қолданылады. Бірдей қашықтықта (10 пк) орналасқан болса ие болатын жұлдыздық шамалары абсолют жұлдыздық шамалар (M) деп аталады.
2. Жұлдыздық шамалардың түрлерін келтіріңіз мен түс көрсеткіштерін жазыңыз.
Айнымалы жұлдыздардың маңызды сипаттамаларының бірі болып жұлдыздық шама табылады. Бұрын жұлдызға дейінгі қашықтық бірдей және жұлдыздың жарқырауы күшті болса, көлемі де үлкен саналған. Жарқырауы көбіректерін бірінші шама жұлдыздарына (1m, латынша magnitido - шама), ал көз мөлшерімен анықталуы мүмкін болатындарын – алтыншыға (6m) жатқызған. Қазір бізге жұлдыздық шама оның көлемін емес, жарқырауын, яғни жерде тудыратын жарқырау шамасын сипаттайтыны белгілі. Бірақ жұлдыздық шамалар шкаласы сақталған және орнықталған. 1m жұлдызының жарқырауы 6m жұлдызының жарқырауынан 100 есе үлкен. Жарқыраулары 1m жұлдыздарының жарқырауынан асатын жарқырауықтар нольдік және теріс жұлдыздық шамаларға ие. Шкала көзге көріне қоймайтын жұлдыздарға дейін де созылады. 7m, 8m жұлдыздары және т.б. да бар. Дәлірек бағалаулар үшін 2.3m, 7.1m бөлшек жұлдыздық шамалар қолданылады. Жұлдыздар бізден әр түрлі қашықтықта орналасатындықтан олардың бізге көрінетін жұлдыздық шамалары жарқырауы (сәуле шығару қуаты) жөнінде ештеңе айтпайды. Сондықтан «абсолют жұлдыздық шама» ұғымы қолданылады. Бірдей қашықтықта (10 пк) орналасқан болса ие болатын жұлдыздық шамалары абсолют жұлдыздық шамалар (M) деп аталады.
Аспан шырағының жұлдыздық шамасы- бұл астрономияда бекітілген оның жарқырауының өлшемі. Жарқырау бұл жұлдыздың жарық интенсивтілігі немесе жарық қабылдаушыда түсірілген жарықтылық. Жарқырау бақылаушы мен жарық көзі аралығы ара қашықтыққа квадратына кері пропорционал.
Жұлдыздық шама m мен Eкелесі формуламен байланысты
Ei/ Ek= 2.512(mk-mi)(1) Ei-ті-ші жұлдыздық шамады жұлдыздың жарқырауы.
Логарифмдеп және lg2.512=0.4 ескеріп
Lg Ei/ Ek=0.4(mk-mi) (2) бұдан mk-mi=-2.5 lg Ei/ Ek(3)
Яғни жұлдыздық шамалар өзгерісі жарқырау қатынастарының логарифміне пропорционал жұлдыздық шама өзгерісіп анықтауға болады, егер фотометр көмегімен екі аспан шырағының жарқырау қатынасы анықталған болса (3) формула жұлдыздық шама өзгерісі бүтін сан емес, бөлшек сонда болуы мүмкін. Дәл өлшейтін фотометрлер жұлдыздық шама айырымын 0m,05.
Ең жарық жұлдыздың жұлдыздық шамасы теріс шама. Жарқырау бәсеңдеген сайын жұлдыздық шама артады. Жұлдыз әлсіз болған сайын, оның жұлдыздық шамасы мәні көп.Көзбен анықталатын жұлдыздың жарқырауы визуальды деп аталады.
mv немесе mвиз визуальды жұлдыздық шама сәйкес келеді. Фотографиялық тусірілім арқылы анықталатын фотограф жарқырау mpg немесе mфот фотографтық жұлдыздық шама деп аталады.
Ақ жұлдыздың тең бірдей mpg=mv
Жұлдыздың түсіне тәуелді жұлдыздық шамалар фотографиялық визуальды айырымыc=mpg– mv-айырымы өзгерісі, түс көрсеткіші деп аталады.Фотографиялық бақылаудың өзгешелігібар визуальдымен салыстырғанда. Бірден фототүсірілім бірнеше жұлдыздың жұлдыздық шамасын анықтауға болады. Практикада фотографиялық әдіс, жұлдыздық шама фотовизуальды анықтау қолданады. mpvнемесе mpU,B,VU-Yжұлдыздық шама,B –көк V–сары. Көк шамалар-фотографиялыққа жақын, сары-визуальдыға, сәйкесінше екі түс көрсеткішін анықталадыU-B мен B-V, ақ жұлдыз үшін тең.
Жұлдыз түсі, фотосфера сәуле шығару қабатының температурасына тәуелді. Түс көрсеткішін біле отырып тус температурасын анықтауға болады.B-V түс көрсеткіші температурасымен келесі формуламен байланысты.
T= 7920/ (B-V)+0.72 (3)
Теориялық есептеулерде(*)mb немесе mбол болометриялық жұлдыздық шамалар қолданады. (Жұлдыздың шығаратын толық энергиясын сипаттайтын).