- •1. Өсімдіктер физиологиясыны мақсаты мен міндеттері және зерттеу объектілері.
- •2. Фикобилиндердің құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •3.Өсімдіктердің жынысты жолмен көбею кезеңдері
- •1.Афтотрофты организмдер мен гетеротрофты организмдердің өзара ерекшеліктері.
- •2.Фотофосфорлану дегеніміз не?
- •3.Клеткалардың жіктелуі дифференциялануы
- •1. Өсімдіктер клеткасының құрылысы және олардың функциясы.
- •2.Судың молекулалық құрылысы және касиеттері.
- •3. Ауксиндер: құрылысы, қасиеттері және маңызы.
- •1. Цитоплазманың құрамы қандай бөліктен тұрады?
- •2. Осмостық жүйе дегеніміз не? Плазмолиз және деплазмолиз.
- •3. Гиббереллиндердің қызметі және маңызы
- •1.Атқаратын қызметтеріне байланысты клетка органоидтар топтары
- •2. Топырақтың су күйлері және оларды оңай және тиімді пайдалану
- •3. Цитокининдер: құрылысы, қасиеттері, қызметі және маңызы
- •1. Корелляция. Корелляцияның маңызы.
- •2. Транспирация туралы түсінік.
- •3. Өсімдіктердің жынысты жолмен көбеюі
- •1.Эндоплазмалық ретикулум торының құрылысы және атқаратын қызметі
- •2.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшеліктері.
- •3.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің әртүрлі топтарының реакциялары
- •1. Вакуольдер жүйесі, оның химиялық кұрамы және қызметтері.
- •2. Ю. Либих қалыптастырған өсімдіктердің қөректенуі туралы теориясы.
- •3. Тұзды топырақта өніп-өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері және топтары
- •2.Өсімдіктер клеткасының негізгі органогенді және макроэлементтерінің маңыздылығы.
- •1.Митхондрияның құрылысы,қызметі,және маңызы.
- •1.Пластидтердің түрлері мен қызметтері.
- •1.Хлоропластар мен митохондриялар қызметтеріні ң байланысы.
- •2.Клетканың созылып өсуі,жіктелуі кезеңдерін атаңыз.
- •3.Тыныс алуға байланысты тотыға фосфорлану.
- •2.Фотосинтез процесінде энергия миграциясы және электорндардың тасымалдануы.
- •3.Фотосинтездің с4 жолы(Хетч және Слэк циклі).
- •3.Тыныс алудың анаэробтық сатысы(гликолиз).
- •3.Пероксисома,глиоксисома және лизосомалардың құрылысы мен атқаратын қызметтері.
- •3.Өсімдік клеткасының онтогенезіне сипаттама беріңіз.
- •2. Тыныс алу-зат алмасу процестерін өзара байланыстырушы орталық
- •3. Вегетативті өсу кезеңіндегі өзекті процестер
- •1.Өсімдіктердің абиотикалық факторлерге төзімділігі.
- •Билет № 23
- •1.Фотосинтездің жарық сатысы.
- •1. Өсімдіктердің дамуына жарықтың және температураның әсері. Фотопериодизм және яровизация.
- •3. Өсімдіктің тыныс алу процесі туралы алғашқы ұғымдардың қалыптасуы.
- •Өсімдіктің оқшауланған клеткасының биологиясы.
- •1. Минералды қоректену туралы ілімнің даму тарихы.
- •2. Қандай өсімдіктер ыстыққа төзімді келеді, оның себептері.
- •3. Өсімдік клеткалық технологияларының бүгіні мен болашағы.
1. Өсімдіктердің дамуына жарықтың және температураның әсері. Фотопериодизм және яровизация.
Өсімдіктердің дамуына сыртқы жағдайлардың әсер ету мүмкіндігі тұңғыш рет неміс ғалымы Г.К лебс жұмыстарында көрсетілді. Г.Гасснер 1918жылы алғаш рет өсімдіктердің дамуын тездететін фактор ретінде төменгі температураның роліне назар аударады. Жаздық және күздік қарабидай арасындағы айырмашылақты ол жаздық қарабидайдың төменгі тем ператураның әсерінсіз – ақ гүлдеу мен масқтануға көшу (яғни даму) қабідеті ретінде анықтады. Ал күздік қарабидай гүлдеу мен масақтануға көшу үшін төменгі температураны керек етеді. Қант қызылшасы, балдыркөк, көптеген жеміс ағаштары сияқты бірқатар өсімдіктердің дамуы үшін де төменгі температура қажет. Төменгі температураның әсер ету кезеңі яровизация сатысы деп аталады. Төменгі температура бұл өсімдіктерде вегететивтік мүшелердің өсуінен репродуктивтік мүшелердің өсуіне көшуге жағдай жасайды. Репродуктивтік мүшелердің өсуі өсу конустарында гүл бастамаларының қалыптасуына байланысты. Екі жылдық өсімдіктердің көпшілігінде бірінші жылы тамыр мен жапырақ қана түзіледі. Екінші жылы осьтік өркен мен гүлдер пайда болады. Бірінші және екінші жыл аралығындағы қыста төменгі температура осьтік өркен мен гүл түзілуіне мүмкіндік береді. Яровизация кезеңінен қажет ететін өсімдіктер суық болмаған жағдайда бір немесе бірнеші жыл бойы вегетативтік күйінде қалады, мәселен, қызылша, шалқан, балдыркөк.Тропиктерде өсірген жағдайларда олар жылдар бойы вегетативтік өсу күйінде қалады. Суықты қажет ететін өсімдіктерде яровизацияның болмауы олардың дамуын тежейді, олар біріаз кешіп гүлдейді. Суықты қажет ететін өсімдіктер гүлдеуге көшу үшін сондай-ақ екінші факторды, яғни күн ұзақтығын қажет етеді. Өсімдіктердің репродуктивтік мүшелерінің өсуі үшін ұзақ күн қажет болатынына алғаш рет 1884 жылы орыс агрономы Коваоевский назар аударды. Бұл құбылысты фотопериодизм деп атады. Фотопериодизм реакциясының зардаптарын фотопериодизм индукциясы деп атады. Солтүстік ендіктерден шыққан өсімдіктер репродуктивтік мүшеллерінің өсуіне көшу үшін 12 сағатан артық болатын ұзақ күнді қажет етеді. Бұлар – ұзақ күн өсімдіктерді, оларға қарабидай, арпа, бидай, зығыр және т.б. жатады. Оңтүстік ендіктердің өсімдіктері ұзақтығы 12 сағаттан кем болатын қысқа күнді қажет ететінін байқатады. Бұлар – қысқа күн өсімдіктері – соя, тары, темекі, жүгері, сора және т.б. Күн ұзақтығын талғамайтын , өсімдіктердің аралық топтары да бар. Өсімдіктер яровизация сатысынан өткен ғана фотопериодизм әсерін қабылдайды, бұл кезде өсу коусының жасушалары сапалық өзгерістерге ұшырап, фотопериодизм әсерін қабылдауға бейім келеді. Фотопериодизм буын арлығының өсуіне, камбийдің қызыметіне, жапырақтардың пішініне, түйнектер мен пиязшықтардың түзілуіне, жапырақтардың түсуіне, бүршіктердің тыныштық күйге өтуіне, тұқымның өнуіне және т.б. әсер етеді.
2. С3 және С4 - өсімдіктері жапырақтарының анатомиялық ерекшеліктері. Фотосинтездің С4 – жолы. 3ФГК- 3фосфоглицерат; 2ФГ – 2фосфоглицерат; ФЭП- фосфоэнолпируват. Бұл үлгі бойынша 1-інші кезеңде С3 жолында түзілген 3ФГК (3-фосфоглицерин қышқылы) фосфоэнолпируват қышқылына – (ФЭПК) айналады.
Тропик аймақтарынан шыққан С4- өсімдіктері С3 -өсімдіктеріне қарағанда тез өсіп, құрғақ зат массасы, жапырақ бетінің бірлігіне есептегенде, көбірек жинақталады. Мол өнімді С4-өсімдіктеріне көптеген арам шөптер де жатады. Мысалы, С4-өсімдіктері қатарына жататын астық тұқымдас, гүлтәжілер, күрделігүлділер, караоттар, таспа тұқымдастардың кейбір өкілдері мол өнім жинақтауына байланысты, арам шөптер ретінде негізгі ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне нұқсан келтіріп егін шаруашылығында едәуір қиыншылықтар туғызады. С4 өссімдіктерінің жоғары өнімділігі фотосинтездің екі типінің серіктесуіне, СО2 жинақталуына, фотосинтездік тыныс алудың тежелуіне байланысты. С4 өсімдіктер жарықтың қарқындылығы күшті және атмосфера температурасы 30-350С жағдайында жақсы өседі. Олардың фотосинтез жылдамдығы сағатына 1 дм2 жапырақ бетіне есептегенде 40-80мг СО2 мөлшеріне жетіп, С3 өсімдіктермен салыстырғанда2-3 есе артады. Осының нәтижесінде олар жылдам өседі, фототынысқа аздау өнім жұмсайды, суды С3 өсімдіктерге қарағанда , үнемдеп жұмсайды. С3 өсімдіктері 1г құрғақ зат түзуге 450-950 су жұмсаса, бұл өсімдіктер тек 250-350 г су қажетсінеді.
