Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физиология шпор.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
623.1 Кб
Скачать

2. Тыныс алу-зат алмасу процестерін өзара байланыстырушы орталық

Өсімдіктердің тыныс алуы үнемі өзгеріп отыратын процесс, ол көптеген ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты. Тыныс алу субстраттары, физиологиялық процестердің жалпы активтілігі, өсімдіктердің жасы, тканьдердің түрлері және олардың орналасуы, өсімдіктердің географиялық шығу тегі осындай жағдайлар болып табылады. Сыртқы жағдайлардың ішінен оттегінің болуы, температура, жарық түсу жағдайлары, ортаның ылғалдылығы тыныс алуға елеулі әсер етеді. Ағзалар тыныс алғанда қоректік заттар толық ыдырау үшін оттегі қажет екендігі баршамызға белгілі. Тынысалудың ең соңғы өнімі – көміртегі оксиді су жене бос энергия. Бұл соңғы өнімдер — фотосинтезге кажеттi негiзгi косылыстар болып табылады. Сондьктан, тынысалу фотосинтез кезiндегi энергияны жоққа шығарады. Алайда, тынысалу кезiнде жұмсалған пайдалы энергия фотосинтез кезiндегi алынған күн энергиясынан аз болатындығын төменгi тiзбектен көруге болады.

3. Вегетативті өсу кезеңіндегі өзекті процестер

Вегетативтік органдар – өсімдіктердің қоректену және өсу мүшелері. Төм. сатыдағы өсімдіктерде жапырақсабақтамырболмайды, олардың вегетативтік денесін таллом деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің В. о-ына тамыры, сабағы, жапырағы жатады. Тамыр – өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді, топырақтансу мен минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ, жапыраққа жеткізеді. Тамырда қор заттары жиналып, кейбір органик. заттар синтезделеді және тамыр арқылы өсімдіктер вегетативтік жолмен көбейеді. Сабақ – өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерінің көлемін үлкейтеді, жапырақ және өсімдіктің жыныстық кебею мүшесі гүл шығарады. Жапырақ өсімдікте фотосинтез қызметін атқарады, тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады және артық суды буландырады. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде В. о-мен қатар генеративтік органдар (лат. genero – ұрпақ беремін) да болады. Олар өсімдіктің жыныстық жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.

Билет № 22

1.Өсімдіктердің абиотикалық факторлерге төзімділігі.

Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және физикалық деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер т.б факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді. Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б. Жарық. Жарық тірі организмбер үшін негізгі факторлардық бірі. Күн сәулелерінің жер бетіне келіп жететін барлық мөлшерінің 50% ғана бізге көрінсе, қалған бөлігін көрінбейтін инфрақызыл және ультракүлгін түсті сәулелер құрайды. 1. Жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер) – ашық күн сәулесі түсетін жерлерде өседі. 2. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) – қалың орман, тоғайлардың төменгі ярустарында өседі. 3. Жарыққа орташа талапты өсімдіктер — сирек және ашық далалы орман өсімдіктері жатады.

Ылғалдылық. Топырақтағы ылғалдылықты сіңіруден басқа өсімдіктерге ылғалды тамшылы-сұйықтық ауадағы бу түріндегі ылғалдылық пен жаңбыр түрінде өсімдіктердің жер үсті бөлімдері арқылы өтеді. Қар өсiмдiк өмiрiнде екi рөл атқарады. Бiр жағынан қатты жауған қар өсімдіктерге механикалық зардап шектіреді. Екiншi жағынан, қыстап шығатын өсiмдiк бөлiктерiн суықтан, ал топырақты терең және қатты тоңазудан сақтайды. Өсiмдiктердiң алғашқы вегетациялық кезеңiнде ылғалмен қамтамасыз етуде қардың жауғаны мен қар бетiнiң үлкен маңызы бар.

2.Өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы. Тұқым (semen) - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше. Ол гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде болатын, ал жалаңаш тұқымдылардың мегаспорофиллде орналасқан түйінде тұқым ұрығынан, (тұқымбуршігінен) дамиды. Кейде ұрықтанусыз дамиды, (апомиксис). Типтік тұқым 1-2 интегументтен түзілген жабыннан, (қауыз), ұрықтан және эндоспермадан және, (немесе) периспермадан тұрады. Тұқымда кейде бірнеше ұрықтар түзіледі, полиэмбриония, (жалаңаш тұқымдарда, орхидті, күрделі гүлділерде, лалагүлділерде жиі болады). Қалыптасқан ұрықта ұрық қапшығы, тамыр мойыны, тұқымжарнақтары, (немесе түқымжарнагы), бүршігі болады.[1]

Гүлдi өсiмдiктердiң алуан түрлiлiгi таң қаларлықтай. Осы көп түрлiлiктi бiр жүйеге келтiру мақсатында ботаниктер өсiмдiктердiң барлық түрлерiн топтарга бiрiктiрдi.

Өсiмдiктердi топтарга бiрiктiргенде олардың бiр-бiрiне ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын көрсететiн белгiлер пайдаланылады. Солар арқылы өсiмдiктердiң бiр-бiрiне туыстық жақындықтарының деңгейi анықталады.Құрылысы, тiршiлiк етуi бiрдей және өздерiнiң арғы тегiне ұқсас өсiмдiктердi бiр түрге жатқызады. Олар жемiс беретiн ұрпақ түзуге қабiлеттi келедi. Мысалы, қара сексеуiлдiң тұқымдарынан дәл сондай қара сексеуiл (саксауыл безлистый – Haloxylon aphyllum) өсiп шығады.

Жер бетiнде шамамен 250 мыңдай гүлдi өсiмдiктердiң түрлерi белгiлi. Сонымен бiрге ботаниктер — ғылымға бұрын белгiсiз болып келген өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн тауып, оларды сипаттап жазуда.

Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа бiрiктiрiледi. Мысалы, ермен жусан мен дәрмене жусан бiр туыстың — жусанның түрлерi. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тiлде бiр өсiмдiктiң өзiн әр түрлi атайды. Соған байланысты ғалымдар өсiмдiктердiң латын тiлiндегi ғылыми аттарын енгiздi. Өсiмдiктердiң латын тiлiндегi аттары дүниежүзi ботаниктерiне түсiнiктi. Мысалы, латын тiлiнде ермен жусанын Artemisia vulgaris, ал дәрмене жусанын Artemisia cina деп атайды.Жақын туыстар бiр тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бiр үлкен астық тұқымдасын түзедi.Тұқымдастардың әрқайсысын қандай да бiр класқа жатқызады. Гүлдi өсiмдiктердi қос жарнақтылар(двудольные -Dicotyledoneae) класы және дара жарнақтылар(однодольные — Monocotyledoneae) класы деп екiге бөледi.

Өсiмдiктiң қай класқа жататындығын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бiрқатар өсiмдiктердiң жапырақтарының жүйкеленуi мен формасы, тамыр жүйесiнiң типтерiде негiзгi белгiлерге жатады.

Егер өсiмдiктiң ұрығында екi тұқым жарнағы болса, онда оны қос жарнақтылар класына жатқызады. Мысалы, үрмебұршақтың (фасоль — Phaseolus) ұрығының екi тұқым жарнағы болады; жапырағы торлы жүйкеленедi, тамыр жүйесi — кiндiк тамырлы. Қос жарнақтылар класына жалпақ жапырақты ағаштар мен бұталардың, көкөнiстiк дақылдардың бәрi жатады. Сонымен бiрге бұл класқа көптеген шөптесiн өсiмдiктер де жатады.

Егер өсiмдiктiң ұрығының тұқым жарнағы бiреу болса, онда ол дара жарнақтылар класына жатады.Сонымен бiрге бұл кластың өкiлдерiнiң жапырағы параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi, шашақ тамырлы болады. Дара жарнақтылар класына астық тұқымдасының, қияқ өлеңдердiң, лалагүлдiлердiң, т.б. тұкымдастардың өкiлдерi жатады.