Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айнымалы жұлдыз-жалпы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.79 Mб
Скачать

Жарылғыш жұлдыздардың типтері

Информацияның жинақталуына байланысты жарылғыш жұлдыздардың типтері болатыны анықталды. Жарқырау өзгерісінің ең жоғарғы амплитудалары аса жаңа жұлдыздар ие. Жарқырауының максимум моментінде 20 жұлдыздық шамаға дейін өседі, бұл 108 есе жоғарылайтынын барлық Галактика жұлдыздарының шығаратын сәулелік энергиясына тең. Біздің Галактикалық жүйеде аса жаңа жұлдыздың пайда болуы сирек құбылыс: орта еспппен 350 жылда болады. Бірақ аса жаңа жұлдыздар басқа Галактикаларда жарқ етеді. Максимум жарқырауда аса жаңаның жарықтылығы галактиканың толық жарқырауымен жуықпен тең, біздің жұлдыздық жүйеден өте алыс фотосуретте пайда болуын анықтауға болады. Аса жаңа жұлдыздардың әрдайым іздестіру осыған негізделеді, осы уақытқа дейін 300-ден аса тіркелген.

Аса жаңа жұлдыздар екі типке бөлінеді. I тип жұлдыздары үлкен амплитудасы, тез арада (бір апта аралағында) жарқырауы максимумге жетеді, кейін тез арада едәуір әлсірейді. II тип жұлдыздары кіші максимал жарқырауға ие, жарқырау қисығының созылыңқы максимал бөлігі мен тез арада әлсірейді.

Аса жаңа жұлдыздардың жарқылы толығымен оның ыдырауына әкеледі. Оның орнында аса тығыз жұлдыз- аса жаңаның ядросы, жұлдыздық қабаттың заты әлемдік кеңістікке шашырайды, газ тәрізді диффузиялық тұмандықты түзеді. 1054 жылы Торпақ шоқжұлдызындағы аса жаңа жұлдыздың пайда болуы осылай аяқталды. Қазір бұл жерде әлсіз екілі жұлдыз және оны қоршайтын Краб тәрізді тұмандық. Бірталай кіші амплитудалар кәдімгі жаңа жұлдыздарға тән, олар жиі жарқылдайды. Тек Галактикада олардың 150 ден астам тіркелген.

Жаңа жұлдыздың жарқылы (сонымен қатар асажаңалар) аяқасты жүреді. Оның жарқырауы тез өсіп максимумға жетеді. Содан кейін жарқырауының біртіндеп түсуі басталады, әр жұлдыздарды әртүрлі жүреді. Соңында жұлдыз жарқырауы «қалыпты» жағдайға дейін төмендейді, жарқылға дейінгі күйге дейін. Сонымен қатар біршама шағын дұрыс емес айнымалылыққа ие болады. Жаңа жұлдыздың жарқылы аяқталғаннан кейін, максимумнен бірнеше жылдан кейін, көрінетін жарылыстан пайда болған жаңа жұлдызды газ тәрізді тұмандықпен қоршайды, ол біртіндеп (расширяется) ауқымданады. Жаңа жұлдыз жарқыл болғанда бұзылмайды, жарылыс болғанда кеңістікке салыстырмалы түрде Күн массасымен 10-5 құрайтын өте жұқа зат шашырайды. Жаңа жұлдызды жарқылға дейінгі күйде жұлдыздық аспанның өте ескі түсірілімдерінде кездестіреді.

Аса жаңа жұлдыздар мен жаңа жұлдыздармен қатар, жарқылдары бірнеше жыл интервалмен рет қайталанған қайталанатын жаңалар кездеседі. Мысалы Т Солтүстік тәжі. Оның бірінші жарқылы 1866 жылы бақыланды. Келесі жарқылды совет заманындағы астрономияға қызығушы Каменчук А.С. байқады, ол 1946 жылы 29 мың тәуліктен кейін бақыланды. 11-ші жұлдыздық шамадан 2-ші жұлдыздық шамаға дейін өсіп, қайта әлсіреді. Бұл екілі жұлдыз М3 спектралдық класстағы қызыл гигант пен эмиссионды спектрге ие ыстық жұлдыздан кұралады. Бұл жұптың орбита бойымен айналу периоды 227 тәулік.

Сонымен қатар жарылғыш айнымалы жұлдыздарға U Егіздер типтері жатады, оларды көбінесе жаңаға ұқсас жұлдыздар деп атайды. Жарқырауының амплитудасының өзгерісі жаңа жұлдыздармен салыстырғанда бірнеше кіші.

ЖАҢА ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРҚЫЛЫ КЕЗЕҢІНДЕ БОЛАТЫН ҚҰБЫЛЫСТАР

Барлық астрономиялық бақылаулардың кешені жаңа жұлдыздың жарқылы кезінде оның көлемі кезектен тыс өсіп кетеді – яғни жұлдыз томпаяды. Сәулелену қабатының ауданы – фотосфера да үлкейді. Жарқыл кезінде жұлдыз дискісінің центрі асажаңа жұлдыздарда секундына бірнеше мың километр жылдамдықпен, кәдімгі жаңа жұлдыздарда – секундына мың километр бақылаушыға жылдамдықпен жақындайтыны спектралдық бақылаулардан көрінеді. Спектрдің күлгін жағына спектралдық сызықтардың допплердік ығысуын айғақтайды. Қысқа уақыт аралығында фотосфера температурасы кішірейіп үлгермейді, оның ауданы күшті ауқымданады, ендеше жарқырауы мен жарықтылығы өседі. Үлкейіп кеткен қабықшасы сиретілген және мөлдір болып, содан кейін жеке түйірлерге ыдырайды. Жұлдыз өзінің жарқырауының біртіндеп әлсіреуінің кезеңіне түседі, пульсациялыққа ұқсас апериодты тербелістермен бірге жүреді. Мысалы жылдам жаңа жұлдыз Аққу шоқжұлдызындағы 1975 жылы жарқылы болған, пеироды 0d,137 мен амплитудасы 0m,2-ге тең жарқырауының периодтық өзгерістерімен біртіндеп әлсіреді.

Жаңа жұлдызға дейін ара қашықтықты біле отырып бастапқы L1 және максимал L2 жарықтылықты, сонымен қатар Күн радиуысымен жарқылға дейінгі R1 пен максимал радиусты R2 анықтауға болады. Кейбір жаңа жұлдыздар туралы мағлұматтар кестеде келтірілген.

Жұлдыз

Ашылу жылы

m1

m2

L1

L2

R1

R2

P

GK Персей

1901

14,0

0,2

1,2

251 000

0,46

170

0d,685

DN Егіздер

1912

15,0

3,6

3,3

100 000

0,76

186

-

V 603 Бүркіт

1918

10,8

-1,1

8,3

479 000

1,2

320

0,138

V 476 Аққу

1920

16,2

2,0

1,6

692 000

0,52

320

-

RR Суретші

1925

12,8

1,2

1,3

91 200

0,48

300

0,145

DQ Геркулес

1934

15

1,3

0,06

17 400

0,10

95

0,194

CP Кесіртке

1936

15,6

2,1

2,8

525 000

0,69

280

-

CP Азық

1942

17*

0,5

0,06

436 000

0,10

310

-

L2 -максимум жарқыраудағы жарықтылық пен m2 жұлдыздық шамасы.

Барлығы болмаса да көп жаңа жұлдыздар тығыз екілі жұлдыздар болып табылады, бұл жұлдыздар үшін кестеде орбита бойымен айналу периоды келтірілген. Бұл кестеден жаңа жұлдыздар сан алуан екенін көруге болады. Жарқылға дейін Күнмен тең болған жұлдыздармен қатар ергежейлі карлик тәріздес DQ Геркулес пен CP Корм жұлдыздары бар. Жарқылға дейінгі радиусы Күн радиусымен 0,1-ге, ал жарықтылығы Күн жарықтылығымен 0,06-ға тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]