
- •7. Компьютерлік желілер
- •1.Компьтерлік желі туралы түсінік. Желі типтері. Негізгі топологиялар
- •Желілер типтері Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі ж/е сервердің негізіндегі желі.
- •3. Жергілікті есептеу желілерінің негізгі технологиялары. Ethernet технологиясы
- •4. Token Ring, Apple Talk технологиялары
- •5. Internet желісі. Модемдерді қолдану. Алыстан қатынасу. Жергілікті есептеу желілерін созу. Репиторлар.
- •6. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Көмейлер
- •7. Tcp/ip хаттамалар стегінің көпдеңгейлі құрылымы
- •9.Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизация. Динамикалық маршрутизация.
- •10) Тср хаттамасы. Тср хаттамасының негізгі функциялары. Udp хаттамасы. Қолданбалы деңгейдің хаттамалары.
5. Internet желісі. Модемдерді қолдану. Алыстан қатынасу. Жергілікті есептеу желілерін созу. Репиторлар.
Internet дегеніміз не?
Интернеттің құрамдас бөліктері
Интернет – дүниежүзілік компьютерлік желі. Желідегі стандартты адрестің құрылымы:
www.mgd.kz
www – Желідегі Web адресінің префиксі
mgd – сервер тақырыбына тікелей байланысты, көбінесе сервер тақырыбынан туындап таңдалатын компания немесе фирма иесінің атауы
kz – сервердің жағрафиялық орналасуын көрсететін мәліметтен тұратын домен, мысалы: kz – Қазақстан, ru - Ресей, немесе ұйым иесінің айналысатын қызметінің түрін білдіреді, мысалы: com - , коммерциялық кәсіпорын, gov-, мемлекеттік мекеме, mіl – әскери құрылым, org - коммерциялық ұйымдарға жатпайтындар, edu – білім беру мекемелері, net- желілік қызмет.
Модем дегеніміз – компьютерлерге телефон байланысы арқылы деректер жіберуге мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің функциясы – жіберуші модем цифрлік сигналды аналогтық сигналға өңдейді, ал қабылдаушы аналогтықты цифрлікке кері өңдейді.1980-жылдардың басында Hayes Microcomputer Product, Inc компаниясы Hayes Smartmodem деген ат берілген модемді жасап шығарды. Ол басқа модемдерге бағыт беретін стандартқа айналды. Бастапқыда модемнің жылдамдығы секундына жіберілген битпен немесе «бод» деп аталатын бірлікпен есептелді. Бұл бірлікке француздың офицера-байланысшысы Ж.Бод-тың аты берілген. Байланыстарды синхронизациялауды басты шарт ретінде қарастыра отырып, бұл орталарды екі типке бөлуге болады.
Асинхронды (тізбектелген) модем, стандартты телефон жолдарында қолданылатын асинхронды байланысты пайдаланады. Синхронды модем екі құрылғы арасында келісілген синхронизациялау үрдісіне негізделген. Оның мақсаты – блокпен жіберу барысында биттерден кадрлар деп аталатын топты бөліп алу. Синхронды модемдердің құны жоғары және күрделі болғандықтан, жеке үй жағдайында пайдаланбайды.
Жергілікті есептеу желілерін созу
Компаниялар дамыған кезде, олардың желілері де өседі. Жергілікті желілердің өздерінің алғашқы жобасынан озатын қасиеті бар. Бұл ақиқатқа айналады, егер:
желі трафигі өткізу мүмкіндігінің шегіне жетсе;
баспаға берілген келесі тапсырманың өз кезегін күту уақыты артса;
желіде қарқынды жұмыс істейтін қосымшалардың жауап беру уақыты ұлғайса, мысалы, деректер қоры.
Администраторға, ерте ме кеш пе, желінің өлшемін ұлғайтуға немесе жұмыс өнімділігін арттыруға тура келеді. Желіні оған жаңа компьютерлерді қарапайым қосу немесе қосымша кабель жүргізу арқылы ұзарта беруге болмайды. Кез-келген топологияның немесе архитектураның өз шегі бар. Дегенмен, жұмыс істеп тұрған ортада желіні ұзартуға арналған құрылғылар бар.
Репитер – электрлік сигналдарды күшейтетін құрылғы. Репитер OSI үлгісінің Физикалық деңгейінде жұмыс істейді, ол сигналдарды қалпына келтіріп, басқа сегменттерге жібереді. Бұл – желіні ұзартудың ең арзан жолы. Желіні сегменттің ұзындығына дейінгі қашықтыққа ұлғайтқан немесе түйіндер санына қойылған шекті қанағаттандыру қажет болған жағдайда репитерлерді пайдаланған жөн. Бірде бір сегмент асып кеткен трафикті генерацияламайды, ал желі құны – бас фактор.