Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_seti.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
143.87 Кб
Скачать

7. Компьютерлік желілер

1.Компьтерлік желі туралы түсінік. Желі типтері. Негізгі топологиялар

Ең қарапайым желі (network) өзара кабель арқылы қосылған екі компьютерден тұрады. Бұл оларға деректерді ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. К.ж. деректерді ортақ пайдалану қажеттілігінен туды.

Желі – деректер алмасуын қамтамасыз ететін арнайы аппаратураның көмегімен қосылған компьютерлер тобы.

Желінің атқаратын қызметі – бір фирманың аумағында не/се одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды ж/е интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету.

Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады: деректер, принтерлер, модемдер,басқа құрылғылар.

Ресурстар дегеніміз – деректер, қосымшалар, сыртқы құрылымдар (дискжетек, принтер, тышқан тетігі, модем ж/е басқалар).

Алғашқыда к.ж. оншақты компьютерлерді ж/е бір принтерді біріктіретін кішігірім жүйе болатын.

Интерактивті байланыс дегеніміз – нақты уақыт аралығында хабарламалармен алмасу.

Жергілікті желі – жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы желіге қосылған өзара жақын (бөлме, ғимарат, жақын ғимараттар) орналасқан компьютерлер тобы. ЖЕЖ шектеулі территорияның аумағында, мысалы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады.

Ауқымды желі – байланыс жолы ретінде модемдерді ж/е алыс байланыс жолдарын (телефон не/се жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы.

Желі ресурстарды ортақ пайдалана отырып, интерактивті қосымшалармен жұмыс істеуге, мысалы, электрондық пошта қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

К.ж. пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде:

  • деректерді ж/е сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде шығындарды төмендетуге;

  • қосымшаларды стандарттауға;

  • деректерді уақытында алуға;

  • тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.

Желілер типтері Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі ж/е сервердің негізіндегі желі.

Бір рангілі желілерде әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді.

Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны 10 аспаса; қолданушылар өзара жақын орналасқан болса; деректерді қорғаудың маңызы болмаса; фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.

Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны көп; деректерді кең ж/е кешенді түрде қорғау қажет болса.Бір рангілі желілер мен сервердің негізіндегі желілерден басқа осы желілердің ең жақсы қасиеттерінен тұратын құрама желілер бар. Сервердің негізіндегі желіге арналған операциялық жүйе бұл жағдайда негізгі қосымшалар мен деректерді ортақ пайдалануға жауап береді.

Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің ж/е желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады: «шина» «жұлдызша» «сақина»

«Шина» компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған

«Жұлдызша» – компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады

«Сақина» – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған

2. Көпдеңгейлі OSI жүйісі және стандарттау проблемалары

Желінің атқаратын қызметі деректерді бір компьютерден басқа компьютерге жіберу. Бұл процесс барысында бірнеше жеке мақсаттарды атап өтуге болады:

деректерді айырып тану; дер. басқарылатын блоктарға бөлу; дер. орнын анықтап кабылдаушыны көрсету үшін әрбір блокка ақпаратты қоса білу; дер. желіге орналастырып, берілген адрес бойынша жіберу.

Хаттама – әрбір желілік операцияны реттеуші процедуралар (ережелер).

Стандарттардың екі басты жұбы бар: OSI үлгісі ж/е оның модификациясы болып табылатын Project 802. 1984 жылы ISO (International Standards Organization) ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI (Open System Interconnection) үлгісін ұсынды. Содан бері ол халықаралық стандартқа айналды: желілік өнімдерді шығаруда өндірушілер осы үлгінің спецификацияларын пайдаланады, желілерді құруда да осы үлгіні ұстанады. OSI үлгісі бойынша әрекеттесу құралдары жеті деңгейге бөлінеді: қолданбалы, көрсету, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық ж/е физикалық

Физикалық деңгей OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгей­лер­ден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл дең­гейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тәсілі ж/е де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге арналған.

Арналық деңгей Арналық деңгей кадрларды (frames) желілік деңгейден физика­лық деңгейге жібереді. Кадрлар деректерді орналастыруға арналған логи­ка­лық ұйымдасқан құрылым. Арналық деңгей (Data Lіnk) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлар­дың дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Желілік деңгей Үшінші желілік деңгей хабарламаларды адрестеуге ж/е логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады.

Транспорттық деңгей Транспорттық деңгей пакеттердің өз адреса­тына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді, пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын проблемаларды шешумен айналысады.

Сеанстық деңгей Бұл деңгейде желідегі екі қосымша арасында байланысқа қажет­ті атауларды түсіну ж/е қорғау орындалады. Бұл деңгейде өзара әсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан ж/е қанша уақытқа созылатындығын анықтау жүзеге асырылады.

Көрсету деңгейі Алтыншы көрсету деңгейі (Presentatіon) желілік компьютерлер ара­сын­да деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды

Көрсету деңгейі хаттамаларды түрлендіруге, деректерді таратуға, олар­ды шифрлеуге, қолданылатын символдар тобын ауыстыруға не/се өзгер­туге (кодтау кестесі) графикалық бұйрықтарды кеңейтуге қатысады.

Қолданбалы деңгей Бұл деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды ж/е файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мәлімет­тер қорларын пайдалану, электрондық пошта, гипермәтіндік Web-беттер сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар (message) деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]