Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гиб.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.94 Кб
Скачать

6.Мемлекеттің ролі барлық экономикалық механизмдердің шағын бизнесі.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды. 1997 жылы 14-қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау департаменті

құрылды. Оның мақсаты - кәсіпкерлікпен айналысушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу.

Орта және шағын кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелісекторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Осы орайда Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығында кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!», деп айтқан болатын. [1]

Елбасы ұстанып отырған стратегияық бағытта қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Шағын жәе орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына себін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын несиелендіру. Мен осы жұмысымда шағын және орта бизнестің біздің еліміздегі даму қарқынын статистикалық көрсеткіштер арқылы көрсетіп, республикамыздағы кәсіпкерліктің маңызды даму жақтарын және оған кері әсерін тигізіп отырған факторларын көрсеткім келеді.

7. Либерализацияның толық экономикалық және басқа нарықтармен байланысы.

8. Экономикалық өсудің негізгі әдістері: мәні, мақсаты, түрі,

Экономикалық өсудің  негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.

- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.

- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.

- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Экономикалық өсудің өлшеу  тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.

  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға  шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Экон-қ өсудің типтері.

  1. Интенсивті типі — техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады.

  2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы  ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:

- жұмыс күшінің санының өсуі;

- капиталдың көлемі өсуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]