Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан-Бакытжанов.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.95 Mб
Скачать

8.3. Турбина конденсаторының атқаратын жұмысы мен құрылысы.

Бу турбинада кеңейіп жұмысын атқарған бу конденсаторға барып шықтанады да суға айналады. Конденсатор (шықтағыш) қондырғысына конденсатордан басқа жабдықтар кіреді: эжектор; конденсат насосы; циркуляция (айналым) насосы, 1-ші сурет.

Конденсаторға салқындатқыш су циркуляция (айналым) насостарымен жіберіледі. Конденсат насосымен, шықтанған су, регенеративтік жүйесіне жіберіледі. Конденсатордың ішіндегі ауа, эжектор арқылы аластанады. Конденсаторға ауа бумен бірге және сорылып кіреді.

1-ші сурет. Конденсаттық қондырғының схемасы: 1-конденсатор; 2-циркуляция насосы; 3-конденсат насосы; 4-эжектор.

1-ші сурет. Конденсатор және оның жылу беттерінің құрылысы:1-конденсатор корпусы; 2, 3-су камераларының қақпақтары; 4-құбыр тақташалары; 5-конденсатордың құбырлары; 6-бу қабылдағыш патрубок; 7-конденсат жинағыш; 8-ауа аластағыш патрубок; 9-ауа салқындатқыш; 10-бу бағыттағыш қалқан (щит); 11-су кірісі; 12-су шығысы; 13-аралық (бөлгіш) қабырға; 14-бу аймағы; 15-17 – судың кіріс, бұрылыс және шығыс камерасы. Конденсатор және оның жылу беттерінің құрылысы 2-ші суретте көрсетілген. Конденсатор корпусының ішінде құбыр беттері екі секцияға бөлінеді. Су бірінші (астыңғы) секциядан өтіп бұрылады да, екінші (үстіңгі) секциядан өтеді. Құбыр беттері салқын болғаннан, конденсаторға жіберілген бу шықтанып, суға айналады. Су көлемі будың көлемінен төмен болғанынан, конденсатордың ішінде вакуум пайда болады. Бірақ, вакуумды ұстап отыру үшін, буға қосылған ауаны аластап отыру қажет. Ауаны аластау үшін конденсатор патрубогіне 8 эжектор қосылады.

Емтихан билеті № 9

9.1Турбина сатысының келтірілген қалақша пәк-ті.

Турбина сатысының тиімділігі пайдалы әсер коэффициентімен (ПӘК) сипатталады. Турбина жұмыс қалақшылар куатының негізге сатының бар куатына қатынасын, сатының келтірілген қалақша пайдалы әсер коэффициенті деп санайды:

ηо.л = Nu / Nо ,

мұнда жұмыс қалақшылар куаты Nu = Lu·G , ал Lu – меншікті жұмыс;

негізге сатының бар куаты Nо = Ео·G, ал Ео – меншікті энергия.

Осыдан келесі шығаруға болады: ηо.л = Lu / Ео ,

Меншікті жұмыс мөлшерін келесімен табуға болады: Lu = Nu / G = u·(c1·cosα1 + c2·cosα2);

Меншікті энергия мөлшері сатының орналасуына байланысты табылады. Егер, сатыдан соң үлкен камера болса, шығыс жылдамдылығының энергиясы босқа шығын болып кетеді, сондықтан Ео = . Сатылар аралығында орнатылған қалақшы торында, шығыс жылдамдылығының энергиясы келесі торда пайдаға асырылады, сондықтан Ео = . Негізінде келесі түрде жазуға бола Ео = .Мұнда будың негізгі кірістегі кинетикалық энергиясын есепке алғандағы толық жылу құламасы;

- келесі сатыда пайдаға асатын кинетикалық энергия мөлшері, ал коэффициент мөлшері нольден бірге дейін өзгереді. Егер, = 1 болса, сатының шығысындағы барлық кинетикалық энергия келесі сатыда пайдаға асырылады.Сатының келтірілген қалақша пайдалы әсер коэффициенті:

ηо.л = ;

Сатының келтірілген қалақша пайдалы әсер коэффициенті бу жылдамдылығының мөлшері мен бағытына байланысты. Негізінде, таза активті сатының ηо.л жылдамдылық қатынасымен (u/Cф), жылдамдылық коэффициенттерімен φ және ψ, бұрыштармен α1 және β2 байланысы бар.

Таза активті сатыларға С1 = φ·С1t = φ·Сф және , сондықтан келесіні жазуға болады:

Энергияшығындары-сатыдағы ;жұмысқалақшалардағы ;

- саты шығысындағы бу жылдамдылығынан ;Сатының келтірілген қалақша пайдалы әсер коэффициенті

ηо.л = 1 – ξс – ξр – (1 – χв.с)·ξв.с ;