Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Емтихан-Бакытжанов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.95 Mб
Скачать

Емтихан билеті № 19

19.2. Бу турбина қондырғылардың апаттан қорғау жұйесі, оның атқаратын жұмысы.

Бу турбина қорғау жүйелерінің түрлері

Бу турбина қорғау жүйелерінің келесі түрлері болады:

- турбина роторының айналым жылдамдылығының өсуінен қорғау;

- турбина роторының ось бойымен қозғалуынан қорғау;

- майлау жүйесіндегі қысымның төмендеуінен қорғау;

- вакуум нашарлауынан қорғау;

- бу алу қубырларынан турбинаға будың қайтып кіруінен қорғау;

- турбина бу шығу патрубоктағы қысымы өсуінен қорғау;

3. Турбинаны ротор айналым жылдамдылығының өсуінен қорғау

Турбинаны ротор айналым жылдамдылығының өсуінен қорғау жүйесіне кіретін: қауіпсіздік автомат; қауіпсіздік автоматтың ажыратқышы; бу жапқыш клапан және сервомотор.

Қауіпсіздік автоматтың 2-сурет, екі түрі болады: а-сырықты және б-сақиналы.Қауіпсіздік автоматтардың жұмысы ортадан тепкіш күшке байланысты. Ротордың айналым жылдамдылығы өскен кезде, қауіпсіздік автоматтың сырығы әлде сақинасы ортадан тепкіш күш әсерімен орынынан шығып ажыратқышты іске қосады.

Қауіпсіздік автоматтың жұмыс схемасы 3-суретте көрсетілген.

4. Турбина роторының білік (ось) бойымен қозғалуынан қорғау жүйесіТурбина подшипнигінің трегіш қалыптары істен шыққанда ротор ось бойымен қозғалуы мүмкін. Бұл өте қауіпті жағдай, сондықтан ажыратқыш іскі қосылады. Ажыратқыштың индукциялы сезгіші (датчигі) болады,

Турбина роторы қозғалған кезде табақша мен темір шеттері өзгереді. Осыған байланысты электртоқ шығаратын катушкаларында электртоқ пайда болып ажыратқышқа дабыл береді. Ажыратқыш турбинаның бу жапқыш клапанын жапқызып, турбинаға бу берісі тоқтатылады.

5. Майлау жүйесіндегі қысымның төмендеуінен қорғау жүйесі

Майлау жүйесіндегі май қысымы 0,295 МПа аспайды. Майлау жүйесіндегі қысым май насосы істен шыққанда төмендеуі мүмкін. Сондықтан қысым төмендегенде (0,12 МПа) қосалқы (резерв) май насосы іске қосылады. Егер қысым 0,09 МПа төмендесе апаттық май насосы іске қосылады, ал егер 0,03 - 0,04 МПа түссе, ажыратқыш іске қосылып турбина тоқтатылады. Вал айналдырғыш (ВПУ) іске қосылады.

6. Вакуум нашарлауынан (төмендеуінен) қорғау жүйесі

Вакуум нашарлаған (төмендеген) кезде турбинаның бу шығатын жағы қызады. Температура 70 оС аспау, ал вакуум 650 сн.мм аспау қажет. Бұдан асса турбина роторы ұзарады, статор қисайып ротор статорға қажалады. Бұл апатқа әкеледі. Сондықтан ажыратқыш іске қосылады

7. Бу алу қубырларынан турбинаға будың қайтып кіруінен қорғау жүйесі

Турбина тоқтатылған кезде оның ішкі қысымы төмендейді, сондықтан бу алу құбырларындағы қысым арқылы бу турбинаға қайтып кіруі мүмкін, бүл турбинаға қауіпті. Сондықтан турбина мен бу алу құбырлар арасына кері жапқыш клапан орнатылады. Бұл клапандар турбинадан буды шығарады ал кері жібермейді, жабылып қалады.

8. Турбина бу шығу патрубоктағы қысымы өсуінен қорғау жүйесі. Турбина бу шығу патрубоктағы қысымы өсуі статор мен ротор арасындағы қажалыс пайда болуына әкеледі. Қысым жоғарлағанда қауіпсіздік клапаны ашылып, қысым ауаға жіберіледі. Турбина ажыратқыш арққылы тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]