Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-13 жинақталған.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 10 Тақырыбы: Ағзалардың жыныссыз көбеюі

Мақсаты: жасушалардың митоздық бөліну сатыларының ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: өсімдіктер және өсімдіктердің кеппешөптері, құлпынай, пияз, традесканция, фиалка, картоп, георгин, әртүрлі өсімдіктер иллюстрациясы.

Гипотеза: Ферменттер реакциялардың катализаторы. Өсімдік жасушаларында пероксидаза ферменті бар екені белгілі, ол сутегінің асқын тотығын оттегі мен суға дейін ыдыратады:

пероксидаза

2 H2O2 2 H2O + O2

Өсімдіктер мен жануарлардың тірі ұлпаларына сутегінің асқын тотығын құйғанда ақ түсті көпіршіктің бөлінуін көруге болады.

Жұмыс барысы:

1. Піскен және шикі картоп кесінділеріне сутегінің асқын тотығын(H2O2) құйғанда не болатынын тексер. Ол үшін піскен және шикі картоп кесінділеріне бірдей мөлшерде сутегінің асқын тотығын(H2O2)құй. Нәтижесін сипатта және түсіндір.

2. Шикі және піскен ет кесінділеріне 2мл.Н2О2 құйып, нәтижесін сипаттап түсіндір.

3.Бақылау нәтижелерін кестеге жаз.

4. Реакция теңдеуін құр.

5. Жауабын дайында.

6. Бақылауға түсініктеме бер

Зерттеу нәтижесі: ……………………………………………………………………………….

Не алынды?

Не істелді?

Не бақыладың?

Түсініктеме

1. Өсімдіктер ұлпасының тірі жасушалары

2. Өсімдіктер ұлпасының өлі жасушалары

3. Жануарлар ұлпасының тірі жасушалары

4. Жануарлар ұлпасының өлі жасушалары

Қорытынды: Картоп пен етті пісіргенде каталаза ферменті-нәруыз денатурацияға ұшыраған және 3-нәруыздық құрылымның өзгеруі ферменттің белсенді орталығын бұзған.

Шикі картоп пен шикі етке Н2О2 әсерінен оттектің бөлінуі ферментті–нәруыз каталазаның катализаторлық қызметін көрсетеді.

2О2= 2Н2О+О2

Ферменттер – тірі табиғаттың катализаторы. Катализатор дегеніміз не?

(химиялық реакцияның өтуін тездетеді, өзі реакция кезінде өзгеріске түспейді)

Зертханалық жұмыс № 11 Тақырыбы: Вариациялық қатар және вариациялық қисық сызық құру

Мақсаты: модификациялық өзгергіштік заңдылықтарымен таныса отырып, вариациялық қатар және вариациялық қисық сызық құру әдісімен танысу.

Құрал-жабдықтар: оқушылардың антропометрикалық мәліметтері ( шамамен10-25: ұлдар мен қыздардың бойы, емен, терек, шие(немесе басқа өсімдіктердің) жапырағы, үрмебұршақтың тұқымы (20 – 30 дана), қарындаш, қалам, дәптер, сызғыш.

Жұмыстың барысы:

  1. Үрмебұршақтың тұқымының(20 – 30 дана) ұзындығын өлше;

  2. Вариациялық қатар құру, ондағы V – тұқымның ұзындығы, Р – кездесу жиілігі. Кесте толтыр.

V

P

3. Вариациялық қисық сызық құру. Қисық сызықта ең жоғарғы нүктесін белгіле.

P

4. Сыныптастарыңның, достарыңның бойын.

5. Алынған мәліметтерді дәптерге жаз.

6. Бойының ұзындығы бірдей оқушылардың санына анықта.

7. 2-кестені толтыру.

8. Өзгергіштіктің графикалық бейнесін көрсететін вариациялық қисық сызық құр. Горизонталь сызықта оқушылардың бойының ұзындығы, ал вертикаль сызықта – бойы бірдей оқушылардың саны.

9. Орташа көрсеткішті f = n / N формуласы арқылы анықтау: f – кездесу жиілігі, n – бойлары бірдей оқушалар саны, N – сыныптағы оқушылардың жалпы саны.