Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-13 жинақталған.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

Тақырып: Пияздың тымыры ұшындағы митоз

Жұмыстың мақсаты: жаушалардың бөлінуіндегі митоз сатыларының ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, спиртшам, микропрепарат «Пияздың тамыры ұшы жасушаларынындағы митоз», сүзгі қағаз, сапты ине, скальпель, пияз, фиксацияланған мал азықтық бұршақ тұқымдастардың тамыры, фиксатор – Лилли қоспасы: 96%-этил спирті 75 мл, мұздатылған сірке қышқылы 25 мл, бояу (ацетокармин, ацетоорсеин, метил көгі немесе көксия), 45%сірке қышқылы.

Жұмыстың барысы

  1. «Пияз тамырындағы жасушалардың митоздық бөлінуі» дайын микропрепаратын қара;

  2. Митоздың әртүрлі сатысындағы жасушаларды анықта;

  3. Суретін салып, кесте толтыру.

Митоз сатылары

Сатылардың ерекшеліктері

Сурет

Интерфаза

Интерфаза – екі митоздың аралығындағы клетканың тіршілік кезеңі. Интерфаза үш кезеңнен тұрады: G– пресинтетикалық (ДНҚ синтезіне дейінгі) кезеңде клетканың өсуі жалғасады да, арнайы ақуыздар мен РНҚ синтезделе бастайды. S - синтетикалық (ДНҚ синтезделетін) кезеңде ДНҚ екі еселеніп (репликацияланып), гистондар түзіледі. ДНҚ синтезінің нәтижесінде әрбір хромосома екі хроматидтен тұрады. G- постсинтетикалық (ДНҚ синтезінен кейінгі) кезеңде митоздың жүруіне қажетті кейбір заттар мен энергиялар жиналады. Осы кезеңде хромосомалардың конденсациясы, яғни, ширатылуы басталады.

Профаза

Профаза  – ядроның бөлінуге дайындалған алғашқы сатысы. Бұл кезде хромосомалар ширатылып, қысқарып жуандайды. Микроскоппен қарағанда хромосоманың центромерасымен біріккен хроматид деп аталатын екі жіпшеден тұратынын көруге болады. Ядрошық бұзылады. Ядро қабығы бұзылып, хромосомалар цитоплазмамен кариоплазманың ортасында қалады.

Метафаза

  Метафаза   грекше «мета» - аралық, «фазис» - пайда болу дегенді білдіреді. Хромосомалардың конденсациясы максималды деңгейге жетеді. Тубулин ақуызынан түзілген микротүтіктерден тұратын митотикалық аппарат (ахроматин ұршығы) пайда болады. Ахроматин жіпшелерінің екі типін ажыратады: клетканың екі полюсін байланыстырып тұратын тірек және метафазада хромосомалардың центромералары бекитін тартушы жіпшелер.  Метафаза соңында хромосомалар ахроматин жіпшелеріне перпендикуляр орналасып, экватор жазықтығына жиналады. Метафазада әрбір хромосоманың пішіні мен құрылысы айқын байқалады.

Анафаза

  Анафаза  грекше «ана» - жоғары, «фазис» - пайда болу дегенді білдіреді. Центромера көмегімен біріктіріліп тұрған хромосомалардың центромералары ажырап, ахроматин ұршығының тартушы жіпшелеріне бекінген хроматидтер клетканың полюстеріне қарай жылжиды. Центромераның ажырауы синхронды өтеді де, әр хромосома екі хроматидтерге бөлінеді. Егер хроматид белгісіз бір себептермен центромерасын жоғалтып алса, полюске қарай жылжу қабілетін жоғалтады, немесе басқа хроматидтің центромерасына бекініп қана полюске тартылуы мүмкін.

Телофаза

Телофаза грекше «тело» - аяқталуы дегенді білдіреді. Митоздың соңғы фазасы. Хромосомалардың қозғалуы аяқталады да, әрбір жас клетканың полюсіндегі хромосомалардың айналасынан ядро қабығы түзіледі.  Хромосомалар деспиральданып (қайта ширатылып), жіңішке жіпшелерге айналады да, көрінбей қалады. Ядрошық пайда болып, ядро қабығы түзілуімен аналық клетканың барлық құрамы екіге бөлінеді, нәтижесінде екі жас (сіңлілі) клеткалар пайда болады.

 Митоздың телофазасы цитокинезбен аяқталады. Клетка цитоплазмасының екіге бөлінуін цитокинез деп атайды. Телофазаның ерте кезеңінде екі сіңлілі ядроның арасында микротүтіктерден тұратын фрагмопласт деп аталатын бөшке тәрізді жіпшелер жүйесі қалыптасады. Гольджи аппаратынан пектинді заттардан тұратын көпіршіктер бөлінеді, олар фрагмопласттың экваторлық жазықтығына жиналады. Көпіршіктер жиналып  бірігеді де, клетка пластинкасын түзеді. Клеткалық пластинка бөлініп жатқан клетканың қабығын түзгенге дейін өсе береді. Аналық клетканың екі сіңлілі клеткаларға бөлінуі осымен аяқталады.

     Митоздың биологиялық маңызы түзілген екі клетка бір-бірімен және аналық клеткамен генетикалық эквивалентті болады.     Мұның себебін былай түсіндіруге болады: митоздың анафаза кезеңінде  әрбір хромосоманың центромералары ажырап, екі хроматидке бөлінуі нәтижесінде   клетканың полюстеріне хроматидтер тең ажырайды.  Осының нәтижесінде жаңадан түзілген екі жас  клетканың екеуі де теңбе-тең аналық клеткадағыдай генетикалық материалға ие болады.

4. Митоздың биологиялық рөлі неде? Қорытынды жаса.

Қорытынды:Митоздың биологиялық маңызы түзілген екі клетка бір-бірімен және аналық клеткамен генетикалық эквивалентті болады.     Мұның себебін былай түсіндіруге болады: митоздың анафаза кезеңінде  әрбір хромосоманың центромералары ажырап, екі хроматидке бөлінуі нәтижесінде   клетканың полюстеріне хроматидтер тең ажырайды.  Осының нәтижесінде жаңадан түзілген екі жас  клетканың екеуі де теңбе-тең аналық клеткадағыдай генетикалық материалға ие болады.

Генетикалық ақпараттың дәл көшірілуі басқа ғылымдардың теориялық мәселелерін шешуде, әсіресе биотехнологиялық әдістердің көмегімен өсімдіктің жекелеген соматикалық клеткасынан қалыпты өсімдікті өсіруде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.