
- •9 Сыныптарды «Биология» курсы бойынша қорытынды аттестаттаудың практикалық бөлімі Зертханалық жұмыс № 1
- •Жұмыс барысы:
- •Зеханалық жұмыс № 2 Тақырыбы: Цитоплазмалық мембрана қасиеті. Плазмолиз және деплазмолиз құбылысын анықтау.
- •Жұмыс барысы
- •Лабораторная работа № 3 Тема: Көп жасушалы ағзалардың ұлпаларының құрылысын салыстыру(өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар және адам). Ұлпалар және олардың қызметтері.
- •Жұмыс барысы
- •Тақырып: Пияздың тымыры ұшындағы митоз
- •Жұмыстың барысы
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 6 Тақырып: Қолдан сұрыптау нәтижесін талдау
- •Жұмыстың барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 7 Тақырыбы: Ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 10 Тақырыбы: Ағзалардың жыныссыз көбеюі
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 11 Тақырыбы: Вариациялық қатар және вариациялық қисық сызық құру
- •Жұмыстың барысы:
- •10. Қорытынды жаса.
9 Сыныптарды «Биология» курсы бойынша қорытынды аттестаттаудың практикалық бөлімі Зертханалық жұмыс № 1
Тақырыбы: Өсімдік, жануар жасушаларын микроскоп арқылы зерттеу
Жұмыс мақсаты: Жасушалардың әртүрлілігіне және олардың қызметін анықтайтын морфологиялық ерекшеліктеріне, сонымен қатар олардың құрылыстарының бірлігіне көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар: микроскоп, пияздың жұқа қабықшасы, адам ауызының эпителий жасушаларынан әзірленген микропрепарат, шәй қасық,заттық және жабын шынылар, көксия, йод, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш.
Жұмыс барысы:
1. Пияздың жұқа қабықшасынан микропрепарат әзірлеп, микроскоппен қарап, зертте.
2. Йодтың әлсіз ерітіндісін препараттқа тамызу. Жабын шынымен жабу.
3. Шәй қасықпен ауыздың ішкі жағынан(ұрттың ішкі жағы) шырышты қабықты ал.
4. Заттық шыныға орналастырып, көксия тамыз. Жабын шынымен жап.
5. Препараттарды микроскоппен қара.
6. Салыстыру нітижесін 1 және 2 кестеге толтыр.
7. Жасалған жұмыс бойынша қорытынды жаз.
Нұсқа № 1.
Кесте №1 «Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының ұқсастықтары».
Жасушалардың құрылысының ерекшеліктері |
Өсімдік жасушалсы |
Жануар жасушасы |
Сурет
|
|
|
Ұқсастықтары
|
|
|
Айырмашылықтары
|
|
|
Нұсқа № 2.
Кесте №2 «Өсімдік және жануар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы».
Жасушалар |
Цитоплазма |
Ядро |
Тығыз жасуша қабырғасы |
Пластидтер |
Өсімдік
|
|
|
|
|
Жануар
|
|
|
|
|
4. Қорытынды жаса.
Қорытынды:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Зеханалық жұмыс № 2 Тақырыбы: Цитоплазмалық мембрана қасиеті. Плазмолиз және деплазмолиз құбылысын анықтау.
Мақсаты: өсімдік жасушасы цитоплазмасындағы плазмолиз бен деплазмолизді және физиологиялық әрекеттерді бақылау.
Құрал-жабдықтар: микроскоптар, заттық және жабын шынылар, шыны таяқша, су құйылған стақан, сүзгі қағаз, тұз ерітіндісі, пияз.
Жұмыс барысы
Пияздың жұқа қабығын(4мм2) сылып ал;
Микропрепарат әзірлеп, микроскопта қарап 4-5 жасушаның суретін сал;
Жабын шынының бір жағынан тұз ерітіндісін тамызу, екінші жағынан суды сорғыш қағазбен сорып ал;
Микропрепаратты бірнеше секунд жасуша ішіндегі өзгерістерді бақылап, суретін сал;
Жабын шынының бір шетінен дистильденген су тамызу, екінші жағынан сорғыш қағазбен ерітіндіні сорғызып ал;
Бірнеше минут микропрепаратты бақылап, жасушадағы өзгерісті және жылдамдығына көңіл аудар;
Байқаған құбылыстарды 1-суретпен салыстыр;
Зерттелген объектінің суретін сал;
Мақсатқа сәйкес қорытынды жасап, плазмолиз бен деплазмолиз жылдамдықтарын себептерін түсіндір.
Сұрақтарға жауап бер:
1. Ұлпаны тұз ерітіндісіне орналастырғанды су қай бағытта (жасушаға немесе жасушадан) қозғалды?
2.Судың бұлай қозғалу себебі неде?
3. Ұлпаны суғасалғаннан су қай бағытта (жасушаға немесе жасушадан)қозғалды?
Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?
4. Егер тұз ерітіндісінде жасушаны ұзақ уақыт сақтайтын болсақ, жасушада не болуы мүмкін?
5. Арамшөптермен күресу үшін тұз ерітіндісін қолдануға болама?
6. Плазмолиз, деплазмолиз, осмос, тургор- терминдарына түсініктеме бер. 7. Тосапта(варенье) алма құрғақ болып қалу себебін түсіндір.