Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД БМТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

2. Валюталық басқарудың негізгі қызметтеріне келесі операциялар жатады:

  • валюта жайғасымдары мен валюта шоттарын жүргізу;

  • валюталарды сату және сатып алу;

  • салымдар бойынша қаражаттарды қабылдау және несие қаражатын беру;

  • тәуекеллерді қамсыздандыру;

Банкілерде, шетел валюта операцияларын жүргізу барысында валю-талық тәуекеллердің пайда болуы мүмкін, яғни валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты зиян шегу қаупі. Сондықтан, валюта қоржынын басқарудың негізгі мақсаты – мүмкін болатын шығындарды болдырмау және ақша, валюта нарықтарында шетел валютасында жүргізілетін операциялардан табыс табу.

Валюта шығындарын болдырмаудың бірден-бір тәсілі, банктің барлық валюта түріндегі активтері мен пассивтерінің теңдестірілген құрылымын сақтау. Валюта жайғасымы – бұл банктің шетел валютасы түріндегі активтері мен міндеттемелерінің арасалмағы. Олар теңбе-тең болған жағдайда валюта жайғасымы жабық, ал үйлеспегенде ашық деп саналады. Сондықтан, көп кезеңде валюта бағамының өзгеруіне қатысты орын алатын шығындар, банктің басқа бағыттарынан түсетін пайда есебінен жабылады.

Банкте, валюта операцияларын жүргізу процесінде бір валюта орнына басқа валюта алынады (яғни, бір валюта екінші валютамен алмасып жатады), егер, осы кезде міндеттемелер мен талаптар қатынасы үйлеспесе, онда бұл жайғасым, жоғарыда аталғандай, ашық деп саналады. Ашық валюталық жайғасым өз кезегінде қысқа және ұзын болуы мүмкін. Сатылған валюта бойынша банк міндеттемелері талаптарынан асқан жағдайда, жайғасым қысқа деп, ал керісінше – талаптары міндеттеме-лерден жоғары болған жағдайда, жайғасым ұзақ деп аталады.

Кейбір шетелдік валюталар бойынша ашық жайғасым өлшемі 1858 «Банктің қысқа валюта жайғасымы» және 2858 «Банктің ұзақ валюта жайғасымы» балансттық шоттар негізінде есептелінеді. Валюталық нетто – жайғасым, 1858 және 2858 баланс шоттарының сальдосы ретінде анықталынып, 1859 және 2859 балансттық шоттар сомасына тең болады.

Ашық валюта жайғасымы валюталық тәуекелмен байланысты, ол банктерді қосымша табыс табуға жетелеуі де, сондай-ақ шығынға ұшыратуы да мүмкін. Осы жағдаймен байланысты, банктің валюталық бөлімі әртүрлі валютадағы жайғасымдарға үздіксіз бақылау жүргізуі қажет.

Валюта операцияларын жүргізуде кездесетін валюталық тәуекелді қысқарту үшін валюталық бағамдардың серпінін болжауға көңіл бөлу керек. Валюталық тәуекел, жоғарыда айтылғандай, талаптар мен міндет-темелер сомалары бір – бірімен үйлеспеген жағдайда, яғни ашық валюталық жайғасым болғанда туындайды. Бұл жағдайда, банктер аталған көрсеткіштердің теңбе-теңділігін сақтау үшін жетіспейтін валютаны жаңа бағаммен сатып алып, ескі бағаммен сатады. Сонымен, валюталық тәуекел деп – сыртқы сауда, кредит және валюта операцияларын, қор және тауар биржаларындағы операцияларды жүргізу негізінде шетел валютасы құнының ұлттық валютаға қарағанда өзгеруіне байланысты валютаның зиян шегу қаупін түсінеміз.

Әдетте, шығын тәуекелін төмендету үшін банктер валюталар бойынша ашық валюта жайғасымы шектелімін (лимитін) белгілейді. Сондай-ақ, валюта бағамын қамсыздандырудың әртүрлі әдістері қолданылады, мысалы, валюта бағамының өзгеруіне байланысты туындайтын шығындар тәуекелін толық немесе жартылай төмендетуге мүмкіндік беретін, немесе керісінше, банкке тиімді өзгерістер кезінде тиісті табыс әкелетін операцияларды қолдану. Сонымен қатар, бүгінгі таңда – валюталық кассаның құрылымын қайта құру, кредиторлық-дебиторлық берешек төлемдерінің мерзімін өзгерту, шетел валютасында несиелендіру және инвестициялау, параллельді несиелерді алу, лизинг операцияларын дамыту сияқты басқа да қамсыздандыру әдістері кеңінен қолданыс табуда.

Валюталық ауытқулардан туындайтын шығындарды минимизациялау үшін қолданылатын осы сияқты әрекеттер «хеджирлеу» атына ие болған.

Хеджирлеу – келісімнің негізінде тұрған валюта бағамының төмендеп кетуінен сақтандыратын жедел келісім ретінде көрінеді.

Хеджтің жағымды жағы – шығындардан арылу болса, жағымсыз жағы – конъюнктураның қолайлы өзгерістерін қолдану мүмкіндігін жоғалту.

3. Валюта қоржынын басқару валюта және ақша нарықтарында, опе-рациялар жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Банктің шетел валю-тасында депозиттерге қаражат тартуын және оны ары қарай несие ретінде орналастыруын ақша нарығы операцияларына жатқызамыз. Мұндай операцияларды жүргізуде, банк талаптары мен міндеттемелерінің арасалмағында ешқандай өзгерістер болмайды, сондықтан оның валюта жайғасымы жабық күйінде қалады. Брақ бұл жағдайда, банк депозиттері мен кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерінің сәйкес келмеуіне байланысты тәуекеллер туындауы мүмкін

Келісімнің әртүрлі мерзімімен және әртүрлі орындалу шарттарымен бір валютаны басқа валютаға сатып алу немесе сатумен байланысты жүргі-зілетін қаржы операциялары, валюта нарығының операцияларына жатады. Сондықтан, валюта нарығының қатысушылары жүргізетін барлық іс-әрекеттер, олар жасайтын мәмілелер, валюта операциялары деп аталады.

Валюта операцияларына жататындар:

  • биржалар мен коммерциялық банктер жүзеге асыратын валюталарды айырбастау және сатып алу-сату операциялары, яғни валюталық диллингтер;

  • банктің депозитті-несиелік деп аталатын, валюта қаражаттарын тарту немесе орналастырумен байланысты жүргізілетін операциялар (ЛОРО және НОСТРО шоттары арқылы өзара несиелендірілген, тартылған немесе меншікті қаражатты орналастыру бойынша банкаралық операциялар):

  • халықаралық тәжірибеде қабылданған нысандарда, халықаралық әсіресе сыртқы саудалық есеп-қисаптарға қызмет көрсету бойынша жүргізілетін операциялар;

  • несиелік карточкалар және басқа саудаға қатысы жоқ мәмілелер иелеріне қызмет көрсету бойынша жүргізілетін операциялар (аударым-дар, зейнетақы, алимент төлеу, түристерге қызмет көрсету және т.б.).

Валюта операцияларын жүргізу кезінде оларды орындау нысанда-рының көп түрі қолданыс табады. Оның бірі – «спот» келісімі. Мұнда, валютаны сатушы мен сатып алушы арасындағы есеп айырысу, келісім жасалған күннен кейінгі екінші жұмыс күні жүзеге асады. «Спот» шар- тымен жүргізілетін операциялардың негізгі мақсаттары, банк пайдала- нармандарының шетел валютасына деген қажеттілігін және капиталдың бір валютадан екінші валютаға өтуін қамту, сондай-ақ арбитражды мәмілелер мен операцияларды табыс табу мақсатында жүргізу.

Орындалу мерзімі екі жұмыс күнінен асатын валюталық мәміле фор- вардтық деп аталады. Форвард, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізуге міндеттелінетін, нақты тауар (валюта,бағалы қағаздар) жөніндегі биржа- лық мәміле. Осы уақыт ішінде тауардың белгіленген бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форвард мәмілесінің бағасы «спот» мәмілесі бағасының ықтимал серпінін ескеретін түзетулер енгізіле отырып белгіленеді. Контрагенттер арасындағы валюта қозғалысы келісім уақыты келген кезде жүргізіледі. Мерзімді келісімдердің ерекшеліктері келісімнің жасалу мерзімі мен жүзеге асу уақытының арасында белгілі бір интервалдың болуында.

Форвардтық келісімнің күрделі түріне «своп» келісімін жатқызуға болады. «Своп» операциясы шұғыл жеткізілім шартымен («спот» мәмілесі) қайсыбір активті сатып алу-сату жөніндегі мәміле, бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады («форвард» мәмілесі). Мұндай келісімдер валюта жайғасымын жабық түрде ұстауға, яғни валюта бағамының өзгеру тәуекелінен қорғануға мүмкіншілік беретін болғандықтан, банктер арасында кеңінен қолданыс тапқан. «Своп» операциялары валюта сақтық қорын әртараптандыруды және халықаралық есеп-қисапты жүзеге асыруға, сондай-ақ пайдаланармандарды олар көрсеткен валютада несие- лендіруді қамтамасыз ету үшін валюталық тәуекелсіз, қажетті валютаны сатып алу мақсатында қолданылады

Опциондық келісім жасау кезінде валютаны жеткізу шарттарында жеткізудің нақты мерзімі көрсетілмейді. Бұл жағдайда, келісімге отырған жақтың біріне міндеттеменің қолайлы орындалу мерзімін таңдау мүмкіншілігі беріледі. Опцион алдын ала келісілген мерзім ішінде, бекітілген бағамен белгілі бір активті сату немесе сатып алу құқығын беру туралы екі жақты келісім шарт болып табылады.

Валюталық операциялардың ішінде ерекше орын алатын – арбитражды келісімдер. Олар валюта бағамының өзгерунен пайда көру мақсатында жүргізіледі. Әртүрлі валюта нарығында валюта бағамдарының өзгеруі негізінде пайда табу мақсатымен шетел валютасын бір валюта нарығынан сатып алып, оны сол мезгілде екінші бір валюта нарығында сату үшін қолданылатын валюталық арбитраж – кеңістілікті арбитраж деп аталады. Сондай-ақ, арбитраж келісімдерінің тағы бір қатар түрін атап кетуге болады: мерзімді арбитраж – валюта бағамының уақыт барысында өзгеруі негізінде пайда табу; пайыздық арбитраж – валюталық мәміле жүргізуде түрлі валюталар бойынша пайыздық мөлшерлемедегі айырма есебінен пайда табу; күрделі арбитраж – әртүрлі нарықтарда, валюталық (котировка) бағаламаларды зерттеу негізінде шетел валютасын арзан бағамен сатып алу үшін, бірқатар валюталармен жұмыс істеу.

Валюта нарығы – валюталық саясатыттың жүргізілуін, валюта бағамдарын реттеуді және сақтандыруды, валюталық операциялардан валюта бағамдарының айырмашылығы түрінде табыс табуды, валюталық қаражаттарды барынша тиімді пайдалануды, есеп-қисаптарды уақытында жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымындарына қызмет көрсетеді.

Ұсыныс пен сұраныс негізінде шетел валютасын сатып алу (сатуды) жүзеге асыратын халықаралық валюталық гиганттар қатарына жататындар: Еуропада – Париж, Франкфурт, Цюрих; Америкада – Нью-Йорк; Азияда – Токио, Сингапур, Бахрейн; әлем масштабында – Лондон. Осы аталған орталықтардың барлығында жүргізілетін валюталық келісімдер, әлем валюта нарығының түсінігімен аталады. Алда аталып кеткен,Ұлттық валюта нарығы және бар. Ұлттық валюта нарығы деп – осы мемлекет аумағында орныққан, банктер арқылы жүзеге асырылатын әртүрлі операциялар жиынтығын түсінеміз. Бұл операциялар жиынтығы өз пайдаланармандарына, оның ішінде банктер, компаниялар және халық-аралық операцияларды жүргізуге мамандандырылмаған қаржы инсти-туттары болуы да ықтимал, валюталық қызмет көрсету ретінде көрінеді. Валюта операцияларына қатысушылар қатарында, шетелге шығып тұратын, саудаға қатысы жоқ келісімдер мен валюта аудармаларын жүзеге асыратын және қорлану мақсатында шетел валютасын сатып алатын жеке тұлғалардың болуы да мүмкін.

4. Ішкі және сыртқы валюта нарықтарында операцияларды жүзеге асыру үшін, банк қызметкерлері валюта нарығына қатысты күнделікті мәліметті, валюта бағамдарын болжау әдістерін білуі, сондай-ақ, әртүрлі қаржы құралдарының өтімділігін ескере отырып валюта және ақша нарық-тарындағы операциялардың табыстылығына салыстырмалы талдауды жүр-гізіп отырулары қажет.

Валюта қоржынының өтімділігіне байланысты – валюта нарығындағы валюта өтімділігі және ақша нарығындағы қаржы құралдарының (мерзімді салым, депозиттік сертификат, қазынашылық және банкілік вексельдер, коммерциялық қағаздар) өтімділігі деп танылады. Валюта нарығындағы валюта өтімділігі – оның нарықтағы бағамы биік басқа валюта түріне тез айырбасталу мүмкіншілігін көрсетеді. Ал, қаржы құралдарының өтімді-лігі – нарықтық мөлшерлемелер бойынша олардың тез сатылу мүмкіншілігін көрсетеді.

Валюта қоржынын тиімді басқару жолдарын анықтау мақсатымен валюта қоржынына талдау жүргізгенде, валюталардын кейбір түрлері өтімділіктің жоғарыда аталған екі түрін қатар иелене алмайтынын ескерген жөн, мұндай валюталар тек валюта нарығында ғана өтімділік қасиетіне ие, ойткені олар үшін ақша нарығы тым тар болып саналады. Валюта қоржы- нын диверсификациялау ұтымды валютамен форвардтық операцияларды қолдану арқылы іске асырылады.

Валюта операцияларын жүргізуде, шетел валютасындағы қаражаттар- ды тарту мен орналастырудың оңтайлы тәсілін таңдау үшін келесі жағдайларды есепке алған жөн:

  • ақша және валюта нарықтарының хал-жағдайын және даму дина-микасын талдау;

  • ақша және валюта нарықтарындағы валюта операцияларының табысты-лығын салыстыру.

Валюта нарығында мерзімді және нақтылы операцияларды жүргізуде банктің төлем тәуекелділігін ескерген жөн. Өйткені, мәміле орындалу барысында сатылған валютаның аударымы, сатылып алынған валюта сомасының түсуінен көп ерте іске асады.

Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

Репродуктивті деңгей

  1. Валюталық басқарудың негізгі қызметтерін атаңыз және оның әрқайсысына қысқаша сипаттама беріңіз.

  2. Валюта қоржынын басқарудың мәні неде? Ақша нарығында жүргізілетін қай операциялар барысында банктің талаптары мен міндеттемелерінің ара-салмағында өзгеріс болмайды?

  3. Валюта жайғасымы қандай жағдайда ашық, қандай жағдайда жабық болатынын түсіндіріңіз. Олардың қайсысы қолданылуда қолайлы?

Репродуктивті-тәжірибелік деңгей

  1. Банк мекемелері валюта бағамдарын сақтандырудың әртүрлі әдістерін қандай мақсатпен қолданады? Валюталық фьючерстердегі ұзақ мер-зімді хеджирлеудің мақсаты қандай?

  2. Қандай жағдайларда валюталық тәуекеллер пайда болады? Валюталық тәуекелді жоюдың қандай әдіс-тәсілдерін білесіз?

  3. Ішкі және сыртқы валюта нарықтарындағы валюта операцияларын жүзеге асыру процесіне сипаттама беріңіз.

Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары

Репродуктивті деңгей

  1. Шетел валютасындағы қаражаттарды тарту және орналастырудың өңтайлы әдіс-тәсілдерін таңдаудың негізгі бағыттарын атаңыз. Валюта операцияларын жүргізудің әдіс-тәсілдерін таңдауда қандай жайғасым-дарды қарастыру қажет?

  2. Халықаралық, аймақтық және ұлттық валюта нарықтарына сипаттама беріңіз. Валюта нарығының атқаратын негізгі функцияларын атаңыз.

Репродуктивті-тәжірибелік деңгей

  1. Валюта нарығындағы жүзеге асырылатын мәмілелер нысандарын сипаттаңыз. Валюта нарығында жүргізілетін операцияларды атаңыз?

  2. Банктің валюталық операцияларына сипаттама беріңіз. Зиян шегуден фьючерсті келісімдерді сақтандырудың негізгі екі түріне сипаттама беріңіз (ұзақ және қысқа мерзімді хеджирлеу).

Өткен материалды бекіту үшін тапсырмалар

I. Сіз, шетелде қаржы жұмсалымы бар фирманы басқарып отырсыз делік.Сізден фирмаңыздың шетел кәсіпорындарына құйған тікелей және қоржынды инвестициялары жөнінде мәліметтер талап етіліп отыр. Барлық мәліметті 2.6. кестесіне енгізіңіз де, осы фирманың өзіндік ерекшеліктерімен байланысты түсініктеме беріп оның инвеси-циялық қызметінің нәтижесін бағалаңыз.

Альтернативті вариант

Сізден, шетел қаржы құралдары инвестицияланған фирманың басшысы ретінде уақыттың бір кезеңіне қатысты шетелдік және қоржындық инвестициялар бойынша мәліметтер талап етіліп отыр. Мәліметтерді 2.7 кестесіне енгізіп оған қатысты қорытынды жасаңыз.

II. «Тараз» компаниясы Гамбургтегі өндірістік-көтерме фирмасына бейсболдық жабдықтардың бір партиясын сатып алу туралы тапсырыс жасады. Тауарды жеткізу үшін төлем (оның көлемі 2,6 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр), соңғы 45 күн ішінде бір доллар үшін 1,9171-ден 1,9409 маркаға дейін бағам бойынша айырбасталған неміс маркасында жүргізілуі қажет. Егер бұл тенденция әрі қарай сақталған болса, Сіз банк өкілі ретінде «Тараз» компаниясына, валюталық-фьючерсті хеджирлеу келісім шартын қолдануға ұсыныс берер ме едіңіз? Жауабыңызды негіздеңіз.

Альтернативті вариант

Соңғы апта бойы неміс маркасының айырбас бағамы 1 долларға 1,7870-тен 1,7698 маркаға дейін өзгеріп отырды. Бұл тенденция «Тараз» компаниясы бейсбол құралдарына есеп айырысып, жеткізіп алғанға дейін сақталатын болды делік. Осы жағдайда «Тараз» компаниясы валюта-фьючерстік келісім шартының қандай түрін қолдануы мүмкін? Жауабыңызды негіздеңіз.

1-кесте Есеп беру жылында (немесе әр бір тоқсан сайын) Қазақстан фирмаларының шетелдердегі тікелей және қоржынды инвестициялары жөнінде мәліметтер

Көрсеткіштер аталуы

Жыл басына қорланған құн

Есепті жылы келіп түсті

мың доллар

мың теңге

мың

доллар

мың теңге

1

2

3

4

5

Шетел кәсіпорындарының жарғылық қорындағы Қазақстан заңды тұлғаларының үлесі, %-бен

X

X

Тікелей инвестициялар, барлығы:

1. Жарғылық қорға салымдар, оның ішіндегі:

а) капитал (ақша);

б) құрал-жабдықтар, тауарлар және т.б.

2. Шетелдік кәсіпорындарында жү-зеге асатын кредиттер (ссудалар, займдар), оның ішінде:

а) игерілгені;

б) өтеуге есептелініп қойғаны;

в) өтелген;

г) басқалар.

3. Басқалар (ашып көрсет)

Қоржынды инвестициялар, барлығы:

  1. акциялар;

  2. борышқорлық бағалы қағаздар;

  3. басқа да

Инвестициялардан түскен табыс, барлығы:

1) төленген дивидендтер;

2) қайта инвестицияланған табыс;

3) өтелген пайыздар;

4) есептелінген пайыздар

Тақырып 11. Банк өтімділігін басқару стратегиясы

Мақсаты: Өтімді құралдарға сұраныстың мүмкін болатын нысандарын қарастыру. Кейінге қалдыруға болмайтын қолма-қол қаражаттарына қатысты қажет- тіліктерді қанағаттандыру мақсатымен, банктің өтімді қаражаттарын бас- қаруда қолданыс табатын қаражаттардың альтернативті көздерін талдау.

1. Банк өтімділігін басқару негіздері

2. Өтімділікті теңдестіре басқару стратегиясы

3. Өтімділікті басқару тетігі

1. Банкті тиімді басқару – оның қызметінің сапалық бағасы ретінде көрінетін қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз ету. Өтімділік, коммерциялық банктың дер кезінде және өзіне шығын келтірмей, активтерді ақша қаражаттарына айналдыру есебінен салымшылардың қажеттіліктерін қамту. Бұл үшін банктер, өз айналымына ұзақ мерзімді, «сенімді» және «арзан» несие ресурстарын тартуға тырысады. Банктің кредиттік саясаты, кредит ресурстарының тиімді орналасуын ескере отырып, кредит салымдарының көлемі мен мерзімі тартылған ресурстардың көлемі мен мерзіміне сәйкес болуын қамтуға тиіс. Банктің басты мақсаты – клиенттердің, несие алушылардың және салымшылардың заңды талаптарын орындауға дайын болу үшін, өтімді активтер үлесін жоғарылата отырып оптималды активтер құрылымын қалыптастыру, сондай-ақ, банк табысын молайта және шығындарын төмендете отырып несие ресурстарының айналымын тездету.

Шетел тәжірибесінде өтімділікті тиімді басқарудың кейбір жолдары анықталған, оның ішінде:

  • активтер есебінен өтімділікті қамтамасыз ету (активтерді басқару арқылы өтімділікті басқару);

  • ақша қаражаттарына деген сұранысты қанағаттандыру үшін қарызға алынған өтімді қаражаттарды пайдалану (пассивтерді басқару);

  • өтімділікті теңдестіре басқару (активтер мен пассивтер арқылы).

Өтімділікті, активтер арқылы басқару – бұл, қаражаттарды активтерге орналастыруда, бір жағынан қажетті табыс табуды, екінші жағынан, банкте осы қаражаттарды жоғалтып алу тәуекелін өсірмеуді көздеу. Яғни, табысты молайту мен тәуекелді төмендету талаптарының арасында, объективті қажетті тепе-теңдікті қамту.

Банк балансының өтімділігіне, активтер құрылымы да әсер етеді: айналымдағы жалпы активтер сомасында, неғұрлым жоғарғы сыныпты өтімді қаражаттар көп болса, соғұрлым банк өтімділігі жоғары. Халықаралық банкілік тәжірибеде, активтердің ең өтімді бөлігі ретінде кассалық қолма-қол ақша саналады, бұның астарында кассадағы ақша ғана емес, сонымен қатар орталық банкідегі несиелік мекеменің ағымды шотындағы ақша қаражаттары да жатыр.

Жалпы, банк активтерін өтімділік дәрежесіне қарай үш топқа бөлуге болады:

  1. Үнемі дайындықтағы өтімді қаражаттар немесе жоғарғы сыныпты өтімді қаражаттар. Олардың қатарында-касса, корреспонденттік шот-тағы қаражаттар, жоғарғы сыныпты вексельдер мен мемлекеттік бағалы қағаздар.

  2. Ақша қаражат түріне айналуы тез, банк иелігіндегі өтімді қаражаттар. Олардың қатарына, биржада тіркелінген шартты сатылатын бағалы қағаздар мен басқада құндылықтарды (материалдық емес активдерді қоса), орындалу мерзімі 30 күн болатын несиелер мен банк пайдасына кіретін төлемдерді жатқызуға болады.

  3. Өтемсіз активтер – бұл мерзімі өткен несиелер және сенімсіз борыштар, банктің негізгі қорына жататын ғимараттар мен құрылыстар.

Өтемді активтерге деген қажеттілік туындағанда таңдамалы активтер қолма-қол қаражаттарға сұраныс қанағаттандырылғанға дейін сатылады. Өтімділікті басқарудың бұл стратегиясы көбіне активтер трансформациясы деп аталады, өйткені бұл жағдайда, өтімді қаражаттар, ақша түрінде емес, активтердің қолма-қол қаражатқа айналу есебінен түседі.

Өтемді активтер:

  • нақтылы қаражатқа тез ауысына жол беретін сенімді нарықпен қамтылуы қажет;

  • бағасы едәуір тұрақты болуы керек, бұл орайда нарықтың сатылатын активтерді бағасын түсірмей қабылдайтын қабілеті көрінеді;

  • қайтымды болуға тиіс, яғни сатушының бастапқы жұмсалған қаржысы минималды тәуекелмен орнын толтыруы.

Активтерді басқару арқылы өтімділікті басқару көбіне кішігірім банкілерде қолданыс табады, өйткені, ол өтімді қаражаттарды қарызға алуға негізделген әдіске қарағанда тәуекелі төмен (бірақ табысы да аз) болып саналады. Алайда, активтерді трансформациялау стратегиясы өтімділікті басқарудың арзан әдісі болып табылмайды.

Активтерді сату, банкте, осы активтердің көмегімен қалыптасатын (егер бұлар сатылмаған болса) болашақ табыстарды жоғалту дегенді білдіреді. Сонымен қатар, активтерді сатуда бағалы қағаздар операциялары бойынша брокерлерге төленетін (комиссиондық), бірәз келісім шығында- рын көтеру қажеттілігі де туындайды. Одан бөлек, өтімді қаражаттарды иелену мақсатында тәуекелдік дәрежесі төмен активтердің сатылуы, банк- тың баланс жағдайын нашарлатып, банкке деген «қаржылық сенімді» төмендетеді. Осы аталған активтерді сату қажеттілігі, нарықта баға бірәз төмендеген кезде пайда болуы ықтимал, бұл жағдайда әрине, банк едәуір капиталын жоғалтады, сондықтан, болашақ табыстардың альтернативті құнын минимизациялау үшін, аз табысты активтердің сатылуын қамту қажет. Осы орайда, жалпы өтемді активтер қаржы активтерінің қайтарым- дылық деңгейін төмендететінін еске алған жөн. Сондықтан, өтемді активтерді инвестициялаудан гөрі, басқа қайтарымы биік активтерді қаржыландырған дұрыс.

Пассивтер есебінен банк өтімділігін басқару дегеніміз, мерзімі ұзақ, сенімді қарыз қаражаттарын тарту және кредиторлар алдында өз міндеттемелерін толық орындауға жол беретін әр түрлі активтер мен пассивтердің қажетті оптималды арасалмағын қарастыру.

Несие ресурстарын қалыптастыру барысында, қаражаттарды тартумен байланысты туындайтын банктың барлық шығындарын ескерген жөн. Бірақ, олардың деңгейі, осы аталған қаражаттарды активті операцияларға орналастыру кезінде банк пайдасының төмендеп кетпеуі үшін – минимал-ды жеткілікті болуы қажет.

Ұйымдарға, кәсіпорындарға несие ұсыну мақсатында, банктер кредит ресурсы ретінде қолданатын тартылған қаражаттардың негізгі түрлеріне келесілерді жатқызуға болады:

- жедел салымдар мен депозиттер;

  • ағымдағы және есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттары (талап еткенге дейінгі шоттарда);

  • банкаралық несие;

  • экономиканың даму мақсаттары үшін ұсынылатын Ұлттық банктің несиелері;

  • банктің меншік қаражаттары.

Көбіне, сатып алу өтімділігін басқару деп аталатын, қарыз өтімділік стратегиясы, өтімді қаражаттарға барлық күтілетін сұранысты жабу үшін жеткілікті мөлшердегі тез өтетін қарыз қаражаттарын қарастырады. Алайда, активтердің қатарында іске қатыстырылмаған өтімді қаражат-тардың тым үлкен көлемі жинақталып қалмауы үшін, қарыз қаражаттары өте қажет болған жағдайда ғана тартылады. Егер, өтімді қаражаттарға деген сұраныс оның бастапқы күтілетін деңгейінен асса, банк тез өтетін қаражаттардың қажетті сомасын жинап алғанға дейін, оларға ұсынатын мөлшерлемені (заем бағасын) жәй көтеріп отырады.

Банк үшін өтімді қарыз қаражаттарының көзі болып – айналыста болатын депозиттік сертификаттар, орталық резервтік қорлардан тарты-латын қарыздар, кейін қайта орнығатын бағалы қағаздарды келісілген баға бойынша сату туралы келісімдер (мұнда, кейін қайта сатылынып алу келісімі бойынша бағалы қағаздар уақытша сатылады) және т.б. табылады.

Өтімді қарыз қаражаттары арқылы банктің өтімділік мәселесін шешу, кредитке қол жеткізу жағынан және ақша нарығының пайыздық мөлшерлемелерінің өзгермелі болуымен байланысты ең бір тәуекеллі әдіс болып саналады (бірақ ол жоғары күтілетін пайдаға жеткізеді). Банктер, кейде өз ішкі мүмкіншіліктерінің өте бір қиын кезеңдеріне қарамастан өтімді қаражаттарды сатып алуға мәжбүр болады. Бірақ, банкіге берілетін қарыз қаражаттарынының құнын алдын-ала білу мүмкін емес, сондықтан одан түсетін таза пайданың көлемі де белгісіз болмақ. Осындай жағдайларда, қаржылық қиыншылықтармен қатар басқа да қиыншылықтар туындай бастайды: банктің қиыншылықтары әйгілі болған кезде, салымшылар өздерінің қаражаттарын банктен алуға тырысады, ал басқа қаржы мекемелері мұндай банкке кредиттік көмек көсетуді жөн көрмейді.

2. Өтімді қарыз қаражаттарын басқару стратегиясына тән тәуекелге байланысты және активтердегі өтімді қаражаттардың сақталу құны өте жоғары болғандықтан, көптеген банктер өтімділікті басқару страте-гиясының компромиссті түрін таңдайды. Өтімділікті басқарудың теңде-стірілген әдісіне сай, өтімді қаражаттарға күтілетін сұраныстың бір бөлігі тез сатылатын бағалы қағаздар мен депозиттер түрінде басқа банкілерде жиналады. Банктің өтімді қаражаттарға қатысты басқа қажеттіліктері, корреспонденттік банкілерде және басқа қаржы институттарында несиелік желіні ашу келісімдері арқылы шешіледі. Ал, өтімді қаражаттарына күтпеген жерден туындаған қажеттілік, әдетте қысқа мерзімді несие арқылы жабылады. Өтімді қаражаттардың ұзақ мерзімге қажетті көлемін болжап қоюға болады, ал оларды дер кезінде қанағаттандыру үшін қажетті өтімді қаражаттар, тез қолма-қол ақшаға айналатын қысқа және орта мерзімді қарыздар мен бағалы қағаздар түрінде сақталады.

Банк балансы өтімді деп саналады, егер оның жағдайы, активтегі қаражаттарды тез өткізу есебінен пассивтік жедел міндеттемелерді жабуға мүмкіндік беретін болса. Міндеттемелерді орындау үшін, банк активтері ақшалай нысанға тез айналуы қажет, оның бұл қасиеті бірнеше фактарларға тәуелді: соның ішінде ең маңыздысы, қаражаттарды орналастыру мерзімдері – қаражаттарды тарту мерзімдеріне сәйкес болуы. Басқаша айтқанда, баланста ақша түріндегі активтер бойынша қаражат-тардың босатылу мерзімдері мен сомасының және банк міндеттемелері бойынша болашақ төлемдердің мерзімдері мен сомасының арасындағы тепе-теңділік қамтамасыз етілген болса.

Осы жағдаймен байланысты, екінші деңгейдегі бактер ағымдағы өтімділікті бақылау мақсатында активтер мен міндеттемелердің мерзімдері салыстырылатын кестені құрулары қажет. Бұл кезде әрбір актив (міндеттеме) үшін ең аз мерзім алынады, осы мерзім ішінде банк өз дебиторлары мен корреспонденттерінен міндеттемелерін орындауды талап етуге құқылы (сол сияқты, банктің кредиторлары мен депозиторлары, банк міндеттемелерінің орындалуын талап етуге құқылы). Сонымен, «талап еткенге дейін» атаулы бағанда, келесі активтер мен міндеттемелердің сомасың қосындысы көрсетілуі қажет (2.8-кесте).1

Активтер:

  • қолма-қол ақшалай қаражаттар (шоттар 1001,1002,1003,1004,1051,1052);

  • тез өтетін активтер; мемлекеттік бағалы қағаздар және Ұлттық банк арқылы қайта қаржыландыруға тиімді басқа тез өтімді бағалы қағаздар (1151, 1152, 1153, 1154, 1155), монетарлы құнды металдар (1004), Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің овернайт – несиелері (1101).

Міндетттемелер:

  • жеке және заңды тұлғалардың ағымды, есеп-айырысу шоттары (2203, 2207, 2211);

  • мемлекеттік қорлар мен мемлекеттік бюджеттің қаражаттар (2201, 2202);

  • лоро шоттары (2010, 2020 топ шоттары) ;

  • овернайт банкаралық депозиттері (2110 тобының шоттары) ;

  • талап еткенге дейінгі басқа да міндеттемелер (2900 шот), соның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімдері анықталмаған міндеттемелер бойынша (шоттар 2551,2552,2851,2852,2854,2855,2856,2860,2870).

1-кесте: Банк активтері мен пассивтерінің мерзімдерін салыстыру « »……… жылғы

Мерзімдері

Талап еткенге дейінгі

2-ден 7 күнге дейін

8 күннен

1 айға дейін

1-ден

3 айға дейін

3-тен

6 айға дейін

Мерзімі өткен актив (міндетеме)

Оқшаулауған активтер

А

М

А-М

А/М

Ескерту: А-активтер; М-міндеттемелер; А-М активтер мен міндеттемелер арасындағы айырмашылық; А/М-міндеттемелер сомасына активтер сомасының қатынасы.

Пассивтерді мерзімдері бойынша тиімді орналастыру әдісі банк міндеттемелерін басқаруға, өтімділік коэффицентін басқарумен байла-нысты олардың құрылымын болжау мен ауыстыруға, ресурстарды аккумуляциялау жоспарына қатысты дұрыс саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.

3. Өтімділікті басқарумен байланысты коммерциялық банктің күнделікті жұмысы банктің өзін-өзін сақтауға бағытталған, бұл жағдайда бірінші талап ретінде клиенттер алдындағы міндеттемелерді үздіксіз орындау саналады. Ұйымдастырушылық көзқарастан ол нақты көрсеткіштермен бекітілген баланс активтері мен пассивтерінің жеке топтары мен баптарының арасалмағын қадағалауды ұйғарады. Мұндай көрсеткіштер ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Сыртқы түріне банк ісі бойынша әрекет ететін заңнама мен нормативті-құқытық актілерге сәйкес бекітілетін көршеткіштер жатады. Олар коммерциялық банк қызметін мемлекеттік басқару нысаны болып табылады. Ішкі көрсеткіштер, мемлекеттік функциямен сәйкес, банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қажетті жалпы пропорцияларды анықтайды. Олардың қатарына активтер құрылымын, активтер мен пассивтердің арасалмағын сипаттайтын банк балансы өтімділігінің арнайы көрсеткіштерінің (коэффициенттерінің) есебін жатқызуға болады. Өтімділікті бағалау үшін қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті қолданылады, бұл пассивтер бойынша талап еткенге дейінгі қаражаттар мен активтердегі өтімді қаражаттардың арақатынасы ретінде көрінеді. Сондай-ақ, орта мерзімді өтімділік коэффициенттері де қолданыс тапқан, оларды екі жылдан жоғары мерзіммен орналасқан және екі жылдан астам мерзімді ресурстар арасалмағы сипаттайды. Нарықтық эконо-миканың талаптарына сай банктер, өз өтімділік коэффициенттерін өтімділік нормасының деңгейінен төмен түсірмей ұстауға міндетті. Өтімділік нормасы әр елде қалыптасқан тәжірибеге байланысты анықталады, бірақ ол банктің көлеміне, оның басшылығының саясаты мен мамандандырылған бағыттарына тәуелді.

ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерімен міндетті түрді орындалуға тиіс, Пруденциалды нормативтер қаулысы бойынша өтімділік коэффициентінің нормасы 0,2-ден төменді құрамауы керек.

Егер банктің кредиторлар мен депозиторлар алдындағы міндеттеме-лерінің мерзімі өтіп кетсе, онда ағымды өтімділік коэффициентінің есептік мәніне қарамастан өтімділік нормативтері орындалмаған деп саналады. Экономикалық нормативтерді орындамау негізінен, майда банктерге тән. Ал ірі банктер, Республиканың экономикалық тұрақтылығына тікелей әсер ете отырып, қажетті нормативтерді сақтайды. Банк өтімділігін басқару жұмысында, есепке алынатын бірқатар факторларды келесі негізгі топтарға топтастыруға болады:

  1. Республикадағы саяси жағдай.

  2. Апатты жағдайлар.

  3. Экономикалық ахуал (ситуация).

  4. Банк орналасқан аймақтың экономикалық жағдайы.

  5. Ғылыми-техникалық прогресстің және инвестициялық процестің деңгейі.

Банк жұмысында осындай көрсеткiштердiң пайда болуы оның қыз-метiнiң соңғы нәтижесiне, яғни өтімділік деңгейіне бiршама әсер етуі мүмкiн. Басқарудың мақсатты функциясы – банк комерциялық кәсіпорын болғандықтан табыс табуды қамту. Ал бұл жағдай нарықтық экономикада шаруашылықты тиімді жүргiзудің негізгі көзі болып табылады.

Теориялық білімді бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

Репродуктивті деңгей

  1. Өтімділікті теңдестіре басқару, пассивтерді басқару және активтерді басқару арасындағы негізгі айырмашылықтарды негіздеңіз..

  2. Өтімді қаражаттарға сұраныстың және банкте қалыптасатын өтімді қаражаттар ұсынысының негізгі көздерін атаңыз.

  3. Активтердің жалпы сомасы мен өтімді активтер сомасының ара салмағы қалай анықталады? Жиынтық активтерде табыс әкелетін активтердің оптималды деңгейі қандай?

Репродуктивті-тәжірибелік деңгей

  1. Қай уақытта банктің өтімділік деңгейі тиімді деп айтуға болады? Банктің өтімді активтер сомасы мен салымдар, депозиттер, есеп айырысу және, ағымды шоттардағы сомалар ара салмағын қалай анықтауға болады?

  2. Неліктен банкілерде өтімділікті басқаруда бірәз қиыншылықтар туындайды?

  3. Банктің өтімділік деңгейін реттеуде басшылық қолданатын негізгі ережелерді атаңыз.

Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмалары

Репродуктивті деңгей

  1. Банк өтімділігі деген түсініктің астарында не жатыр? Банк өтімділігі –банктің төлем қабілеттілігі және табыстылығы атты түсініктермен қалай жанасады?

  2. Басқарылылатын пассивтердің мәнін сондай-ақ, коммерциялық банктің өтімділік деңгейін қамтуда, оларды негізгі депозиттермен салыстыра отырып артықшылығын көрсетіңіз.

Репродуктивті-тәжірибелік деңгей

  1. Коммерциялық банктің депоненттелінген қаражаттарынан қалып-тасатын Ұлттық банкідегі міндетті резервтері қандай мақсаттарға тағайындалған?

  2. Банк балансының активтері мен пассивтерінің көмегімен өтімділікті басқару саясатын жүргізуде, коммерциялық банктердің белсенді қызметін баяулататын себептерді атаңыз.

Өткен материалды бекіту үшін тапсырмалар

    1. 2.9.кестесінің мәліметтерін қолдана отырып, Банк1 және Банк2 активтерінің қалыптасқан құрылымын бағалаңыз. Банктердің пайда табу деңгейіне активтердің әсер ету дәрежесін анықтаңыз. Аса тәуекеллі активтер мен табыс әкелетін активтердің шекті мөлшерлерінің мәнін анықтап, оларды оптималды деңгеймен салыстырыңыз. Аталған банктердің басшылықтарына табыс табу мен өтімділік деңгейін жоғарылату үшін қандай іс-әрекеттерді ұсынуға болады.

2-кесте

Көрсеткіштердің атауы

Банк1

Банк2

1. Пайдалылық (пайда %-те)

6.0

3.0

2.Активтер құрылымы (%):

2.1.Алғашқы резервтер (касса, корреспонденттік шоттағы қаражат).

2.2.Екінші резервтер (тез өтетін құнды қағаздар).

2.3.Несиелер (ссудалар).

2.4.Басқа да құнды қағаздар.

2.5.Ғимараттар мен құрылыстар

16.9

81.2

1.4

0.5

44.5

53.9

1.2

0.4

3.Табыс әкелетін активтердің шекті мөлшері (%)

?

?

4.Аса тәуекелді активтердің шекті мөлшері (%)

?

?

    1. Активтердің нақты баптарына пассивтердің жекелеген баптарын бекіту әдісін қолдану негізінде, 2.10-кестесінде ұсынылған нұсқалардан активтер мен пассивтердің оптималды құрылымын анықтаңыз.

3-кесте

Көрсеткіштердің аталуы

Нұсқалар (млн.теңгеде)

А

Б

В

Пассив

270

270

270

Талап еткенге дейінгі қаражаттар

Жинақ салымдары

Жедел салымдар

Меншікті капитал

30

60

120

60

90

-

120

60

210

-

-

60

Актив

270

270

270

Алғашқы резервтер

Қосымша резервтер(екінші)

Несиелер (ссудалар)

Басқа да құнды қағаздар

Ғимараттар мен құрылыстар

20

10

180

10

50

120

10

90

-

50

120

10

90

-

50

Әдебиеттер тізімі

  1. Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг. Введение в фондовые операции. – М.: Финансы и статистика, 1991.

  2. Балабанов И.Т. Финансовый менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1994.

  3. Банковское дело // Справочное пособие / Под ред. Ю.Бабичевой. – М.: Экономика, 1994.

  4. Банковское дело / Под ред. О.И.Лаврушина. – М., 1994.

  5. Банковское дело. Учебное пособие / Под ред. В.И.Колесникова, Л.И.Кроливецкой. – Санкт-Петербург: С-Пб УНФ, 1991.

  6. Банковские операции / Под ред. О.И.Лаврушина. Ч.1, 2. – М.,: Инфра, 1995.

  1. Бектаев К. Үлкен қазақша-орысша орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Алтын қазна, 1999. – 704 б.

  2. М.Р.Насырова, С.П.Токсанбай, С.К.Кулпыбаев, С.П.Гуляева. Совре-менный экономический русско-казахский толковый словарь-спра-вочник. – Алматы: 2003. – 880 с.

  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Жалпы редакцияны басқарған, С.К.Кеңесбаев. Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы. – Алматы, 1959.

  4. Шайсламов Ы., Шайсламов Б. Мемлекеттік қызметшінің орысша-қазақша сөздігі. – Тараз: Рысбаева және Ко, 1998.

  5. Березина М.П., Крупков Ю.С. Межбанковские расчеты. – М.: Финста-тинформ, 1993.

  6. Валовая Т.Д. Европейская валютная система. М.; Финансы и ста-тистика, 1986.

  7. Долан Э., Кэмпбелл К., Кэмпбелл Р. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – М., 1993.

  8. Рид Э., Коттер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки. – М.: Комо-полис, 1991.

  9. Международные валютные и кредитные отношения капиталистических стран / Под ред. Л.Н.Красавиной. – М.: Финансы и статистика, 1996.

  10. Основы банковского менеджмента. Учебное пособие / Под общ. ред. О.И.Лаврушина. – М.: Прогресс, 1994.

  11. Пебро М. Международные экономические, валютные и финансовые отношения. – М.: Прогресс, 1994.

  12. Ривуар Ж. Техника банковского дела. – М.: Прогресс-Универс, 1993.

  13. Роуз Питер. Банковский менеджмент. – М., 1993.

  14. Соколинская Н. Банковские риски: их регулирование и предупреждение // Бизнес и банки. – 1993. – №52.

  15. Справочник банкира / Под ред. Э.А.Уткина. – М.: ЭКМОС (ассоциация авторов и издателей «ТАНДЕМ»), 1998.

  16. Усоскин В.М., Орманбаев С.А. Современный коммерческий банк: Управление и операции. – М., 1993.

  17. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – М.: Финансы и статистика, 1992.

  18. Штайн Ю. Немецкая банковская система Банк-Ферлаг. – Кельн, 1992.

  19. Б.Бекбенбетова. Менеджмент в банковской системе. Учебное пособие. Тараз: ТарГУ, 2003. – С.107.

  20. ҚР-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде қаулы» Алматы қаласы. 2004 ж.27 қараша № 325

  21. www.afn.kz

  22. «Қаржы қаражат» журналы

  23. www.nationаlbank.kz

  24. www.stat.kz

  25. 37.www.aikyn.kz