
- •«Сумен қамтамасыз ету, канализация және жылулық жүйелер негіздері» пәннінің оқу-әдістемелік кешені
- •5В052400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»
- •Мазмұны
- •1 Глоссарий
- •2 Дәріс сабақтарының тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны
- •Өзін -өзі тексеру сұрақтары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
- •14. Практикалық сабақтардың атауы және олардың қысқаша мазмұны.
- •2 Тақырып. Тепе-теңдіктің дифференциал теңдеуі. Қысым күші.
- •3 Тақырып. Бернулли теңдеуі.
- •4 Тақырып. Гидродинамикалық ұқсастық. Сұйықтың қозғалыс режимдері.
- •5 Тақырып. Гидравликалық кедергі.
- •6 Тақырып. Құбырөткізгіштердің гидравликалық есебі.
- •7 Тақырып. Құбырдағы сұйықтың қалыптаспаған қозғалысы.
- •8 Тақырып. Тамшылы сұйықтардың ағуы.
- •4 Студенттің өздік жұмысы
- •1 Есеп.
- •2 Есеп.
- •3 Есеп.
- •5 Есеп.
- •7 Есеп.
- •24 Есеп.
- •26 Есеп.
- •27 Есеп.
- •29 Есеп.
- •34 Есеп.
- •35 Есеп.
- •Қосымша
- •1. Кейбір сұйықтардың тығыздығы мен кинематикалық тұтқырлығының орташа мәндері
- •2. Сұйық және қатты денелердің серпімділік модулінің орташа мәні
- •3. Қаныққан су буының қысымы рп
- •4. Эквивалентті бұдырлықтың мәні э
- •5. Жергілікті кедергі коэффициенттерінің мәні
2 Дәріс сабақтарының тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны
Дәріс 1. Ғимараттарды және жеке объетілерді сумен қамтамасыз ететің жүйелердің (СҚЖ) сипаттамалары.
Дәріс жоспары:
Міндеті бойынша СҚЖ түрлері.
Қызмет ету өрісі
Суды пайдалану тәсілі бойынша СҚЖ түрлері.
Ғимарарттарды және жеке объектілерді сумен қамтамасыз ететің жүйелері тұтынушыларды берілген сападағы сумен, қажетті мөлшерде және қажетті тегеурінде қамтамасыз ету керек.
Ғимараттарды және жеке объектілерді сумен қамтамасыз етілуі (кәсіпорынның, елді мекеннің) сыртқы су құбырөткізгіштері арқылы немесе өзінің жергілікті (жер асты немесе жер бетіндегі) сумен қамтамасыз ету көзінең болуы мүмкін.
Сумен қамтамасыз ету жүйелерін төмендегіше жіктеуге болады:
1) міндеті
2) қызмет ету өрісі
3) суды пайдалану тәсілі
4) ортанатылған құрал жабдықтарды есепке алып тегеуірінмен қамтамазыз етіліу бойынша.
1) Міндеті бойынша сумен қамтамасыз ету жүйелері шаруашылық-ауыз су, өндірістік және өртке қарсы болып бөлінеді.
Шаруашылық-ауыз су сумен қамтамасыз ету жүйелері тұтынушыларды сапалы (ішуге жарамды) сумен қамтуға міндетті. Тұтынушылармен су ауыз су ретінде, шаруашылық-тұрмыстық, санитарлы-гигиеналық және технологиялық мақсаттарға қолданылады. Бірақ қажет болғанда олар техникалық немесе басқа қажеттіліктерге пайдалану мүмкін.
Кейбір жағдайларда ғимараттарда екі болек су құбырөткізгіштерді орнатады. Бір құбырөткізгіш ауыз су үшін, ал екіншісі – техникалық су үшін.
Өндірістік ғимараттарда арнайы ауыз су құбырларын өткізеді. Бұл құбырларда су көмірқышқыл газбен қанықтырылған, тұздалған және суытылған болады.
Өндірістік сумен қамтамасыз ету жүйелері кәсіпорынның техникалық қажеттіліктер үшін сумен қамтамасыз етеді. Өндірістік СҚЖ-де су ауыз су сапасына сәйкес болмау мүмкін немесе арнайы алдын ала өндеуден өткізлуі мүмкін (жұмсартылған, өңсіздендірілген, тұзсыздандырылған, обезжелезнена (темір мөлшері азайтылған) ж.т.б).
Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелері ғимараттардағы өрттерді ауздықтау үшін қолданылады. Судың сапасы бұл жүйелерде белгіленбейді, ал мөлшері Құрылыс нормаларға және ережелерге сәйкес болу қажет.
2) Қызмет ету өрісі бойынша сумен қамтамасыз ету жүйелері мынадай түрлері болады:
- ажыратылған (бөлек), яғни бір бірімен қосылмаған (себебі судың сапасы оларда әртүрлі болу мүмкін);
- біріккен (шарушылық-өртке қарсы, өндірістік-өртке қарсы немесе шарушылық-өндірістік) жүйлерде берілетін судың сапалы бірдей болуы тиіс;
- бірыңғай жүйелер суды барлық қажеттіліктерге (шаруашылық-ауыз су, өдірістік және өртке қарсы) беруін қамтамасыз етеді. Бірыңғай жүйелердегі судың сапасы ауыз су сапасына сәйкес болу керек.
3) Суды пайдалану тәсілі бойынша сумен қамтамасыз ету жүйелері мынадай түрлерге бөлінеді:
-бірбағытты;
-айналма;
- қайта пайдалану.
Суды үнемдеу мақсатында айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйелерді қолдану керек. Судың сапасын берілген деңгейде (технологиялық талаптарға сәйкес) сақтау үшін осындай жүйелерде суды дайындау жергілікті қондырғыларын пайдаланады және мөлшерін толықтыру үшін жана суды қосады.
Дәріс 2 Ғимараттарды және жеке объетілерді сумен қамтамасыз ететің жүйелердің (СҚЖ) сипаттамалары
Дәріс жоспары:
Тегеуірінді жоғарлататын насостық қондырғысымен ғимаратты СҚЖ;
Тегеуірінді жоғарлататын насостық қондырғысымен және тегеуірінді бакпен ғимаратты СҚЖ.
Тегеуірінді жоғарлататын насостық қондырғысымен және гидропневматикалық қондырғысымен шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы біріккен СҚЖ.
Зоналық жүйесі.
Тенестіргіш бактары бар СҚЖ.
Айналма және қайта пайдалану СҚЖ.
Ортанатылған құрал жабдықтарды есепке алып тегеуірінмен қамтамазыз етіліу бойынша
а) Сыртқы су құбырөткізгіштер арқылы тегеуірінмен толық қамтамасыз етілітін жүйелер, яғни сырттан келетін судың тегеуіріні барлық тұтынушылар үшін жеткілікті.
б) Сыртқы су құбырөткізгіштер арқылы тегеуірінмен қамтамасыз етілмейтін жүйелер.
Осындай жағдайда жүйеге судың тегеуірінің жоғарлататын қосымша қондырғылар орнатады: тегеуірінді бак, насостық немесе пневматикалық қондырғылар. Бактағы судың деңгейі немесе жүйедегі қажетті тегеуірін төмендегенде тегеуірінді жоғарлататын насостардың автоматты түрде қосылыу қарастырылған.
Сурет 1. Тегеуірінді жоғарлататын насостық қондырғысымен ғимаратты сумен қамтамасыз ету жүйесі (су төменнен сақиналы тармақ бойынша беріледі): 1- судын кіруі №1; 2- кері клапан; 3 – қосқыш; 4- жапқыш арматура; 5- өрт сөндіру стоягі; 6 - өрт сөндіру крандары; 7- судың мөлшерөлшегіші; 8- монтажды жапқыш вентильдар; 9 – суаратын кран; 10 – тығын; 11 – сақиналы магистраль; 12- насос қондырғысы; 13 – судын кіруі №2
Сурет 2. Тегеуірінді жоғарлататын насостық қондырғысымен және тегеуірінді бакпен ғимаратты сумен қамтамасыз ету жүйесі: 1- судын кіруі; 2- мөлшерөлшегіш; 3 – тегеуірінді жоғарлататын насос; 4- магистраль; 5- тегеуірінді бак; 6 - кері клапан; 7- стояктар; 8- арматура;
Сурет 3. Тегеуірінді жоғарлататын насостық қондырғысымен және гидропневматикалық қондырғысымен шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы біріккен сумен қамтамасыз ету жүйесі: 1- судын кіруі; 2- мөлшерөлшегіш; 3 –айналма желі; 4- шаруашылық насос; 5- резервті насос; 6 - магистраль; 7- таратушы құбырлар (стояктар); 8- қысым реттегіші; 9 – пневматикалық қондырғы; 10 – компрессор.
Биік ғимараттарда (50 м жоғары – 17 және одан көп қабат) сумен қамтамасыз етудің зоналық жүйесі қолданылады. Осындай биік ғимараттардағы құбырларда тегеуірін мүмкін бола алатын тегеуіріннен асып кетуі мүмкін.
60 м (немесе 6,0 кгс/см2 (0,6 МПа)) –шаруашылық –ауыз су СҚЖ үшін
90 м (немесе 9,0 кгс/см2 (0,9 МПа)) – өртке қарсы СҚЖ үшін
Сонымен бірге
бірінші зона (7-8 қабат) сыртқы су құбырөткізгіштің тегеуірінімен қамтамасыз етіледі.
екінші зона жылупункттің жеке ғимаратында орнатылған тегеуірінді қосымша жоғарлататын насос қөмегімен қамтамасыз етіледі.
Егер ғимараттың биіктігі үлкен болса, онда зоналардың саны былай анықталады:
nэтаж – қабаттардың (этаждардың) саны; Нэтаж – қабаттын биіктігі;
Ндоп – зонаның мүмкіншілік биіктігі (60 м немесе 90 м СҚЖ түріне байланысты).
Әр зона үшін, магистральдар, тегеуірінді бактар, арматура және т.б. жабдықтар орнатылатын, техникалық этаж қарастырылады.
Бірінші зонадағы қабаттардың саны сыртқы су құбырөткізгіштегі кепілді (минималды) тегеуірінге байланысты:
Әр кейінгі зонадағы құбырларға су тегеуірінді жоғарлататын жеке насостармен беріледі.
Егер суды бір техникалық этажда орналасқан тегеуірінді бактан насоспен басқа зонаның багына берсе онда мұндай зона тізбектелген деп аталады.
Егер суды бірінші техникалык қабатта (подвалда) орналасқан насостармен әр зонаның құбырларына берілсе, онда мұндай схема параллельды деп аталады.
Сонымен қатар ағынның үзіліумен және қабылдағыш резервуарымен жүйе болады. Ішкі құбырөткізгіштегі кепілді тегеуірін өте кіші (5 м немесе 0,05 МПа кем) болғанда, оны қолданады. Бұл жағдайда су сыртқы құбырөткізгіштен мөлшерөлшегіш арқылы ғимараттан тысында орналасқан қабылдағыш резервуарға беріледі. Ары қарай насостар суды ғимараттың ішкі құбырларына береді. Бірақ осындай жүйе салыстырмалы түрде сирек қолданады.
Сурет 4. Тұрғын ғимараттын СҚ зоналық жүйесі. 1 - қысым реттегіш; 2 - бірінші зонаның стоягі; 3 – өртке қарсы стояк; 4 – задвижка; 5 – струйное реле; 6 – тегеуірінді бак; 7 – екінші зонаның стоягі; 8 – магистральды тармақ; 9 - кері клапан; 10 – өртке қарсы насостар; 11 – шаруашылық насостар; 12 – кіру құбырлары.
Тенестіргіш бактары бар жүйе өндірістік ғимараттарда және де тұрғын объектілерде суық және ыстық сумен ортақтырылған қамтамасыз етілуі қарастырылғанда қолданады. Осындай жүйелерде тегеуірінді бактарды бір бийіктікте орнатады. Бұл тұтынушыға суды бірдей қысымда берілуін қамтамасыз етеді. Осындай жүйе жоғары гидравликалық тұрақтылықпен сипатталады.
|
Сурет 6. Тенестіргіш бактары бар ішкі құбырөткізгіштерін жүйесі: 1 – кіру; 2 – мөлшерөлшегіш; 3- суық судың тегеуірінді багы; 4 – ыстық судың тегеуірінді багы; 5 – жоғарыдан берілетін суық және ыстық сумен қамтамыз ететін тармақ; 6 – жылу генераторы. |
Айналма СҚЖ бір суды көп рет қайталап пайдаланады. Бірақ бұл жағадайда судың сапа көрсеткіштері және жалпы мөлшері өзгереді. Мысалы, компресорды айналма суыту жүйесін қарастыруға болады.
Компрессорды суыту үшін бұл СҚЖ су бір рет суытатын орта ретінде пайдаланудан кейін қызады және оны қайтадан қолдану үшін градирняда суытады. Соның нәтижесінде градирнядан шыққан судын температурасы төмендеп, оны қайтадан комперссорды суыту үшін қолдануға болады.
Бірақ градирняда судың бір бөлігі буланып және жан жаққа шәшрап азаяды. Сондықтан айналма СҚЖ жана сумен толықтырылу керек. Сонымен бірге судын тұзды құрамы, бактериялық құрамы және т.б өзгеру мүмкін.
Сурет 7. Өндірістік міндеті үшін ішкі құбырөтгізгіштердің жүйесі:а – айналма (рециркуляциялы); б - қайта пайдалану: 1- кіру; 2 – насос қондырғысы; 3 – тұтынушылар; 4 – тегеуірінді бак; 5 – суды қайта пайдалану құбыры; 6 – тегеуірінді циркуляциялы тармақ; 7- градирня; 8 – суытылған судың қабылдағыш резервуары.
Бір цехтағы бір технологиялық желідегі су бір рет пайдаланғаннан кейін басқа тұтынушылармен басқа қажеттіліктерге қолдануға мүмкін болғанда қайта пайдалану СҚЖ қолданады.