Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«сумен -амтамасыз ету, канализация ж-не жылулы-...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.95 Mб
Скачать

1 Глоссарий

Ареометр – сұйықтың тығыздығын өлшейтін аспап.

Барометр – атмосфералық қысымды өлшейтін аспап.

Тұтқырлық (сұйықтың ішкі үйкелісі) – әртүрлі жылдамдықпен аққан сұйықтың екі қабатының арасында қозғалысқа қарсылық.

Вискозиметр – сұйықтың тұтқырлығын анықтауға арналған аспап.

Вакуумметрлік қысым (вакуум) – атмосфералыққа жетпейтін қысым (қысымның жетіспеуі), яғни атмосфералық және абсолютті қысымдар арасындағы айырма.

Гидростатика – гидравликаның бір бөлімі, ол сұйықтар мен газдардың тепе-теңдік заңдылықтарын қарастырады.

Гидравликалық радиус – сұйық ағатын құбырдың немесе каналдың көлденең қима ауданының сұйықтану периметріне қатынасы.

Гидравликалық соққы – сұйықтың қозғалыс жылдамдығы кенеттен өзгерген кездегі ағынды құбырөткізгіштегі қысыммынң кененеттен өзгеру құбылысы.лық соққы ғалыс жылдамдығы кенеттен көлденең қима ауданының сұйықтану периметріне қатынасы месе сұйықтың ішкі үйкелісі деп ата

Гидравликалық көлбеулік – ағынның бірлік ұзындығына шаққандағы ағынның меншікті энергия шығыны.

Дифференциальды манометр – кез-келген екі нүктедегі қысым айырмасын өлшеуге арналған аспап.

Сұйық – аққыштық қаситеті бар үздіксіз орта.

Артықша қысым (манометрлік) – атмосфералықтан артық болатын қысым, яғни абсолютті және атмосфералық қысым арасындағы айырмашылық.

Тамшылы сұйықтар – термин, газдан сұйықтың айырмашылығын көрсетеді.

Манометр – артықша қысымды өлшейтін аспап.

Жергілікті гидравликалық кедергілер – ағын жылдамдығының шамасы немесе бағыты өзгеретің құбырдың қысқа бөліктері.

Қалыптаспаған қозғалыс – сұйықтың жылдамдығы мен гидродинамикалық қысымы уақыт және кеңістік координаталарының фунукциясы болып табылады, яғни тек кеңістік координатарына байланысты ғана өзгереді.

Буғаайналу – тамшылы сұйықтардың өзінің агрегаттық күйінен газды күйге ауысуы.

Пьезометр – қысымды өлшеуге арналған сұйықты құбыр.

Тең қысымды бет – барлық нүктелерінде гидростатикалық қысым шамасы бірдей болады.

Пьезометрліқ көлбеулік – ағынның бірлік ұзындығына кететін ағынның потенциалдық энергиясының өзгеруі.

Мөлшер – уақыт бірлігінде қөлденен қима арқылы ағып өткен сұйық шамасы.

Қалыптасқан қозғалыс – ағынның барлық көлденең қимасында гидродинамикалық тегеуріннің шамасы тұрақты болады, яғни қозғалыс жылдамдығы мен бағыты уақыт бойынша өзгермейді.

Тәуелсіз (бос) бет – сұйық пен газ тәрізді ортаның өзара бөліну беті.

Сұйықтану периметрі – ағынның көлденең қимасының оны шектейтін қабырғалармен жанасу сызығының ұзындығы.

Сифонный трубопровод (сифон) - қоректендіргіш резервуардағы сұйық деңгейінен қысқа құбырөткізгіштің біраз бөлігі жоғары болады, және сол себептен ол вакуумда жұмыс істейді.

Қысымды дене – берілген қисықсызықты беттегі және үстінгі жағынан тәуелсіз (бос) бетпен шектелген сұйықтың тік бағанасының көлемі

Вентури құбыры – құбырөткізгіш арқылы ағатын сұйықтың мөлшерін анықтауға арналған дроссельді шығынөлшегіш.

Құбырөткізгіштің сипаттамасы – құбырөткізгіштегі тегеуріннің қосынды шығынының шығынға тәуелділік графигі.