Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
«сумен -амтамасыз ету, канализация ж-не жылулы-...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.95 Mб
Скачать

6 Тақырып. Құбырөткізгіштердің гидравликалық есебі.

Сабақ мақсаты: Қарапайым және күрделі құбырөткізгіштерді есептеу әдістері.

Есептерді шешуге арналған нұсқау.

Құбырөткізгіштерді есептеу үш типті есептерді шешуден басталады (34-36 бет).

Құбырөткізгіштер қарапайым болады егер олардың тармақтары болмаса. Параллель және тізбектей қосылған құбырлардын тұратын құбырөткізгіштер күрделі деп аталады.

Егер құбырөткізгіш тізбектей қосылған болса, онда

.

Егер құбырөткізгіш параллель қосылған болса, онда

.

Келтірілген теңсіздіктер күрделі, тізбектей және параллельді қосылған қарапайым құбырөткізгіштерден тұратын құбырөткізгіштердің сипаттамасын тұрғызу әдістерін негізі болады.

Бақылау сұрақтары.

1. Қандай құбырөткізгіштер гидравликалық қысқа деп аталады? 2. Гидравликалық ұзын құбырөткізгіштерге анықтама беріңіз? 3. Гидравликалық қысқа және гидравликалық ұзын құбырөткізгіштердің айырмашылығы неде? 4. Құбырөткізгіштерді есептегендегі негізгі есептер типін атаңыз? 5. Құбырөткізгіш арқылы ағатын сұйық шығынын анықтайтын есептердің нәтижесін қалыпқа келтір. 6. Турбулентті режим кезінде сұйық шығынын анқтауға арналған байланысты жазыңыз. 7. Шығын сипаттамасы дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі қандай? 8. Сұлбада тізбектей және параллель қосылған құбырөткізгіштер және оның бөлімдері көрсетілген, оны түсіндіріп беріңіз. 9. Құбырөткізгіш есебін графиктік әдіспен шешудің принципін анықтаңыз?

10. Ламинарлы және турбулентті қозғалыстар үшін құрастырылған құбырөткізгіш сипаттамаларының арасында айырмашылық бар ма? 11. Сифонды құбырөткізгіштерге анықтама беріңіз. 12. Сифонды құбырөткізгіштерді есептеу ерекшеліктері

13. Есептерді шешіңіздер.

1. Тегеурінді сұйық құбырөткізгіштің тегіс қабырғалары арқылы қозғалады. Құбырөткізгіштің диаметрі т , ұзындығы – . Құбырөткізгіште жергілікті кедергі коэффициенттері бар және кран . Сұйық тұтқырлығы . Шығынды анықта.

Нұсқау. деп қабылдаңыз.

2. Болат құбыр арқылы аққан сұйықтың шығынын анықтаңыз ( ) құбыр диаметрі , жалпы ұзындық , тегеурін .

Құбырды басқамен ауыстырғандағы шығын қалай өзгереді?

Екі құбырдағы шығын бірдей болу үшін тегеурінді қанша шамаға дейін азайту керек? Есепті графиктік әдіспен шешу керек.

3. Ашық тұрған резервурадан тұрақты қимадағы диаметрі және ұзындығы құбыр бойымен мөлшері су ағады. Гидравликалық кедергі коэффициентін тең деп аламыз. Тегеурінді анықтау керек.

Әдебиеттер:

4.1.3. Задачник по гидравлике, гидромашинам и гидроприводу /под редакцией Б.Б. Некрасова/ – М.: Высшая школа, 1989. - 192 б. –68 – 82 бет;…

4.2.2. Старк С.Б. Основы гидравлики, насосы и воздуходувные машины. – М.: Государственное научно-техническое издательство литературы по черной и цветной металлургии, 1961. – 461 б. –179 – 221 бет.

7 Тақырып. Құбырдағы сұйықтың қалыптаспаған қозғалысы.

Сабақ мақсаты: Құбырөткізгіштегі қысымның жоғарылауын анықтау. Есептерді шешуге арналған нұсқау.

Бұл бөлімнің есептері Н. Е. Жуковск формуласы көмегімен анықталады. Ескере кететін жай, гидравликалық соққы кезінде қозғалып бара жатқан сұйықтың ағысының кинетикалық энергиясы оның кездейсоқ тоқтаған кезінде сұйықты сығу жұмыстарына және құбырөткізгіш қабырғаларын керу жұмыстарына шығындалады. Гидравликалық соққыны азайтудың бір әдісі – тығынды баяу жабу. Бұл кезде гидравликалық соққы фазасын анықтау және тығынды жабу уақытымен салыстыру керек.

Бақылау сұрақтары

1. Гидравликалық соққы әсерінен жүретін процестердің мәнін түсіндіріңіз. 2. Соққылы қысымды анықтауға арналған тәуелділікті жазыңыз. 3. Гидравликалық соққы фазасы дегеніміз не? 4. Гидравликалық соққыны жекелеу әдістері қандай? 5. Соққылы толқынның таралу жылдамдығы неге байланысты? 6. Тура емес соққы дегеніміз не? Ол қашан туады? Қандай жағдайда соққылы қысымды анықтауға болады? 7. Гидравликалық соққы кезінде құбырөткізгіш қабырғаларын керу жұмыс неге тең? 8. Гидравликалық соққы кезінде сұйықты сығу жұмысы неге тең? 9. Жуковск формуласын өз беттеріңізде алыңыздар. Оқулықта кетлтірілген нәтижелермен салыстырыңыз.

10. Есептерді шешіңіз.

1. Ұзындығы және диаметрі болат құбыр бойынша су ағады. Тығынды жапқан кездегі құбырдағы қысым қаншалықты өскенін анықтау керек, егер бірінші жағдайда жабу уақыты , ал екінші жағдайда .

2. Құбырөткізгіш тығынын кездейсоқ жапқан кездегі гидравликалық қысым соққысын анықтаңыз. Жылдамдығы , сұйық тығыздығы , толқынды соққының таралу жылдамдығы белгілі болса.

3. Ұзындығы құбырөткізгіште гидравликалық соққының әсерінен қысым шамаға дейін көтеріледі. Бастапқы мәнге жету үшін қанша уақыт қажет.

Әдебиеттер:

4.2.2. Старк С.Б. Основы гидравлики, насосы и воздуходувные машины. – М.: Государственное научно-техническое издательство литературы по черной и цветной металлургии, 1961. – 461 б. – 219 – 221 бет;

4.2.3. Яблонский В.С., Исаев И.А. Сборник задач и упражнений по технической гидромеханике. – М.: Государственное издательство физико-математической литературы, 1963. – 200 б. –106 – 108 бет.