
10 Вариант.
Тегіс салалы бұлш.тіні.Бұлшық ет тіндері жалпы қызметі-жиырылу қызметіне біріктірілген тіндердің түрі болып табылады. Тегіс бұлшық ет тіндеріне мезенхимадан дамитын бұлшық ет тіні (тамырлар мен ішкі мүшелердің), эктодермадан дамитын (тер, сүт, сілекей, көз жасы бездерінің миоэпителиоциттері), шығу тегі мионейралды (көз қарашығын кеңейтетін және тарылтатын бұлшық еттер ) жатады. Бұл тіндердің миофибрилдерінің компоненттерінің орналасуында оларда жолақтылық болмайды. Жолақты бұлшық ет тіндеріне қаңқалық және жүрек бұлшық ет тіндерін жатқызады. Оларда миофибрилдер ақшыл және күңгірт аймақтардан тұратын құрылымдық- қызметтік бірліктер саркомерлерден құралған. Олар миофибрилдерге және барлық бұлшық ет талшығына жолақтылық береді Құрылысы. Ересек организмде тегіс бұлшық ет тіні асқорыту жолы мүшелерінің құрамына кіреді, қан және лимфа тамырларының, бронхиалды тармақтың, жатыр түтікшелерінің, жатырдың, несепағардың, қуықтың бұлшық ет қабықшаларынын құрайды, көк бауырдың капсуласының құрамына кіреді, эндокардта бар. Тамырлардың қабырғаларының тегіс бұлшық ет тіні бірнеше құрылымдық-қызметтік белгілері бойынша басқа жерде орналасқан бұлшық ет тінінен ерешеленеді
Лейкоцит.ЛЕЙКОЦИТТЕР. Олар қанның ақ түйіпшіктері. Оларды цитоплазмасындағы түйіршіктерінің барлығына немесе жоқтығына орай екі топқа жіктейді: түйіршікті (гранулоциттер) лейкоциттер, түйіршіксіз (агранулоциттер) лейкоциттер. Бұл түйіршіктердің біреуі қышқыл, екіншілері негізгі, ал үшіншілері екі бояуды да қабылдайды. Сондықтан оларды базофилдер, нейтрофилдер, эозинофилдер деп атайды. Түйіршіксіз лейкоциттерді лимфоциттер және моноциттер деп жіктейді. Бүкіл лейкоциттер дөңгелек пішінді болып келеді. Жалпы саны ересек адамда 3.8-9.0 х 109г/л болып келеді. Олардың саны тамақтанғанда, еңбек еткенде, миға күш түскенде (ойлау кезінде) - өзгереді. Лейкоциттер белсенді қозғала алады. Олар қан тамырының ішінен шығып, дәнекер, эпителий тіндерінің арасында орналасуы және де сол жерлерде қызметін атқаруы мүмкін. Олардың жылжу жылдамдығы әртүрлі жағдайларға байланысты: орналасқан ортасының консистенциясына (тұтқырлығына), РН, температурасына т.б. Лейкоциттердің санының көбеюі лейкоцитоз, ал кемуі лейкопения деп аталады. НЕЙТРОФИЛДЕР – дөңгелек пішінді болып келген жасушалар (диаметрі 7.9 мкм, әйнекте олар 10-12 мкм дейін болады). Ересек адамның қанында бүкіл лейкоциттердің 65-75% нейтрофильдер. Бұл жасушалардың цитоплазмасында ұсақ түйіршіктер болады. Олар екі түрлі болады: азурофильді және нейтрофильді. Түйіршіктер цитоплазмасының шеткі аймақтарында болмайды. Бұл аймақ нейтрофильдің қозғалуына қатысады. Нейтрофилдердің дамуына, ядросының пішініне байланысты оларды үш топқа бөлеміз: 1.Ядросы сегменттелген нейтрофил 60-65% 2.Ядросы таяқша тәрізді нейтрофил 3-5% 3.Ядросы бұршақ тәрізді немесе жас нейтрофил 0-0.5% ЭОЗИНОФИЛДЕР (диаметрі 10 мкм, әйнекте 14 мкм). Бүкіл лейкоциттердің арасында эозинофилдер 1-5% болады. Эозинофилдердің цитоплазмасында дөңгелек не сопақша оксифильді боялатын көлемі 0.5-1.5 мкм түйіршіктер орналасады. Қышқыл бояуды қабылдайтын себебі бұл түйіршіктер аргининге бай негізгі белоктан тұрады. Түйіршіктерінде арилсульфатаза мен гистаминаза ферменттері болады. Эозинофилдердің дамуына байланысты үш түрін ажыратамыз: 1.Ядросы сегменттелген эозинофил 2Ядросы таяқша тәрізді эозинофил 3.Жас эозинофилБазофилдердің көлемі 9 мкм, әйнекте 12 мкм. Қанның құрамында лейкоциттердің 0.5-1% құрайды. Базофилдердің цитоплазмасында үлкен дөңгелек болып келген базофилді боялған көлемі 0.5-1.2 мкм түйіршіктер болады. Түйіршіктерге метахромазиялық қасиет тән. Базофилдердің қызметі гистамин мен гепариннің метаболизміне қатысу. Олар қанның ұю жүйесіне, тіндік гомеостазға, аллергиялық реакцияларға өзінің әсерін тигізеді. АГРАНУЛОЦИТТЕР ЛИМФОЦИТТЕР. Адам қанының құрамыда 20-35% болады (көлемі 4.5-10 мкм). Көлеміне орай оларды кіші (4.5-6), орташа (7-10) және үлкен (10 - >) деп жіктейді. Үлкен көлемді лимфоциттер жас балаларда кездеседі, ересек адамда болмайды. Ядролары базофилді, дөңгелек болып кездеседі. Лимфоциттерді даму орнына, дифференцировкасына байланысты екі топқа бөледі: тимуске тәуелді Т-лимфоциттер, және В-лимфоциттер. МОНОЦИТТЕР – ең үлкен жасушалар (олардың диаметрі 12 мкм, әйнекте 20 мкм). Қанда 6-8% болады. Моноциттер организмнің макрофагтық жүйесіне немесе мононуклеарлық фагоцитарлық жүйесіне жатады. Қанда моноциттер 36-104 сағат болады. Тіндерге орын ауыстырған моноциттер макрофагқа айналады. ТРОМБОЦИТТЕР қызыл жілік майында болатын мегакариоциттердің цитоплазмасының үзіндісі. Олар 5-8 күн өмір сүреді, қанның ұюына көмектеседі. Әрбір тромбоцит гиаломерден және грануломерден тұрады. Тромбоцитердің бес түрін ажыратады
3. Рефлекторлық доға 1-рецептор. 2-сезімтал нейрон.3-ендірме нейрон.4-қозғалтқыш нейрон. 5-моторлы түйін