Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_rk_4_teoria_po_varianttam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.9 Кб
Скачать

2 Вариант.

  1. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні, жасушалары, аралық заты,негізгі заты, талшықтары.Борпылдақ дәнекер тіні ағзада көптеген мүшелердің құрамында кездеседі , оның ішінде қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршап , көптеген мүшелердің стромасын түзеді. Бұл тіннің құрамында жасушалары мен жасуша аралық заты бар. Жасушалары. Дәнекер тіннің ен негізгі жасушаларына , фибробласттар , макрофагтар , тін базофильдері , адвентициальді жасушалар , плазмоциттер ,май жасушалары мен қаннан келген лейкоциттер және пигментоциттерде кездеседі. Фибробласттар – жасуша аралық заттың құрамындағы белоктарды , протеогликандарды , гликотротеиндерді синтездейді. Мезенхимадан дамыған жасушаларда фибробласттардың дифферон қатарын түзетін; бағаналы , жартылай бағаналы – жасуша ізашарлары , аз маманданған , маманданған фибробласттар ( пісіп жетілген ) , фиброциттер , миофибробласттар және фиброкласттар болады. Аз маманданған фибробласттардың – аздаған өсінділері бар , дөңгелек пішіні болып келген ядросы мен ондағы шағын ғана ядрошығы анықталған. Пісіп жетілген фибробласттар тіннің құрамында өте белсенді түрде қызмет атқаратын жасушалар. Цитоплазмасы базофильді боялған , жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалы торы бар , Гольджи комплексі , митохондриялары мен лизосомалары көп. Фиброциттер – фибробласттардан дамыған дефинитивті түрі. Миофибробласттар – фибробласттарға ұқсас , коллаген белоктары мен қоса , жиырылғыш белоктарды да синтездейтін жасуша.Фиброкласттар – фагоцитарлық қабілеті өте белсенді мүшелердің инволюциясы кезеніңде жасуша аралық затын сорады.Макрофагтар - өте ірі , гетерогенді арнайы қызмет атқаратын ағзадағы қорғаныс жүйесіне қатысатын жасушалар тобына жатады. Макрофагтардың бос және бекінген түрлерін бөлінеді.Бос макрофагтарға борпылдақ дәнекер тінінің гистиоциттері , серозды қабықтағы макрофагтар , өкпе макрофагтары жатса , ал бекінген макрофагтарға сүйек тініндегі ,

сүйек кемігіндегі , көк бауырдағы , лимфа түйіндеріндегі , эпидермистегі (Лангерганс жасушалары ) , плацентадағы макрофагтар жатады. Макрофагтардың плазмолеммасында қатерлі ісік жасушаларына эритроциттерге , Т және В – лимфоциттеріне , антигендерге , гормондарға арналған арнайы рецепторлары болады. Макрофагтардың бір түрі көп ядролы ең ірі жасушалар – симпласт. Тін базофильдері – цитоплазмасында базофильді түйіршіктері болатын жасушалар. Бұлар дәнекер тіндегі гомеостазды реттейтін негізгі тін базофильдері. Плазмоциттер – ағзадағы антигенге қарсы антидене гамма – глобулинді синтездейді. Саны – аллергия мен қабыну процестерінде көбейеді.Адипоциттер – май жасушалар , ағзада трофикалық энергия қоры болып , судың метоболизміне қатысады ағзада, мүшелерде шоғырланып май тінін түзеді. Дәнекер тіндерінің аралық заты коллаген және эластин талшықтарымен негізгі заттан тұрады. Коллаген талшықтары. Дәнекер тіндеріне мықтылық қасиет беретін , әртүрлі бағытта немесе ретімен орналасқан қалыңдығы 1 – 3 мкм , ал ұзындығы әртүрлі болып келген фибриллярлы белок – коллаген. Құрамында протофибрилярлары бар , қалыңдығы 5 нм болатын микрофибриллалар. Коллаген талшықтарының тағы бір түрі ретикулярлы немесе преколлаген талшықтары.

Құрамында микрофибриллярлы мен аморфты компоненті болатын құрылым. Эластин талшықтарының негізгі белогы – эластин. Даму немесе қалыптасу деңгейлері: молекулярлы , жоғарғы молекулярлы , фибриллярлы және талшықты болып жіктеледі. Ең пісіп – жетілген эластин талшықтарының 90 % аморфты компонентпен эластин белогынан (10 %) тұрады. Дәнекер тіндерінің жасушаларымен талшықтары аморфты компонентінде жабысып орналасады.Бұл компонентті гель тәрізді , қоймалжың субстанция , интегратты – буферлі жүйе деп аталады. Құрамында қан плазмасының белоктары , су, иондар , жасушалардың зат алмасу процесінен пайда болған өнімдер , протеогликанды құрылымдары болады. Аморфты заттың құрамында: гликоамингликандар ( ГАГ ) , протеогликандар ( ПГ ) , гепарин , гликопротеиндер ( ГП ) , фибронектин , фибриллин , ламинин болатыны белгілі.

  1. Жүйке тіні, жүйкелік жасушалар даму жіктелуі. Жүйке тіні арнайы қызметтерді атқаратын: тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, жүйке импульсін туғызып, оны өткізуді қамтамасыз ететін, бір-бірімен байланысты жүйке жасушалары немесе нейрондары мен нейроглияның жиынтығы. Нейроглия жүйке тінінің қосымша аппараты болып саналады да маңызды қызмет атқарады. Бұл тін барлық тіндер мен мүшелердің реттелуін, олардың ағзадағы және қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің мүшелерінің құрылысының негізі болып саналады. Жүйке тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма алғашқыда қалыңдап – жүйке пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір-бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінеді. Осыдан жүйке түтігі пайда болады. Жүйке жасушалары. Жүйке жасушалары немесе нейроциттер (нейрондар) өсінділі тармақталған, мөлшері 4-130 мкм-дей. Жүйке жасушалары нейрондардың денесі одан тараған өсінділері біреу немесе бірнеше болулары мүмкін.

. Егер нейрондардың денесінен көптеген өсінділер шықса, онда мұндай нейронды – мультиполярлы деп атайды. Бұл өсінділердің біреуі міндетті түрде аксон, ал қалғандары дендриттер болып келеді. Бұлардан басқа псевдоуниполярлы (жалған бір өсінділі) денесінен бір өсінді шығып, кейін екіге бөлінеді, оның бірі – аксон, ал екіншісі – дендрит Нейрондардың тағы бір түрі униполярлы немесе бір өсінділі – бұл нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады. Нейрондардың денесінде екі өсінділері – бірі аксон, екіншісі дендрит – бұл биополярлы нейрондар

3. Жүрек колд.бұлш.тіні1-кардиомиоцит, 2- ядро кардиомиоцита, 3- ендірме диск

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]