Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_rk_4_teoria_po_varianttam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.9 Кб
Скачать

2.Қан жасау. Эритроцит.

ГЕМОЦИТОПОЭЗ немесе қанжасу деп қанның тін ретінде пайда болуын, дамуын айтамыз. Оның екі түрі бар: эмбриональдық және постэмбриональдық. Қанның тін ретінде пайда болуын эмбрионалдық қанжасу деп атайды. Постэмбрионалдық қанжасау деп қанның физиологиялық қалпына келуін айтады. Эритроциттердің дамуы – эритроцитопоэз, гранулоциттердің дамуы – гранулоцитопоэз, тромбоциттердің дамуы тромбоцитопоэз, моноциттердің дамуы – моноцитопоэз, лимфоциттердің дамуы және иммуноциттердің дамуы – лимфоцито- және иммуноцитопоэз деп аталады. Қанның пайда болуы алғаш рет саруыз қапшығында, одан кейін бауырда, қызыл жілік майында және лимфоидты мүшелерде өтеді. Эмбриогенездің 2-3 аптасында саруыз қапшығында мезенхима жасушалары өсінділерін жоғалтып, қанның дің (діңгекті) жасушалары айналады. Бұл жасушалардан құралған аралшықтарды сыртынан жазық жасушалар қоршай орналасады. Кейінгілерінен қан тамырлары түзеледі. Алғашқы қан жасушаларының көбі митозбен бөлінеді де алғашқы эритробласттарға айналады. Эритробласттардың көлемі үлкен болғандықтан бұл мегабластық эритроциттердің пайда болуы деп аталады. Нормобластық қанжасауда өте бастайды. Сары уыз қапшығында қанжасау тамыр ішінде өтеді (интраваскулярлық). Эмбриогенездің бесінше аптасында бауыр қанжасау орталығына айналады. Бұл жерде қанжасау тамырдан тыс жерде жүреді. Қанжасау сары уыз қапшығынан орын ауыстырып келген жасушалардың есебінен жүреді. Бауырда эритроциттер, нейтрофильдер, эозинофильдер түзеледі. Мегакариоциттерде бауырда туындай алады. Тимуста эмбриогенездің 7-8 аптасында лимфопоэз басталады. Құрсақ ішілік даму кезінде көк бауырда экстраваскулярлық түрде қанның бүкіл пішіндік элементтері дамиды. Ересек адамда лимфоцитопоэз ғана сақталады. Қызыл жілік майында қанжасау эмбриогенездің 12 аптасында басталады. Постэмбрионалдық қанжасау арнайы гемопоэтикалық тінде – миелоидты тінде өтеді. Бұл қанның физиологиялық қалпына келуі болып табылады. Миелоидты тінде эрироциттер, моноциттер, тромбоциттер лимфоциттердің бастапқы түрлері дамиды. Лимфопоэз лимфоидты тінде жүреді де негізгі үш қызмет атқарады: лимфоциттердің дамуы, плазмоциттердің пайда болуы, зақымданған жасушаларды және олардың қалдықтарын аластау.Миелоидты және лимфоидты тіндер дәнекер тіндерға жатады. Олар екі жасушалар туындыларынан тұрады: ретикулярлық тінның жасушалары және гемопоэтикалық жасушалар. Ретикулярлық тінда келесі жасушаларды ажыратады: фибробластылар сияқты және макрофагтар. Ретикулярлық тінның ішінде орныққан гемопоэтикалық элементтер полипотентті қанның дің жасушасынан дамиды.

ЭРИТРОЦИТТЕР. Адамда және сүтқоректілерде бұл жасушаларда ядро жоқ, негізгі қызметі оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдау, яғни тыныс алуды қамтамасыз ету. Жасушаның бұл қызметін атқаратын бөлігі арнайы пигмент – гемоглобин. Оның құрамына күрделі белок және темір кіреді. Эритроцит цитолеммасының көмегімен аминоқышқылдарды, антителоны, токсиндерді, кейбір дәрілерді тасымалдай алады. Ересек еркек адамдарда эритроциттің мөлшері 3.9-5.5 х 1012 г/л, әйелдерде 3.7-4.9 х1012 г/л. Эритроциттердің саны адамның жынысына, жасына, денсаулығына, көңіл-күйіне және тұрғын аймағына байланысты өзгереді. Эритроциттердің санының артуы эритроцитоз, ал кемуі эритропения деп аталады. Қан ағымының ішіндегі эритроциттің екі жағы ішіне кіре орналасқан. Олар дискоцит деп аталады. Дискоциттер эритроциттердің 80% құрайды. Электронды микроскоптың көмегімен эритроциттің басқадай пішінді түрлері анықталды: планоциттер (екі беті де тегіс), сфероциттер, эхиноциттер (тікенекті), стоматоциттер т.б. Ақырғы екеуі эритроциттердің қартайған кезіндегі түрі болып табылады. Эритроциттің диаметрі 7.1-7.9 мкм, эритроциттің шеткі аймағының қалыңдығы 1.9-2.5 мкм, ортасының қалыңдығы – 1 мкм. Бұндай мөлшерлі эритроцит нормоцит деп аталады және олар бүкіл эритроциттердің 75%-ын құрайды. Егер жасушаның диаметрі 8.0 мкм немесе одан үлкен болса ол макроцит деп аталады, ал егер 7.0 мкм кіші болса микроцит деп аталады. Қанның құрамында жас эритроциттер кездеседі (1-5%). Олардың гемоглабині аз, қышқыл және негізгі бояуларды қабылдайды, яғни полихроматофильді болады. Цитоплазмасында түйіршікті-торлы құрылымдар анықталғандықтан оларды ретикулоциттер деп атайды. Бұл құрылымдар р-РНК-сы бар органеллалардың қалдығы екені анықталған. Эритроциттер 120 тәулік өмір сүреді. Күніне адам ағзасында 200 млн эритроциттер бұзылып, глобинге және гемин тобына бөлінеді.

3. Торлы қабық: 1пигменты қабық

2фото сенсорлы таяқшалы қабық

3сыртқы шектеушы мембрана

4сыртқы туйыршыкты қабық

5сыртқы талшықты қабық

6ішкі түйыршыкты қабық

7ішкі талшықты қабық

8ганглиоздық қабық 9жүйкелік талшықты қабық 10ішкі шектеушы мембрана

11 ганглиозды нейрондар

7 вариант. 1.Лейкоцит. ЛЕЙКОЦИТТЕР. Олар қанның ақ түйіпшіктері. Оларды цитоплазмасындағы түйіршіктерінің барлығына немесе жоқтығына орай екі топқа жіктейді: түйіршікті (гранулоциттер) лейкоциттер, түйіршіксіз (агранулоциттер) лейкоциттер. Бұл түйіршіктердің біреуі қышқыл, екіншілері негізгі, ал үшіншілері екі бояуды да қабылдайды. Сондықтан оларды базофилдер, нейтрофилдер, эозинофилдер деп атайды. Түйіршіксіз лейкоциттерді лимфоциттер және моноциттер деп жіктейді. Бүкіл лейкоциттер дөңгелек пішінді болып келеді. Жалпы саны ересек адамда 3.8-9.0 х 109г/л болып келеді. Олардың саны тамақтанғанда, еңбек еткенде, миға күш түскенде (ойлау кезінде) - өзгереді. Лейкоциттер белсенді қозғала алады. Олар қан тамырының ішінен шығып, дәнекер, эпителий тіндерінің арасында орналасуы және де сол жерлерде қызметін атқаруы мүмкін. Олардың жылжу жылдамдығы әртүрлі жағдайларға байланысты: орналасқан ортасының консистенциясына (тұтқырлығына), РН, температурасына т.б. Лейкоциттердің санының көбеюі лейкоцитоз, ал кемуі лейкопения деп аталады. НЕЙТРОФИЛДЕР – дөңгелек пішінді болып келген жасушалар (диаметрі 7.9 мкм, әйнекте олар 10-12 мкм дейін болады). Ересек адамның қанында бүкіл лейкоциттердің 65-75% нейтрофильдер. Бұл жасушалардың цитоплазмасында ұсақ түйіршіктер болады. Олар екі түрлі болады: азурофильді және нейтрофильді. Түйіршіктер цитоплазмасының шеткі аймақтарында болмайды. Бұл аймақ нейтрофильдің қозғалуына қатысады. Нейтрофилдердің дамуына, ядросының пішініне байланысты оларды үш топқа бөлеміз: 1. Ядросы сегменттелген нейтрофил 60-65% 2. Ядросы таяқша тәрізді нейтрофил 3-5% 3. Ядросы бұршақ тәрізді немесе жас нейтрофил 0-0.5% ЭОЗИНОФИЛДЕР (диаметрі 10 мкм, әйнекте 14 мкм). Бүкіл лейкоциттердің арасында эозинофилдер 1-5% болады. Эозинофилдердің цитоплазмасында дөңгелек не сопақша оксифильді боялатын көлемі 0.5-1.5 мкм түйіршіктер орналасады. Қышқыл бояуды қабылдайтын себебі бұл түйіршіктер аргининге бай негізгі белоктан тұрады. Түйіршіктерінде арилсульфатаза мен гистаминаза ферменттері болады. Эозинофилдердің дамуына байланысты үш түрін ажыратамыз: 1.Ядросы сегменттелген эозинофил 2.Ядросы таяқша тәрізді эозинофил 3.Жас эозинофил Базофилдердің көлемі 9 мкм, әйнекте 12 мкм. Қанның құрамында лейкоциттердің 0.5-1% құрайды. Базофилдердің цитоплазмасында үлкен дөңгелек болып келген базофилді боялған көлемі 0.5-1.2 мкм түйіршіктер болады. Түйіршіктерге метахромазиялық қасиет тән. Базофилдердің қызметі гистамин мен гепариннің метаболизміне қатысу. Олар қанның ұю жүйесіне, тіндік гомеостазға, аллергиялық реакцияларға өзінің әсерін тигізеді. АГРАНУЛОЦИТТЕР :ЛИМФОЦИТТЕР. Адам қанының құрамыда 20-35% болады (көлемі 4.5-10 мкм). Көлеміне орай оларды кіші (4.5-6), орташа (7-10) және үлкен (10 - >) деп жіктейді. Үлкен көлемді лимфоциттер жас балаларда кездеседі, ересек адамда болмайды. Ядролары базофилді, дөңгелек болып кездеседі. Лимфоциттерді даму орнына, дифференцировкасына байланысты екі топқа бөледі: тимуске тәуелді Т-лимфоциттер, және В-лимфоциттер. МОНОЦИТТЕР – ең үлкен жасушалар (олардың диаметрі 12 мкм, әйнекте 20 мкм). Қанда 6-8% болады. Моноциттер организмнің макрофагтық жүйесіне немесе мононуклеарлық фагоцитарлық жүйесіне жатады. Қанда моноциттер 36-104 сағат болады. Тіндерге орын ауыстырған моноциттер макрофагқа айналады. ТРОМБОЦИТТЕР қызыл жілік майында болатын мегакариоциттердің цитоплазмасының үзіндісі. Олар 5-8 күн өмір сүреді, қанның ұюына көмектеседі. Әрбір тромбоцит гиаломерден және грануломерден тұрады. Тромбоцитердің бес түрін ажыратады

2.Көру, торлы қабат. Көру анализаторының шеткері бөлігі көз болып табылады. Ол көз алмасынан және қосымша аппараттан тұрады.

Көз алмасы үш қабықшамен қапталған: фиброзды (склера, мөлдір қабықша), тамырлы және торлы (сенсорлы) және олардың туындыларынан (көз бұршағы, кірпікшелі денешік, алдыңғы артқы камералардың сұйықтығы, шыны тәрізді денешік т.б.) тұрады. Көз алмасында 3 негізгі қызметтік аппаратты айырады: диоптрикалық, аккомодациялық, рецепторлық. Көздің торлы қабықшасы retina – ішкі қабықша – құрамындағы фоторецепторлық жасушалардың көмегімен қамтамасыз етеді. Торлы қабықша радиальды бағытта орналасқан 3 нейроннан түзіледі: сыртқы рецепторлық, аралық-ассоциативті, ішкі ганглионарлы. Морфологиялық тұрғыдан торлы қабықшада келесі қабаттарды ажыратады: 1.пигментті қабат 2.фотосенсорлы таяқшалы, колба тәрізді клеткалы қабаты 3.сыртқы шекаралық мембрана 4.сыртқы түйіршікті (ядролы) қабат 5.сыртқы талшықты қабат 6. ішкі түйіршікті ядролы қабат 7. ішкі талшықты қабат 8.ганглиозды клеткалы қабат 9.жүйкелік талшықтар қабаты 10.ішкі шекаралық мембрана

3. Безді жасушаның секретсиясы: 1-мерокриновый 2-микроапокриновый

3-апокриновый 4-голокриновый

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]