Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_rk_4_teoria_po_varianttam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.9 Кб
Скачать

2. Есту мүшесі. Кортиев мүшесі.

Есту анализаторы – күрделі морфо-функциональды жүйе, олд дыбыстық тітіркенуді қабылдайды. Оны талдауды және интеграциялауды қамтамасыз етеді. Есту анализаторының көмегімен біз сыртқы ортадағы өзгерістерге дыбыстың күшіне, бағытына және т.б. синапстарына көңіл бөліп, оны талдай аламыз. Осы анализатордың көмегімен кісілер бір-бірімен сөйлесе алады. Спиральды мүше (Кортиев мүшесі) 1851 A. Corti сипаттама береген. Ол бірнеше қатар эпителиальды клеткалардан тұрады: тіректік клеткалар, сыртқы және ішкі бағаналық клеткалар. Бұл эпителиальдық клеткалардың арасында ішкі, сыртқы сенсорлық, қылшықты клеткалар орналасады. Есту мүшесінің құрамына сыртқы, орталық және ішкі құлақ кіреді. Сыртқы құлақ – құлақ қалқанынан, сыртқы есту каналынан және дабыл жарғағынан құралады. Орталық құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйектерінен және есту түтігінен тұрады. Есту мүшесі ұлудың спиральды мүшесінде, ал тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық клеткалары эллиптикалық, сферикалық қапшықтарда және жартылай оралымды каналдардың ампулярлық айдарларында орналасады. Ішкі құлақ сүйек лабиринтінен, оның ішінде орналасқан жарғақты лабиринттен тұрады. Жарғақты лабиринт аймақта есту, тепе-теңдік сақтау мүшелерінің рецепторлық жасушалары орналасады. Есту мүшесі спиральды мүшеде немесе ұлуда орналасады. Тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлық жасушалары эллиптикалық қапта, сферикалық қапта, жартылай иірімді каналдың ампула тәрізді аймағында орналасады. Спиральды мүшенің құрамына екі түрлі клеткалар жатады: сенсорлық және тіректік. Ішкі сенсорлы қылшықты эпителиоциттер, төменгі жағы кеңейген құмыраға ұқсас, бір қабат болып жатады. Апикальды бөлігінде 30-60 дейін тығызданған микробүрлер – стереоцилиялар 3-4 қатар болып орналасады Тіректік клеткалар базальдық мембранада орналасады. Ішкі фалангалық клеткалардың саусақ тәрізді (фаланга) өсіндісі бар. Ішкі және сыртқы бағаналы клеткалар туннельдің қабырғасын түзейді. Туннель эндолимфамен толтырылған. Бағаналы клеткалар базальды мембранаға орналасады.

3.Гиалинді шеміршек қабы: 1-шеміршек қабы, а-хондробласт аймағы б-негізгі зат, в-хондроцит г-хондроцит капсуласы, д-шеміршек жасушалары базофильды қабат, е-изогенды топтар

5 Вариант.

        1. ШШеміршек тіндері. Шеміршек тіндері жасушалардан (хондробластылар, хондроциттер, хондрокластылар) және жасушааралық заттан тұрады. Жасушааралық заты негізгі аморфты заттан және талшықтардан құралады. Шеміршек тінінің үшке - гиалинді, эластикалық және талшықты (коллагенді-талшықты - жіктелуі негізінен жасушааралық заттың құрылысына негізделген. Гиалинді шеміршектің жасушааралық затында тек коллаген талшықтары болады. Эластикалық шеміршек тінінде коллаген талшықтарынан басқа эластикалық талшықтар да болады. ЖАСУШАЛАРЫ. Шеміршек тінінің жасушалары бірнеше түрге бөлінеді: дің жасушалары, жартылай дің немесе прехондробластылар, хондробластылар, хондроциттер. Олар бірігіп шеміршек жасушаларының негізгі дифферонын құрайды. Кейінгі жылдарда хондрокластыларды да ажыратады. ДАМУЫ. Шеміршек тіндері склеротомдық мезенхимадан дамиды. Шеміршектің дамуында 4 сатыны ажыратады:

1 Хондрогенді аралшықтың түзілу сатысы. 2 Алғашқы шеміршек тінінің (хондроидтың) сатысы 3 Шеміршек тінінің дифференциялану сатысы.

4. Шеміршектің адамның жасына байланысты өзгерістер сатысы Турлери 1гиалинди 2 БУЫННЫҢ ГИАЛИНДІ ШЕМІРШЕГІ 3 КОЛЛАГЕНДІ-ТАЛШЫҚТЫ ШЕМІРШЕК ТІНІ

2.Жүйке тіні, нейроглия.Нейроглия. Нейроглия жүйке тінінде сан алуан қызмет атқаратын жүйке тінінің аралық заты.

Нейроглияның жіктелуі: екі топқа бөлінеді. Олар: глиоциттер немесе макроглия және микроглия. Макроглияға жататындар: эпендимоглия, астроглия және олигодендроглия. Эпендимоглия жұлын өзегі (каналы) мен бас миы қарыншаларының ішкі қабырғасын тыстайды. Жасушалары эпендимиоциттер. Эпендимиоциттердің жұлын өзегі ішіне қараған бетінде көптеген кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға өзінің қимылы арқылы қолайлы жағдай жасайды. Ал, базальді жағында миға бағытталған ұзын өсіндісі болады. Бұл өсіндісі мида миханикалық және шектеулік қызмет атқарады. Көптеген эпендимиоциттер секреторлы қызмет атқарады. Олар қанға және ми қарыншаларына активті (белсенді) заттарды бөледі. Эпендимоциттердің пішіні куб тәрізді. Астроглия. Астроглия орталық жүйке-жүйесінде тіректік аппарат болып саналады. Жасушалары майда көп өсінділі астроциттер. Астроциттердің екі түрі бар. Олар: протоплазмалы және талшықты астроциттер болып бөлінеді. Протоплазмалы астроциттер мидың сұр затында орналасады. Денесінен көптеген тармақталған қысқа өсінділер шығады, цитоплазмасында эндоплазмалық тор, бос рибосомалар, көптеген митохондриялары болады. Бұлардың мидағы атқаратын қызметі шектеушілік (миды бөліктерге бөледі) және трофикалық. Талшықты астроциттер мидың ақ затының құрамында орналасып, тіректік қызмет атқарады. Олигодендроглия – жасушалары олигодендроциттер. Нейроглияның құрамындағы саны жағынан ең көбі. (Орталық және шеткі жүйке-жүйесінің құрамындағы нейрондар мен жүйке талшықтарының сыртын қоршайды. Жүйке жүйесінде трофикалық қызмет атқарады, зат алмасу процесіне де қатысады. Бұларды леммоциттер немесе Шванн жасушалары деп атайды. Микроглия.Жуйке жуйесинин макрофогтары болып саналады.Суйек миындагы каннын моноциттеринен дамиды.Микроглиоциттер козгалмалы.Титиркену процеси кезинде пишини озгерип отырады.Бундай кезде оларды дан таризди шарлар д.а.

3. Қасан қабық:

1-Алдынғы эпителий. 2-алдынғы шектеушілік пластинка 3-қасан қабықтың меншікті заты

4-артқы шектеушылік пластинка

5-артқы бір қабаты эпителий

6 вариант.1. Сүйек тіні. Сүйек ұлпасы –дәнекер ұлпаның маманданған түрі, оның жасушааралық затында минеральдық тұздардың тұнбасы 70% дейін болады. Бұл ұлпадан қаңқа сүйектері құралған. Сүйек ұлпасы тіректік, механикалық, қорғаныш қызметтерін атқарады, әрі олар кальций мен фосфордың тұздарының депосы болып табылады. Жоғары маманданғанына қарамастан сүйек ұлпасында үнемі жаңару процестері жүріп отырады. Сүйек ұлпасының морфо-функциональдық қасиеті жасқа, тамақтану ерекшелігіне, атқарылған бұлшық еттің қызметіне байланысты өзгеріп отырады. Оған ішкі секреция бездері, жүйкелену де әсер етеді. Жасушалары. Сүйек ұлпасының үш түрлі жасушалары бар. Оларға остеоциттер, остеобластылар, остеокластылар жатады. Жасушааралық заты. Сүйек ұлпасының жасушааралық заты негізгі аморфты заттан және талшықтардан құралған. Негізгі затта бейорганикалық тұздардың тұнбасы болады, олардың арасында коллаген талшықтарының шоғыры орналасады. Сүйек табақшалары әдетте қан тамырларының айналысында дамиды. Бұл табақшаға жаңа остеобластылардың қабаты қабысады да жаңа табақша түзіледі. Әрбір табақшада коллаген талшықтары оның жанындағы табақшаның талшықтарына бұрыштана орналасады. Осылай тамырдың сыртынан сүйек цилиндрлері құралып, олар бірінің ішіне бірі кіре орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]