Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gista_rk_4_teoria_po_varianttam.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.9 Кб
Скачать

1 Вариант.

  1. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні, дифферондар.Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тіні көптеген мүшелердің стромасын құрайды, жүйкелер мен тамырларды қоршап тұрады. Ол трофикалық , қорғаныш, механикалық және пластикалық қызмет атқарады. Ол жасушалардан және жасушааралық заттардан тұрады. Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары фибробластылар, макрофагтар, плазматикалық, тіндік базофильдер, эндотелиоциттер тіке мезенхимадан дамиды. Кейбір жасушалар мезенхимадан дамыса да басқа мүшелерде жетіледі де қан ағымы мен борпылдақ дәнекер тіннің ішіне орын ауыстырады. 1.Фибробласттар негізгі және ең көп санды жасушалар. Олар жасушалық затты бөліп шығарушы жасушалар болып табылады,ашық түсті сопақ ядросы бар. Бұл жасушаларда көптеген гидролитикалық ферменттер кездеседі: қышқыл фосфатаза, неспецификалык эстераза, сілтілі фосфатаза. Фибробластылар жақсы дамыған түйіршікті эндоплазматикалық тор, Гольджи аппараты, митохондриялар, лизосомалар. Фибробласттар – секрет бөлуші жасуша. Фибробластылардың екі популяциясын ажыратады: аз (бірнеше апта) және көп (бірнеше ай) өмір сүруші. Олар митозбен көбейе алады немесе бастапқы жасушалардан пайда болады. Диффероны – дің, жартылай дің. Унипотентті бастапқы жасуша – монобласт – промоноцит – моноцит. Моноциттер қаннан тінге шығады да макрофагтарға йналады.Макрофагтардың пішіні домалақ, сопақша болып келеді. Көбінесе жақсы боялған ядросы болады. Жасуша қабықшасы қатпарлар, инвагинациялар, псевдоподиялар құрайды.Оларда өте жақсы дамыған лизосомальдық аппарат болады. Лизосомалар макрофагтардың негізгі қызметі – фагоцитозға қатысуын қамтамасыз етеді. Плазматикалық жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы бір шетінде орналасқан. Цитоплазмасы базофильді бір бөлігінде ашық алаң (макула) бар.Бұл жерде Гольджи комплексі және центриольдер орналасқан. Онда жақсы дамыған эндоплазмалық торы бар. Атқаратын қызметі антител (глобулин) бөлу.

  2. Көлденен жолақты қанқалық бұлш.тіні.

    Бұлшық ет тіндері жалпы қызметі-жиырылу қызметіне біріктірілген тіндердің түрі болып табылады. Қаңқалық бұлшық ет тіні дененің кеңістікте қозғалуымен қамтамасыз етеді. Қаңқалық бұлшық ет тінінің тіндік элементері. симпласттар (көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары), сонымен бірге-жасушалар миосателлитоциттер болып табылады.Талшықтың протоплазмасын саркоплазма деп атайды. Онда көп мөлшерде жалпы органеллалар бар (центриольдерден басқа): митохондриялар (саркосомалар), лизосомалар. Гольджи комплексі нашар дамыған. Саркоплазмалық ретикулум (СПР) деп аталатын тегіс ЭПТ жақсы дамыған, ал түйіршікті ЭПТ керісінше нашар дамыған. Энергияны алу үшін қолданылатын липидтер мен гликоген қосындылары, сонымен бірге миоглобиннің пигментті қосындылары бар. Миоглобин гемоглобин сияқты құрамында темірі бар пигмент болып табылады. Ол фосфорланып тотығу мен АТФ түзілу процестеріне ықпал ететін оттегіні байланыстыруға қабілетті. Әсіресе ол миоглобин үлкен концентрацияда қызыл бұлшық ет талшықтарында болады да, оларға түс береді. Саркомер-миофибрилдің құрылымдық-қызметтік бірлігі. Оның құрылымына кіреді: Z-сызығы, Iдискісінің ½, А-дискісі,I-дискісінің ½, екінші Z-сызық. Әр саркомер жіңішке актинді және қалың миозинді жіпшелерден тұрады. Миофиламенттер жиырылғыш ақуыздардан құралған.

3. Кортиев Орган: А-бағаналы жасуша

Б- кортиев туннель В-ішкі тіректік жасуша

Г- бағаналы жасуша Д-сыртқы ретцептор жасушаларында кірпікшелі Е-ішкі ретцептор жасушаларында кірпікшелі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]