Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория реза 1-15 лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

17 Сурет. Материалды өңдеу кезіндегі жоңқа түрлері

Илемді материалды өңдеуде ° және ° бұрыштарының әсерлері бірдей: олар ұлғайған сайын элементті жоңқа буындығы, сонан соң иірмеліге айналып отырады. Мортты материалды кесуде ° үлкен мәнінде жарықшақ жоңқа пайда болады, ° кеміген сайын элементтіге айналады. ұлғайған сайын біртіндеп элементті жоңқаға айналады.

Жоңқа тұрпатына беріліс пен кесу жылдамдығы да әсер етеді. Кесу тереңдігі жоңқа тұрпатына әсер етпейді. Илемді материалды өңдеуде берілістің ұлғайуы иірмелі жоңқаның элементтіге айналуына әкеледі. Морт материалды кесу кезінде берілістің ұлғайуы элементтінің жарықшақ жоңқаға айналдырады. Жоңқа тұрпатына кесу жылдамдығы күрделі әсер етеді.

Көміртекті және қоспаланған конструкциялық болатты кесу кезінде, кесу жылдамдығы өскен сайын жоңқа басында буынды, сонан соң иірмелі болады. Бірақ кейбір ыстыққа берік болат пен титан қорытпаларын өңдеуде кесу υ өсуі иірмеліні элементтікке әкеледі. Бұл құбылыстардың физикалық себептері бүгінгі күні әлі толығымен тексерілген жоқ. Морт материалды өңдеуде, кесу жылдамдығының өсуі жарықшақ жоңқаның элементті жоңқаға айналуымен кейбір элементтерінің, өлшемдерінің кішірейуі мен арасындағы байланыстың берік болуына әкеледі. Бүгінгі күні көбірек иірмелі жоңқалау процесі зерттелген. Элементті жоңқаның пайда болуы илемді және мортты материалды өңдеу процесі қажетті дәрежеде зерттелмеген.

5 дәріс. Жоңқаның шөгуі және иірмелі жоңқаның пайда болуы. Жоңқаның шөгуі. Кесілетін қабаттың жоңқаға айналуында жоңқа ұзындығы, қалыңдығы және ені бойынша өлшемдері, жоңқа пайда болатын, кесілетін кесілетін қабат өлшемдерінен өзгеше болады.

Кесілетін қабаттың ұзындығы L, қалыңдығы a, ені b болғанда, жоңқа ұзындығы L , қалыңдығы а , ені b болады, бұл жерде L > L, а >a, b > b. Жоңқа өлшемдерінің өзгеру дәрежесі, кесілетін қабатпен салыстырғанда пішімнің өзгеруінің үш коэффициентімен сипатталады. Шөгу немесе қысқару коэффициенті K , қалыңдау коэффициенті K және кеңейту коэффициенті K ; K =L/ L ; K = а /a; K = b / b. Коэффициенттер жоңқа өлшемдерінің, сәйкес кесілетін қабат өлшемдерінен үлкен немесе кіші екендігін көрсетеді. Жоңқа көлемі кесілетін қабаттың көлеміне L·а· b = L · а · b тең болғандықтан L/ L = а /a · b / b немесе K = K · K .

Иірмел жоңқаның жалғыз ғана шартты ығысу жазықтығында пайда болуы. 18 суретте кесілетін қабаттың жалғыз шартты ығысу жазықтығында жоңқаға айналу сұлбасы көрсетілген. mn шартты ығысу жазықтығына жанасып жатқан қалыңдығы а қабаттағы, биіктігі ∆х, mnpq параллелограммды ажыратамыз. Кесу бетіне шартты ығысу жазықтығы көлбеу жатқан бұрышы ығысу бұрышы деп аталады. Кескіш құрал ∆L қашықтыққа mnpq параллелограммның бүйір жақ бойымен I жағдайдан II жағдайға қозғалсын. Осы қозғалыс нәтижесінде кесілетін қабаттың кесу бетінде жатқан q нүктесі, алдыңғы бетте жатқан q нүктесінде болады. Ал, алдындағы кесу бетінде жатқан p нүктесі, жоңқаның бос бетінде жатқан p нүктесінде болады. Осылайша, mnpq параллелограммы, mn табаны бойымен ∆S мәніне жылжи отырып, mnp q параллелограмына айналады. Ақиқат, mnp q параллелограммы енді кесілетін қабатқа жатпайды, құралдың ∆L қашықтыққа орын ауыстыру нәтижесінде пайда болған жоңқада жатады.

Кесілетін қабат пен жоңқа размері Жоңқа шөгуінің есептеу коэффициентін анықтауға

арналған сұлба