Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория реза 1-15 лекция.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

9 Сурет. Принципті кинематикалық сұлбалар

Бір түзу сызықты қозғалысты принципті кинематикалық сұлба бойынша кесу. Кесу процесі кезінде бір түзу сызықты қозғалысты қарастыратын, принципті кинематикалық сұлба негізінде, сүргілеу жүреді. Түзу сызықты қозғалыс D сандық жағынан кесу жылдамдығымен V көрсетіледі. Білдектің беріліс механизмі құралдың әдіпті кесу жұмыстары кезінде істемей тұрады. Беріліс қозғалысы шектес екіленген жүріс аралықтарында істейді. Әрбір екіленген жүріс 1 нүктеден 1' нүктесіне жұмыс бойынша ауысуы және 1' нүктесінен 1 нүктесіне қайта ауысуынан (10 сур.) тұрады. Жұмыс жүрісінің 1-1' түзуі сүргілеуіш кескіштің негізгі кесу жиегінің 1 нүктесінің нәтижелі кесу қозғалысының траекториясы болып келеді. Нәтижелі кесу қозғалысының жылдамдығы кескіштің қозғалыс жылдамдығына V тең болады. Біз қарастырып отырған мысалда траектория жазықтығы болып, түзу сызықты 1-1' траекториясынан өтетін, жылдамдық V векторы жатқан жазықтық саналады.

10 Сурет. Сүргілеуші кескіштің көп қайталанатын қайтару-үдемелі қозғалыспен өңдеу сұлбасы

Кескіштің жылдамдық векторы V=V бағытында дайындама металының қалыңдығы «а» және ені «в» болатын кесілетін қабатының кедергі күшін ол түзу сызықты траектория бойымен қозғалысында, ал үйкеліс күшін артқы беттермен жеңіп шығады.

Екі түзу сызықты қозғалысты принципті кинематикалық сұлба бойынша кесу. 11 суретте көрсетілген, бір уақытта әрекеттенетін екі түзу сызықты принципті кинематикалық кесу сұлбасы мысалында қарастырамыз. Оның бірі X осі бойымен бағытталған және негізгі кесу қозғалысы D , ал екіншісі беріліс қозғалысы D және Z осі бойымен бағытталған. Бастапқы орнынан кескіш бірқалыпты V жылдамдығымен жоғарыдан төмен қарай ауысады. Нәтижелеуші қозғалыстың жылдамдық векторы V = V + V , горизонтальға бұрышымен көлбеген, нәтижелеуші кесу қозғалысының түзу сызықты траекториясында жатады. Үйкеліс күшін азайту үшін, кескіштің артқы бетін бұрышымен қайрайды (11 сур.). - кесу процесінде дайындамадағы кесу беттері мен құралдың артқы бетіндегі қатынасты орналасуды анықтайтын, кинематикалық бұрыш. Кинематикалық артқы бұрыш әрқашанда артқы бұрыштан кем: = , бұл жерде - кесу жылдамдығының бұрышы (негізгі кесу қозғалысы мен нәтижелі кесу қозғалысының жылдамдықтарының бағыты арасындағы жұмыс жазықтығындағы бұрыш).

11 Сурет. Бірдей әрекет етуші екі түзу сызықты қозғалысты қарастыратын, көлбеу жазықтықты өңдеу сұлбасы

Екі қозғалысты, түзу сызықтыжәне айналмалы қозғалысты принципті кинематикалық сұлба бойынша кесу. Бірдей әрекеттенетін екі қозғалысты, YOZ жазықтығындағы X осінің айналасындағы айналу және X осінің бойымен түзу сызықты қозғалысты (9 сур.), қарастыратын принципті кинематикалық кесу сұлбасына кесіп өңдеудің көп тараған түрлері негізделген - жону, бұрғылау, үңгілеу және ұңғылау. Бұл жағдайларда айналу қозғалысы негізгі қозғалыс болып келеді, сан жағынан кесу жылдамдығымен өрнектеледі. Егерде жылдамдықты метр/минутпн алсақ, онда

V= ,

бұл жерде D - негізгі кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесі жатқан шеңбер диаметрі, мм; n- айналу жиілігі, об/мм. Түзу сызықты қозғалыс берілістің көмекші қозғалысы болып келеді және саны жағынан беріліспен өрнектеледі S, об/мин.

Бірдей әрекеттенетін негізгі және көмекші қозғалыстың нәтижелі траекториясы кесудің нәтижелі қозғалысының бұрамалы траекториясы болып келеді. Оның көтерілу бұрышы кесу жылдамдығы мен беріліспен келесі тәуелділікпен байланыста:

tg (1)

Құралдардың негізгі кесу жиегі нүктелерінің, нәтижелі кесу қозғалысының бұрама траекторияларының беттері болып диаметрі D болатын цилиндрлік беттер (12 сур.). Нәтижелі кесу қозғалысы жылдамдығының векторы V , бұрама бетке жанама болып келетін жұмыс жазықтығында P жатыр. Негізгі кесу жиегінің әр түрлі нүктелері дайындаманың айналу осінен әр түрлі қашықтықта жатқандықтан, (1) теңдеуге сай негізгі кесу жиегі нүктелерінде V векторы әр түрлі мән мен көтерілу бұрышына ие.