
- •1 Сурет. Өңдеудің технологиялық әдістерінің жіктелуі
- •2 Сурет. Кесу жүйесіндегі геометриялық параметрлер
- •6 Сурет. Координаталық жазықтықтар жүйесі
- •7 Сурет. Кескіш пен кесілетін қабаттың беттері мен геометриялық параметрлері
- •9 Сурет. Принципті кинематикалық сұлбалар
- •10 Сурет. Сүргілеуші кескіштің көп қайталанатын қайтару-үдемелі қозғалыспен өңдеу сұлбасы
- •11 Сурет. Бірдей әрекет етуші екі түзу сызықты қозғалысты қарастыратын, көлбеу жазықтықты өңдеу сұлбасы
- •12 Сурет. Цилиндрлік беттерді бұрама траектория бойынша өңдеу сұлбасы
- •23 Сурет. Деформацияланудан кейінгі үш негізгі түр
- •14 Сурет. Жоңқа элементіндегі бөлгіш тордың өзгеруі
- •15 Сурет. Ығысу деформациясы, таза және қарапайым ығысу (а-ығысу деформациясы, б-таза ығысу, в-қарапайым ығысу)
- •16 Сурет. Кесілетін қабаттың жоңқаға айналу кезіндегі бірінші және екінші деформациялардың зоналары
- •17 Сурет. Материалды өңдеу кезіндегі жоңқа түрлері
- •18 Сурет. Жоңқаның шөгуі
- •19 Сурет. Кесу жылдамдығының жоңқаның шөгу коэффициентіне Кл
- •20 Сурет. Иірмелі жоңқаның пайда болуы
- •21 Сурет. Қатынасты ығысуды анықтау сұлбасы
- •22 Сурет. Шартты ығысу жазықтығындағы кернеулі жағдай сұлбасы
- •24 Сурет. Қатынасты ығысу мен жоңқаның шөгу коэффициентінің әртүрлі алдыңғы бұрыш мәніндегі өзара байланысы
- •25 Сурет. Материалдарды кесу кезіндегі жылдамдықтар сұлбасы
- •26 Сурет. Шордың құрылу сұлбасы
- •27 Сурет. Кесу жылдамдығының шор параметрі мен коэффициентіне әсер ету сұлбасы
- •28 Сурет. Кесу жылдамдығының кесу температурасына, шордың биіктігіне және алдыңғы бұрыш мәндеріне әсер ету сұлбасы
- •29 Сурет. Кесу жылдамдығының шор биіктігіне γ° мен а әртүрлі мәндерінде әсер ету сұлбасы
- •30 Сурет. Кесу жылдамдығының шор биіктігіне әсері сұлбасы
- •31 Сурет. Кесу кезіндегі құралға әрекет етуші күштердің сұлбасы
- •32 Сурет. Кесу күштері құраушыларының кесілетін қабат қалыңдығының нөлдік нүктесіне экстраполяциясы
- •37 Сурет. Кесу жылдамдығының жылу бөлінуіне тигізетін әсері
- •38 Сурет. Кесу жылдамдығының кесу мен жоңқаның орташа температурасына әсері
- •40 Сурет. Құралдың тозу түрлері
- •42 Сурет. Құрал жұмыс істеуіне байланысты шұңқырша размерінің өзгеруі
- •45 Сурет. Жүзді құралдардың тозу қисық сызықтары
- •48 Сурет. Құралдың шыдамдылық т кезеңі мен кесу жылдамдығы V арасындағы байланыс, өңделетін материал мен құрал материалының түріне қарай тәуелділігі
- •49 Сурет. Кесу жылдамдығының қатынасты сызықтық тозу мен
- •49 Сурет. Кесу жылдамдығы мен құралдың төзімділігі кезеңінің аспаптық және өңделетін материал түріне байланысты тәуелділігі
- •51 Сурет. Қажақты құралдардың құрылымы
- •52 Сурет. Жалпақ беттерді ажарлау
- •53 Сурет. Жоңқаның жалғыз түйіршікпен пайда болу сұлбасы
- •54 Сурет. Ішкі бетті ажарлау
- •55 Сурет. Ажарлау түрлері
- •56 Сурет. Сыртқы беттерді центрлерде ажарлау
45 Сурет. Жүзді құралдардың тозу қисық сызықтары
Кесу кезінде құрал мен тетік арасында адгезиялық ұстасу пайда болуға жағдай туындайды. Құралдың түйіспе бетімен, жоңқа және кесу бетінің арасындағы нақты түйісу ауданы, номиналды түйісу ауданының азғантай ғана бөлігін құрайды. Жоғары түйіспе қысымы салдарынан құралдың түйіспе бетімен, жоңқа және кесу бетінің арасындағы нақты түйісу ауданының шығыңқылықтарының түйісу нүктелерінде жоғары тампературалы жергілікті илемділік деформациялары дамиды. Осының нәтижесінде өңделетін және құралдық материалдың химиялық таза бөліктерінің жанасуы мен ұстасу ошақтары және көпірлерін құрайтын өзара ұстасуы пайда болады. Түйіспе жұп материалдарының ішіндегі беріктігі аздау деп саналатын, өңделетін тетік материалындағы түйіспе бет астында қирау жүріп жатады.
10 дәріс. Кесу жылдамдығы, құралдың шыдамдылығы және қоры. Кесу жылдамдығы мен шыдамдылық кезеңі арасындағы байланыс. Кесу құралының жүзі мен түйіспе беттерінің жұмыс істеу мүмкіндігін сақтау қабылетін құрал шыдамдылығы , ал осы қабылет сақталатын уақытты – шыдамдылық кезеңі дейміз. Шыдамдылық кезеңі құралдың екі рет қайрау арасындағы жұмыс уақытына тең.
Қандай да болмасын құрал шыдамдылығы кезеңі өңделетін материал мен құрал материалының түріне, механикалық және жылуфизикалық қасиеттеріне, құралдың геометриялық параметрлеріне, кесу режимдерінің элементтеріне және қолданатын суыту-майлау технологиялық ортаға (СОТС) байланысты.
46 сурет. Құралдың шыдамдылық Т кезеңінің 47 сурет. Құралдың тозуының қисық кесу V жылдамдығына тәуелділігі сызықтары
Шыдамдылық және жылдамдық тәуелділігі тек қана эксперимент түрінде белгіленеді. Құралдың шыдамдылық Т кезеңі мен кесу жылдамдығы V арасындағы байланыс, өңделетін материал мен құрал материалының түріне қарай тәуелділігі 48 суретте көрсетілген.
V және Т арасындағы байланыс бірсарынды болғанда (1 қисық сызық) [у2=(х2-а2)/(а2-в2)] өрнегімен анықталатын гиперболаға жақын үздіксіз құлайтын қисық сызықпен беріледі, немесе бірқалыпты емес, екі бүгілген жері бар қисық сызықпен беріледі (2 қисық сызық). 1 қисық сызықпен тезжонғыш болаттан жасалған құралмен көміртегілі және қоспаланған құрылымдық болаттарды өңдеу кезіндегі V мен Т арасындағы байланыс көрсетілген.
48 Сурет. Құралдың шыдамдылық т кезеңі мен кесу жылдамдығы V арасындағы байланыс, өңделетін материал мен құрал материалының түріне қарай тәуелділігі
Құрылымдық көміртегілі және қоспаланған болаттарды, ыстыққа төзімді болаттар мен қорытпаларды, және кейбір басқа материалдарды бір карбидті және екі карбидті қатты қорытпалардан жасалған құралдармен өңдегендегі V мен Т арасындағы байланыс бірнеші бүгілген жерлері бар күрделі 2 қисық сызықпен көрсетілген.
1 қисық сызығы мен 2 қисық сызығының аб және вг бөліктерін дәрежелік функциясымен белгілейміз.
V = C / Tm (48)
бұл жерде, m дәреже көрсеткішін қатынасты шыдамдылық көрсеткіші деп атаймыз. С тұрақтысы өңделетін және құралдық материалды, құралдың геометриялық параметрін, қолданылатын СОТС, сонымен қатар өңдеу жүргізілетін кесу тереңдігі t мен берілісті S сипаттайды.
1 кесте
Қатынасты шыдамдылық көрсеткіштерінің орташа мәндері
Құрал |
Өңделетін тетік материалы |
Түрлі құралдар үшін m мәндері |
||
Тезжонғыш болат |
Екі-карбидті қатты қорытпа |
Бір-карбидті қатты қорытпа |
||
Өтпелі кескіш |
Болат Шойын |
0,125 0,1 |
0,25 - |
- 0,2 |
Бұрғы |
Болат Шойын |
0,2 0,125 |
- - |
0,25 0,4 |
Үңгі |
Болат Шойын |
0,3 0,125 |
0,25 - |
- 0,4 |
Ұңғылағыш |
Болат Шойын |
0,4 0,3 |
0,75 - |
- 0,45 |
Өстік жонғыш
Түпбетті жонғыш |
Болат Шойын Болат Шойын |
0,33 0,25 0,2 0,15 |
0,33 - 0,2 - |
- - - 0,35 |
Құрал тұрпатына байланысты қатынасты шыдамдылық көрсеткішінің m шамасының өзгеру шегі өте кең. M шамасына көбірек өңделетін және құралдық материал түрі, құралдың алдыңғы бұрышы, беріліс, кесу жылдамдығы, құрал жұмысы арасындағы үзіліс және оның артқы бетінің тозуға төзімділік дәрежесі әсер етеді.
Кесу процесінің үзілмелігін үздіксіздік коэффициенті сипаттайды:
ε
=
,
(49)
бұл жерде Тp– құрал жүзінің үздіксіз жұмыс істеу уақыты;
Тn – кесу кезіндегі үзіліс уақыты.
Үздіксіздік коэффициенті кеміген сайын, қатынасты шыдамдылық көрсеткіші (ПОС) ұлғаяды. Сондықтан өстік және түпбетті жонғыштардың қатынасты шыдамдылық көрсеткіші, материалды үздіксіз кесетін кескіш, бұрғы және басқа құралдардыкінен үлкен.
ПОС шыдамдылық кезеңінің кесу жылдамдығына әсерінің қарқындылығының статистикалық сипаттамасы болса да, құралдың артқы бетінің тозуын анықтайтын шарттарды сипаттайды, оның ішінде кесу температурасын. Көп жағдайда кесу температурасы жоғары болған сайын, ПОС шамасы төмен және керісінше. Сондықтан, егер кесу температурасының өсуі құралдың қатынасты тозуын ұлғайтады, бұл жерде ПОС кішірейеді, ал егерде құралдың қатынасты тозуы азайса, ПОС өседі. Көбіне қолданатын құралдар үшін ПОС орташа мәндері 1 кестеде берілген.
49 суретте шыдамдылық кезеңінің бірсарынды емес өзгеру кезіндегі, болатты қатты қорытпалармен өңдеудегі, кесу жылдамдығының V қатынасты сызықтық тозуы мен шыдамдылық кезеңіне T әсерінің сұлбасы көрсетілген. Кесу жылдамдығының V1 -ден V2 және V2 -ден V3 дейін жоғарылаған сайын, Т кішіреюі, содан соң ұлғаюының физикалық себептері толығымен әлі күнге дейін табылмағын.