- •41. Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін ашыңыз
- •42. 20 Ғ. Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлерді қарастырыңыз
- •43. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы, мәселелері, болашағына талдау жасаңыз
- •44.Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдарға талдау жасаңыз.
- •45.Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •46. Қарт және егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның мән-мазмұнын көрсетіңіз
- •47.Егде жастағы адамдармен жұмыстағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің қажеттілігін анықтаңыз
- •49.Денсаулық сақтау жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарға талдау жасаңыз
- •50. Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз
- •51.Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктеріне (ақш, Швеция, Ұлыбритания) салыстырмалы талдау жасаңыз
- •52. Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың мән-мазмұнын ашыңыз
- •53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз
- •54.Онкологиялық аурулармен әлеуметтік-медициналық жұмысты ұйымдастыру мен өзгешелігін көрсетіңіз
- •55.Онкологиялық аурулармен әлеуметтік-медициналық жұмысты ұйымдастыру мен өзгешелігіне түсініктеме беріңіз
- •56.Денсаулық сақтау мекемелеріндегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін ашып көрсетіңіз
- •57.Мүгедектердің құқықтарын қорғайтын құқықтық актілері және олардың басты әлеуметтік мәселелеріне талдау жасаңыз
- •58.Вич және жқтб ауруларымен әлеуметтік-медициналық жұмыстың өзгешілігіне жан-жақты талдау жасаңыз
- •59.Вич және жқтб аурулармен әлеуметтік-медициналық жұмыс технологиясы мен нормативті-құқықтық базасы, кешенді тексеру және емдеумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашыңыз.
- •60.Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың мазмұнына талдау ашыңыз
53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз
Әлеуметтік наркологиялық аурулар тобына маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, никотинизмді (темекі шегу) жатқызамыз. Наркологиялық аурулардың ең кең тараған түрі маскүнемдік болып табылады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, «маскүнемдік – ішімдікті қолданудың кез-келген формасы, яғни қоғамда қабылданған дәстүрлі «тамақтану» нормасынан немесе нақты қоғамдағы әлеуметтік дағдылардың шегінен шығу».
Медицинада қабылданған анықтама бойынша, «маскүнемдік – бұл спирттік сусындарға деген әуестігі бар патологиялық ауру (психологиялық, физиологиялық тәуелділіктің туындауы), ал ішімдікті қолданбау нәтижесінде абстиненттік синдромның дамуына, сондай-ақ маскүнемдіктің күрделі жағдайында ішкі органдардың, жүйке жүйесінің бұзылуына және психикалық деградацияға алып келеді».
Өз кезегінде әлеуметтік қызметкерлер маскүнемдіктің этиологиясын әлеуметтік-мәдени детерминацияның, әлеуметтену мен әлеуметтік девиация, аномия концепциялары тұрғысынан түсіндіреді. Бүгінде маскүнемдіктің әлеуметтік-орта моделі қызығушылық тудырып отыр. Осының негізінде, маскүнем күйзелісті басынан кешіргендіктен ішеді, олардың түсінігінше, ішімдік күйзелістен шығуға көмектеседі. Мұндай адам өз әрекетін реттей алатын кіші әлеуметтік топқа жатпайды.
Осылайша, әлеуметтік жұмыстың заманауи теориясына сәйкес, маскүнемдік күрделі этиологиялық құраушылардың өзара іс-әрекетінің соңғы нәтижесі ретінде қарастырылады. Әрбір нақты жағдайда осылардың біреуі немесе бірнешеуі басым болып келеді.
Маскүнемдіктің әлеуметтік терапиясында индивидуалды психоәлеуметтік терапия, топтық, отбасылық терапия, қоғамдық ұйымға кіру (мысалы, «Анонимді маскүнемдер»), мінез-құлық модификациясы сияқты әдістер кеңінен қолданылады. Барлық аталған әлеуметтік терапия формалары клиенттің (пациенттің) жеке қажеттіліктеріне сәйкес әдіспен келуде тиімді болады.
Әлеуметтік қорғау мекемесіндегі клиенттердің басым бөлігі маскүнемдер болғандықтан, бұл аурудың алдын алу мен дамуының бастапқы сатысында кедергі келтіруде әлеуметтік жұмыскерлердің маңызы зор. Әлеуметтік қызметкер ішімдікті көп пайдаланатын клиенттердің физикалық және психоәлеуметтік мәселелерін анықтап алуы керек. Әсіресе, клиенттің физикалық тәуелділігімен бірге жүретін симптоматологияны және толеранттық деңгейін бағалау маңызды. Сонымен қатар, клиенттің психоәлеуметтік өткенін зерттеу керек, ол дегеніміз маскүнемнің өмірлік қиындықтар пайда болғанға дейінгі кезеңдегі ішімдікті қолдануы; маскүнемдікті тоқтату немесе азайту әрекеті; клиенттің әлеуметтік-медициналық және психоәлеуметтік көмек алу мақсатында әлеуметтік қорғау мекемесіне келу себебін анықтау.
Нақты әлеуметтік жағдайда әлеуметтік қызметкер клиенттің отбасы, оның достарымен қарым-қатынасы, жұмысы мен материалдық жағдайы туралы ақпараттарды жинап алуы тиіс. Әлеуметтік қызметкер клиенттің ата-анасының тарихын, сол отбасы мүшелерінің ішімдікке деген қатынасын, клиенттің және отбасы мүшелерінің терең күйзелісте болу немесе болмауын қарастыру қажет.
Әлеуметтік жұмыс теориясы осы саладағы әлеуметтік саясат мәселелеріне назар аударып, сол сұрақтарды түсінуге көңіл бөледі. Ең алдымен, мынаған назар қойылады: әлеуметтік саясат ішімдікті қолдану аясында 2 полюстің арасында тербелуде: рұқсат етілмеген және рұқсат етілген. Зерттеушілердің пайымдауынша, жалпы маскүнемдіктен бас тарту тенденциясы қалыптасып, нақты адамдарға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету қызметіне көшуіміз мүмкін.
Әлеуметтік саясат тек маскүнемдерге ғана емес, сондай-ақ алкогольді пайдаланушы тұлғалардың антиәлеуметтік әрекеттеріне қоғамдық санкцияларды қарастыра отырып қоғамға да қатысты болуы керек.
Ішкілік және маскүнемдік мәселесі бүгінгі таңда салмақты әлеуметтік мәселе болып отыр. Ішкілік және маскүнемдік алкогольдік сусындарды асыра қолданудың әр түрлі деңгейлерін көрсетеді.
Алкогольді сусындарды пайдалануына қарай тұлғалардың келесідей топтары көрсетіледі (Ю.П. Лисициннің жіктеуі бойынша):
Алкогольді ішімдіктерді қолданбайтындар;
Алкогольді сусындарды сирек қолданатындар (мереке және отбасылық салтанаттарда ғана айына бір рет, аз мөлшерде ішу);
Алкогольді сусындарды орнымен қолданатындар (айына 1-3 рет), аз мөлшерде, белгілі бір жағдайда (мереке, достармен кездесуде) қолданады және теріс қылықтарды көрсетпейді.
Алкогольді асыра пайдаланушылар:
маскүнемдіктің алғашқы белгілері бар тұлғалар (алкогольді пайдалануға деген психикалық тәуелділік, ішу мөлшерін жоғалту), алкогольді көп мөлшерде, аптасына бірнеше рет және еш себепсіз қолданатын маскүнемдер, кез келген орындарда ішу;
алкоголизмнің айқын белгілері көрініс табатын тұлғалар, оларда алкогольге психикалық тәуелділікпен қатар физикалық тәуелділік, бас жазу синдромы (абстиненттік синдром) және тағы да басқа симптомдар, күрделі психикалық бұзылу симптомы (алкогольдік психоз);
Әлеуметтік жұмыс теориясында маскүнемдіктің әлеуметтік-медициналық мәселелері келесідей жіктеледі:
медициналық мәселелер: ішімдік бауырдың, орталық жүйке жүйесінің бұзылуына; миокард инфарктінің туындау қаупіне, мидың қан айналымына, туберкулез, рак, созылмалы бронхитке әкеп соғады, ішімдікке әуес ата-аналар дүниеге дені сау емес бала әкеледі, сонымен қатар бала өлімі көбейеді және т.б.;
әлеуметтік мәселелер: маскүнемдік қылмыстың, мүгедектіктің, өлім-жітімнің көбеюіне, аурудың өршуіне, яғни дені сау тұрғындардың көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі;
әлеуметтік-экономикалық мәселелер: ішімдікті шектен тыс қолдану еңбек қабілеттілігін төмендетеді, қоғамға материалдық-экономикалық залалын тигізеді, еңбек өндірісіне және т.б. әсер етеді.
Осылайша, профилактикалық бағыттағы әлеуметтік-медициналық жұмыс микроәлеуметтік ортадағы ішімдіктің жағымсыз әсерінің алдын алумен анықталады; қауіпті топтарды анықтау; ұжымда және отбасында тәрбиелеу мақсатындағы барлық іс-шара жүйелерін қолдану.
Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік-медициналық жұмыс аурудың асқынып кетпеуінің алдын алумен байланысты.
Нашақорлық – есірткіге тәуелділіктің бір түрі, яғни есірткілік заттарды нашақорлық, ессіз күйге қол жеткізу мақсатында қолданады.
Есірткі заттарын қолдануды 3 аспектіге бөліп қарастыруға болады:
медициналық аспект – бұл заттар орталық жүйке жүйесіне галлюциноген ретінде әсер етеді.
әлеуметтік аспект – мұндай заттарды қолдану үлкен әлеуметтік мағынаға ие.
құқықтық аспект – бұл зат құқықтық актілерге сәйкес (кейбір дәрілер нашақорлық заттар деп танылады, мысалы: морфин, омнопон, промедал, т.б.) есірткілік зат ретінде танылған.
Нашақорлық заттарды қолдану мас күйге ұқсас деген ой қалыптасқан. Адам өміріне риза, күші көп, көңіл-күйі көтеріңкі сезімде болып, қозғалысында бәсеңдік те байқалуы мүмкін. Эйфорияға физикалық жақсы хал-ахуал мен тыныштық сезімі де қосылады. Эйфориямен қатар жүріс-тұрыстағы шайқатушылық, сөйлеуінде өзгерістер байқалып, терінің солғын тартуы, көздегі от кетіп, көз қарашығының ұлғаюы немесе кішіреюі көрініс табады. Есірткіге мас болу күйі 1 сағаттан 6 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Нашақорлыққа аурудың 3 кезеңі тән. Аурудың бірінші кезеңінде есірткілік көп сипат алады; дозаның артып отыруы, 1-2 тәулікте есірткінің жоқтығы психикалық бұзылушылық түрінде көрініс табады. Бірінші кезеңнің ұзақтығы 2-4 айдан жарты жылға дейін созылады. Екінші кезеңде толеранттық арта түседі, адамның іс-әрекеті бәсеңдеп, пассивті мінез-құлық таныта бастайды; физикалық тәуелділіктің белгілері байқалады, есірткінің жоқтығы абстиненттік синдромның дамуына әкеледі. Үшінші кезеңде есірткі ынталандырушы болады, мұнда эйфория мүлдем болмайды. Көптеген нашақорлар бұл кезеңге дейін жетпейді, себебі көп мөлшердегі дозадан нашақор өліп кетеді.
Токсикоманияның қаупі де есірткіден кем емес. Токсикомания –наркотикке жатпайтын дәрілік құралдарды немесе тұрмыстық химия заттарын наркотикалық әсер алу мақсатында қолдану. Токсикомания қолжетімді болғандықтан ол балалар мен жасөспірімдерге негізгі қауіпті тудырып отыр. Кез-келген токсикоманиялық зат сәйкес заңдық актілерден кейін нашақорлық зат болып саналуы мүмкін. Осыдан кейін токсикоман ауруы санатындағы адам автоматты түрде нашақорлар тобына жатқызылатын болады.
Нашақорлық пен токсикомандықтың бірнеше себептері бар, олар: психологиялық, әлеуметтік, экономикалық.
Психологиялық себептерге қиындықтан қашу, үрей-қорқыныш сезімі, қандай да бір мәселелерден қашу немесе қызығушылықтар жатқызылады. Әлеуметтік себептерге отбасындағы жайсыздық, қоршаған ортаның әсері, қараусыздық жатады. Экономикалық себептері – жұмыссыздық, білім алуға мүмкіндігінің жетпеуі, есірткіні (наркотикті) таратумен айналысатын қылмыстық құрылымдардың белсенді іс-әрекеттері. Нашақорлықтың кең етек жаюына бұл дерттің емделуі оңай деген теріс ақпарат та септігін тигізеді.
Әлеуметтік қызметкерлер нашақорлықтың келесі әлеуметтік-медициналық салдарларын көрсетеді:
орташа өмір сүрудің 20-25 жылға төмендеуі;
бауыр ауруы, тұлғаның ерте деградацияға ұшырауы;
нашақор ата-анадан тумысынан созылмалы патологиясы бар нәресте дүниеге келеді;
нашақор АҚТҚ-инфекциясын таратушы қауіпті топ болып табылады;
қылмыскерліктің артуы (есірткіге мас күйінде адамның қоғамға қарсы әрекеттерге баруы немесе есірткіге қол жеткізу мақсатында қылмысқа баруы);
қоғамдық өмірде тұрғындардың ең еңбекке қабілетті бөлігі – жастар өз ерекшелігін жояды.
Есірткілік, токсикалық заттарға тәуелділігі бар адамдармен әлеуметтік-медициналық жұмысты келесідей үлгіде көрсетуге болады:
Дайындық кезеңі. Емделудің қажеттілігін сезіну, шешім қабылдау, мамандарға қаралу. Емделуді бастамас бұрын бастапқы қадамын ғана емес, бүкіл жолын ойластыру маңызды.
Физикалық тәуелділікті жою. Бес-он күнге созылатын детоксикация.
Реабилитация.
Әлеуметтік-психологиялық көмектің маңызы артады: науқастың есірткіні тастау арқылы қоғамдық өмірге қайта келуі, физикалық және психологиялық денсаулықтың қалпына келуі, сонымен қатар, адамның әлеуметтік мәртебесі мен тұлғалық қасиеттерінің қайта қалыптасуы. Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік реабилитациялау (қайта қалпына келтіру) әлеуметтік-тұрмыстық дағдыға бағыттауға үйретіп, кәсіби даярлау, еңбек терапиясы, заңдық және құқықтық қолдау арқылы көрінеді.
Кәмелетке толмағандарды әлеуметтік реабилитациялау (қайта қалпына келтіру) бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Олардағы есірткіге тәуелділіктің артуы нашақорлыққа деген ары қарайғы ұстанымын қалыптастырады. Сонымен қоса, адам тұлға ретінде дамымай, оның құндылықты бағыттары бұзылады, отбасындағы қарым-қатынас та бұзылып, әлеуметтік дамуы тоқтайды (білім деңгейі төмендейді, кәсіби бағытталуы, мамандықты меңгеруі қиынға түседі, нашақорлық және қылмыстық топтармен тығыз қарым-қатынас орнатылып, қиындықтар болады, заңмен мәселелер туындайды). Кәмелетке толмағандарды реабилитациялауда жас ерекешелігін есепке алу маңызды.
Кәмелетке толмағандарды реабилитациялауда мынадай психотерапевтикалық әдістер маңызды: ойын, өнер, әдебиет психотерапиясы әдісі (арттерапия, музыкатерапия, драматерапия, ертегі терапиясы т.б.), жұмысбастылық және еңбек терапиясы әдістері. Кәмелетке толмағандарды емдеу-реабилитациялау үдерісінде отбасы терапиясы мен отбасылық кеңес беру басты бағыттардың бірі болып саналады.
Кәмелетке толмағандарды реабилитациялаудың негізгі принциптері келесідей:
реабилитациялау іс-шараларына клиенттің өз еркімен қатысуы;
есірткілік және токсикалық заттарды қабылдауды тоқтатуы;
құпиялық;
реабилитациялық іс-шаралардың жүйелілігі;
реабилитациялық іс-шаралардың кезеңдігі;
жауапкершілік;
ребилитациялауға негізгі маңызды тұлғаларды қатыстыру (отбасы мүшелері және т.б.);
өмір сүру ортасын қайта ұйымдастыру және реабилитациялық ортасын қалыптастыру (өмір сүру ортасының барлық компоненттеріне әсер ете отырып, өмір сүру салтын өзгерту);
кәмелетке толмағандардың түрлі топтарын реабилитациялауға деген дифференциялық тәсіл;
кәмелетке толмағандарды реабилитациялық мекемеден шығарғаннан кейін де әлеуметтік және жекелей қолдау.
Бірқатар қалаларда наркологиялық диспансерлер жанынан балаларға және жасөспірімдерге әлеуметтік-медициналық көмек беру бөлімдері ашылған. Ол күндізгі стационар мен тәулік бойы ем қабылдауға болатын және амбулаторлық-емханалық бөлімнен тұрады. Амбулаторлық-емханалық құрылымда алдын алу (профилактикалық), емдеу-диагностикалық және қайта қалпына келтіру (реабилитациялық) бағдарламалары жүзеге асырылады.
Профилактикалық бағдарламалар ішімдікті және есірткіні қолданудың алдын алуға, оларды асыра қолдану мен девиантты мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Мақсатты бағытталған әрекеттің объектісі болып негізінен балалар мен жасөспірімдер табылады. Алдын алу шаралары үзіліссіз, жасына қарай жіктелген, шынайы және нәтижелі болуы тиіс. Алдын алу шаралары жастардың есірткіге қарсы ұстанымын қорқыныш арқылы емес, жағымды өмірлік дағдыларды қалыптастыру арқылы орнатуға ұмтылады.
Емдеу бағдарламалары нашақорлық дертіне шалдыққан науқастарды ерте кезінде анықтап алып, оларды емдеуге бағыттау жұмыстарын алға тартады.
Реабилитациялық бағдарламалар тұлға мен қоғам арасындағы қарама-қайшылық пен алшақтықты жеңуге бағытталған.
Әлеуметтік жұмыс маманы әлеуметтік реабилитацияның индивидуалдық бағдарламасын құрастыру мен оны жүзеге асыруға тікелей атсалысады. Оған кәсіби-еңбектік, оқу-танымдық, әлеуметтік мәдени, шынықтыру-сауықтыру және т.б. компоненттер кіреді.
