Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жауаптар денсаулы сатау(40-60).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.98 Кб
Скачать

44.Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдарға талдау жасаңыз.

Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулық қорғауда ажыратылмайтын құқыққа ие. Қоршаған ортаны қорғау,еңбек шартына қолайлы жағдай жасау, демалыс, тұрмыс, азаматтарды оқыту және тәрбиелеу, тамақ сапасын жүргізу, сонымен қатар халықты дәрігерлік әлеуметтік көмекке шақыру бұл денсаулық қорғаудағы маңызды бағыттар. Қазақстан Республикасы  азаматына кез келген қалыпта тең құқықтан айырғанда, түрлі ауруларда қорғалуға кепілдік беріледі, ал айыпты жақ заң алдында жауапты болады. 

Заңдар, жоғарғы мемлекеттік билікте және заң шығару органдарымен қабылданады, бекітіледі, қоғамдық қатынастарда жүргізілуі реттеледі. Тәртіппен денсаулық сақтау жүйесімен қалыптастырылады, денсаулықты қорғаудың негізгі заңдылығы қамтамасыз етіледі және халық денсаулығын бекітеді.Адамның құқықтық қатынаста реттелуі және мемлекеттік ортада барлық адамның денсаулығын қорғау жүйесінен кете алмайды. Түрлі қалалардың конституциясында медициналық көмектің айырмашылығы қаралады. 

1948 жылы азаматтардың жалпы құқықтық Декларациясының халықаралық масштабы қабылданды. Азаматтар денсаулығын қорғау өз кезегінде қоғамдық құқықтық реттеу маңыздылығы 1990 жылға дейін Қазақстанда заң шығарушылықпен шектелді. «КСРО-ның негізгі заң шығарушылығы немесе денсаулық сақтау жөніндегі одақтық республика Қаз КСР заңдары», «Денсаулық сақтау» негізінде қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары денсаулығын қорғауға құқығы бар және медициналық көмекті тегін алуға кепіл беруі арнайы Заңмен бекітілген.Бұл кепілдің негізгі ұстанымын қамтамасыз ету адам құқығын сақтау және адамның денсаулығын қорғау саласында және осы мемлекеттік кепілдің құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады. 

Олар:

- профилактикалық шаралардың басымдылығы;

- әлеуметтік көмектің медициналық ұстанымы;

- басқарушылық және мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігі, кәсіпкерлік, мекемелердің және жеке форумнан тәуелсіз ұйымдар, лауазымды тұлғалардың адамдардың денсаулығын қорғауға қамтамасыз ету. Адамдардың денсаулық құқықтарын қорғау саласында денсаулық қорғау жүйесінде жұмысшылардың сонымен қатар заңгерлердің пікірлері әрдайым ескеріледі. 

Әдебиеттерде көбіне медициналық көмектің мамандандырылған және адамның құқығын қорғау денсаулығын сақтау және қамтамасыз ету мәселелерін жариялау көзделген. Құқықтарды зерттеу әлеуметтік маңызды жағынан ғана емес, сондай-ақ олардың заңгерлік негіздерінің байланысы мен бір-біріне иерархиялық әсер етуімен де сабақтас.

45.Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз

Халықтың қартаюы бірқатар экономикалық және әлеуметтік-медициналық салдарға алып келеді. Қазіргі уақытта көптеген елдерде медициналық-санитарлық көмек жүйесінің қарауындағы барлық бюджеттік құралдардың шамамен алғанда жартысы қарт адамдарға медициналық қызмет көрсетуге жаратылады.

Қарт адамдарға ерекше әлеуметтік-медициналық мәселелер тән, олар: денсаулық жағдайы мен оны толық қалпына келтірудің мүмкін еместігі, материалды қамтамасыздандырудың жеткіліксіздігі және оны жоғарылатуға жағдайдың жоқтығы, жалғыздық пен қарым-қатынастың аздығы және т.б.

Қарт адамдардың жалпы белсенділігінің маңызын ерекше атап кетуге болады. Пассивті өмір салтын ұстанатын зейнеткерлерге қарағанда рационалды өмір салтын ұстанатын зейнеткерлердің физикалық, әсіресе әлеуметтік белсенділігі және бейімделу деңгейі аса жоғары.

Қарт адамдарды өмірдің барлық өзгерістеріне дайындап отыру керек, себебі олар басына түскен барлық мәселелермен күресе алмайды және жаңа жағдайға тез бейімделе алмайды. Осыған байланысты, зейнеткерлікке дейінгі жастағы және зейнеткер қарт адамдарды психоәлеуметтік жағынан қолдайтын арнайы ұйым қажет. Сонымен қатар, психоәлеуметтік жұмыс бейімделудің факторы болып табылатын тұлғалық ерекшеліктерге сүйене алады.

Еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта бейімделуі төмен деңгейдегі қарт адамдар тобымен дезадаптацияның алдын алу бойынша жұмыс жасау қажет.

Психопрофилактикалық жұмыс екі кезең бойынша ұйымдастырылуы мүмкін:

  • зейнеткерлікке шығуға дайындық;

  • еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта қарт адамдармен жұмыс.

Әр кезеңде оларды жүзеге асырудың өзіндік мақсаттары мен міндеттері бар.

Әлеуметтік-медициналық жұмыс маманының дезадаптациялы қарт адамдармен өзара әрекеттесу үрдісі индивидуалды және топтық формада ұйымдастырыла алады. Психопрофилактикалық жұмыстың бағдарламасын құру барысында қарт адамдардың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі сәтті бейімделіп кетуін қамтамасыз ететін қарт адамдардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды. Осы ерекшеліктерді талдау негізінде жұмыстың келесі блоктарын бөліп қарастыруға болады:

  • еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта бейімделуі төмен деңгейлі қарт адамдар көп жағдайда өздеріне көңілдері толмай жатады, сондықтан өзін адекватты бағалауды қалыптастыру бойынша жұмыс жасалынады;

  • бейімделу деңгейі төмен адамдар өмірлеріндегі көптеген құбылыстарды әр түрлі жағдай мен басқа адамдардың әсерінің нәтижесі деп түсінеді, сондықтан мұнда интерналды бақылауды қалыптастыру бойынша жұмыс жасалынады. Бұл жерде қарт адамдар олардың өмірінде болып жатқан құбылыстар үшін өздеріне жауапкершіліктің бір үлесін алулары керектігін, көптеген жағдай солардың өздеріне байланысты екенін түсінуі керек;

  • еңбек әрекетінің аяқталуына байланысты кейбір қарт адамдарда «қоғамға керексіздік» сезімі, «әрі қарай өмір сүрудің маңызы жоқ» сезімдері пайда болады. Сондықтан, жұмыс істемейтін зейнеткерлердің әлеуметтік белсенділіктерін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізіледі.

Үлкен жастағы тұлғалардың денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік-медициналық сипаттағы іс-шаралар кешенінде ерекше орынды әлеуметтік-медициналық көмек ұсынатын стационарлық мекемелер мен әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін ауруханалық емес формадағы мекемелер алады.

Үлкен жастағы тұлғаларға стационарлық әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін мекемелерге денсаулық сақтау жүйесінің стационарлық мекемелерін, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің стационарлық мекемелерін жатқызамыз:

  • гериатриялық аурухана;

  • ұзақ мерзімге қалуға болатын гериатриялық бөлімше;

  • учаскелік ауруханалар негізіндегі әлеуметтік-медициналық бөлімшелер;

  • соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдар;

  • интернат үйлері;

  • мейіркештік қарау үйі (бөлімшесі);

  • хоспис;

  • гериатриялық орталық.

Жалпы соматикалық интернат үйінің әлеуметтік-медициналық жұмыс үлгісін қарастырайық. Интернат үйіне түсуші әрбір адам алғашқы екі аптада әлеуметтік бейімделу бөлімшесінде болады, онда әртүрлі мамандар (гериатр-дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер, валеолог, невропатолог, реабилитолог) денсаулық резервтерін және әрбір осы мекемеге түсушінің жеке ерекшеліктерін зерттейді. Содан соң денсаулық жағдайына байланысты қарт адам әлеуметтік-еңбектік оңалту (егер еңбекке жарамды болса) бөлімшесіне, әлеуметтік-медициналық оңалту бөлімшесіне (егер физикалық еңбекпен айналыса алмаса) немесе қайырымдылық бөлімшелеріне (егер өз-өзіне қызмет ете алмаса) жіберіледі.

Өз кезегінде, мейірбикештік қарау үйінің (бөлімшесінің) негізгі міндеті болып созылмалы аурулары бар егде және қарт жастағы адамдарға әлеуметтік-медициналық көмектің қолжетімділігін жоғарылату болып табылады.

Мейірбикештік қарау үйі (бөлімшесі) келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

  • кәсіби медициналық қамқорлық және қарт және ауру адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету;

  • дәрігерлік нұсқаулар мен процедураларды уақытымен орындау;

  • ауру мен қарт адамдарды еңбек терапиясы элементтері арқылы медициналық оңалту;

  • ауру және қарт адамдардың жағдайларын динамикалық бақылау;

  • созылмалы аурулардың асқынуларын дер кезінде диагностикалау;

  • келісімде бекітілген және денсаулық сақтау органдарымен бекітілген мерзім бойынша ауру адамдарды өз уақытында шығаруын ұйымдастыру;

  • жалғызбасты қарт азаматтарды интернат үйлеріне орналастыру.

Мейірбикештік қарау үйі (бөлімшесі) келесідей қызметтерді қамтамасыз етеді:

  • алғашқы шұғыл көмек;

  • қарт және ауру адамдардың созылмалы ауруларының нашарлауына немесе асқынуына байланысты сәйкесінше емдеу-профилактикалық мекемелерге ауыстыру;

  • денсаулық жағдайына байланысты ауруханаға жатқызылған тұлғаларды кезеңдетілген дәрігерлік қарауды ұйымдастыру (аптасына 1 реттен аз болмауы керек);

  • созылмалы ауруы бар адамдарға дәрігерлердің ұсынысы бойынша кеңестік көмек;

  • психологиялық көмек пен адекватты симптоматикалық терапия;

  • тамақтану, соның ішінде дәрігерлік ұсыныстарға сәйкес диета;

Жалпы соматикалық профиль бойынша мейірбикештік қарау үйіне бағыттауға қарсы көрсетулер: туберкулездың белсенді формалары, өткір инфекциялық және психикалық аурулар.

Ауру адамдарды терминалды кезеңде симптомикалық емдеу үшін, оларға кәсіби қарауды ұйымдастыру, ауру адамдарға және олардың туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету үшін қайырымдылық медициналық мекемелер – хоспистер құрылады. Хоспистің міндеттері:

  • қайрымдылық медицина – инкурабельді ауру (емделмейтін аурулар) адамдарға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрлерін қалыптастыру;

  • терминалды стадиядағы ауру адамдарға стационарлы медициналық көмектің және оларға үйге медициналық көмек көрсетудің жақсартылуын ұйымдастыру;

  • терминалды кезеңдегі ауру адамдарға симптомикалық емдеу жүргізу, оларға психотерапевтік және дәстүрлі әдістерді қолдана отырып, кәсіби қарауды ұйымдастыру;

  • ауруды сездірмейтін терапияларды қажеттілігіне қарай таңдау және жүргізу;

  • ауру адамдар мен олардың туыстарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оларға аса ауру адамдарға қарау дағдыларын үйрету.

Гериатриялық орталық егде және қарт жастағы халыққа және ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғаларға арнайы стационарлы және кеңестік- диагностикалық медициналық көмек көрсету үшін керек, сонымен қатар гериатриялық көмек көрсету мәселелері бойынша мамандар мен медициналық, әлеуметтік-медициналық мекемелердің әрекетін ұйымдастырушылық-әдістемелік басқарулармен қамтамасыз ету.

Гериатриялық орталықтың келесідей міндеттері көрсетіледі:

  • жасы үлкен адамдар тобындағы тұлғалардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізу және олардың медициналық немесе әлеуметтік-медициналық көмекке қажеттіліктері;

  • ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғалар мен халықтың үлкен жастағы топтарына оңалту көмегі мен емдік-диагностикалық көмек көрсету бойынша жалпы емдік гериатриялық және әлеуметтік-медициналық мекемелер жүйелеріндегі емдеу-профилактикалық мекемелердің іс-әрекетіне талдау жүргізу;

  • мемлекеттік кепілдіктердің орындалуына бақылау жүргізу, соның ішінде, медициналық және дәрімен қамтамасыз ету бойынша жеңілдіктер, протездеудің жеке түрлеріне жеңілдіктер;

  • белгіленген азаматтар категориясын дәрімен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша аймақтық және территориялық бағдарламаларды дайындауға қатысу;

  • ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғалар мен халықтың үлкен жастағы топтарына кеңес беру, емдік-диагностикалық, оңалту көмектерін көрсету;

  • әртүрлі жастық топтардағы адамдарға емдеудің адекватты дәрілік және медикоментозды емес әдістерін таңдау;

  • ағзасында ерте қартаю белгілері бар тұлғалар мен қарт ауру адамдарға қолданылатын диагностика, емдеу мен оңалтудың жаңа заманауи әдістерін практикаға енгізу;

  • санитарлық-түсіндірушілік жұмысты жүргізу, қарттарға әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жағдай жасау мен оларға қарау дағдыларына үйрету;

  • гериатрия мәселелері бойынша жалпы емдеу желісінің мамандары мен емдік-профилактикалық мекемелерге практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, геронтология мен гериатрияның өзекті сұрақтары бойынша жиналыстар, конференциялар және семинарлар өткізу;

  • қарттарға әлеуметтік-медициналық көмектің ауруханалық емес формасы шығыны аз және тиімді болып табылады. Осындай формалар ішінде келесілерді бөліп қарастыруға болады, олар: емханалардағы гериатриялық бөлмелер, амбулаторлық гериатриялық бөлімшелер, емханалардағы әлеуметтік-медициналық көмек бөлімшелері, амбулаторлық-емханалық мекемелердегі күндізгі стационарлар, үйде қызмет көрсететін стационарлар, мүгедектерді әлеуметтік-медициналық оңалту орталықтары, әлеуметтік қамтамасыз ету орталықтары, жедел әлеуметтік көмек бөлімшелері, әлеуметтік тұрғын үйлер, Қызыл Ай Қоғамымен және Қайырымдылық Қорымен ұйымдастырылатын қызметтер;

  • ауылдық елді мекендерде әлеуметтік-медициналық көмекті ұйымдастыру қаладағы қағидалар бойынша құралады. Бірақ халықтың территориядағы орналасуына, ауыл шаруашылық жұмыстардың кезеңділігіне, қызмет көрсетудің үлкен радиусына, даладағы жұмыстар барысында ауа-райлық жағдайлардың әсер етуіне, шаруашылық-тұрмыстық әрекеттің ұйымдастырылмағандығына және білім мен мәдениет деңгейіне байланысты өзіндік айырмашылықтары да бар.

Ауылдық елді мекендерге әлеуметтік-медициналық көмекті ұйымдастырудың басты ерекшеліктерінің бірі – оның кезеңділігі болып табылады.

Бірінші кезең – ауылдық дәрігерлік бөлімше немесе территориялық медициналық қауымдастықтар (учаскелік аурухана, фельдшерлік-акушерлік пункттер – ФАП, денсаулық пункттері, перзентханалар және т.б.); бұл кезеңде ауыл тұрғындары кәсіби медициналық көмек ала алады (терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық және т.б.).

Екінші кезең – аудандық медициналық мекемелер, оның ішінде алдыңғы қатардағы болып қалалық емханалар саналады. Ауыл тұрғындары арнайы медициналық көмекті оның негізгі түрлері бойынша алады.

Үшінші кезең – облыстық аурухана, диспансерлер, тіс емдеу емханалары және т.б. Бұл кезеңде барлық мамандық бойынша жоғары білікті кәсіби медициналық көмек көрсетіледі.

Ауылдағы қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық көмекті қамтамасыз етуде үлкен көмекті әлеуметтік қызметкерлер көрсетеді. ФАП қызметкерлерімен бірге, денсаулық жағдайын және үлкен жастағы адамдар тобының сақталу деңгейін бағалай отырып, олар медициналық-әлеуметтік көмек бөлімшелеріне бағыттау үшін контингентті анықтап алады.

Ауылдың әлеуметтік қызметкерлері жалғызбасты қарт адамдарға қызмет көрсету барысында оларға азық-түліктерін жеткізіп береді, отын сатып алуын ұйымдастырады, коммуналдық төлемдерін төлейді, науқастарға медициналық қызметкерлерді шақырады, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді, қамқорлығындағы адамдарды ауруханаға ертіп барады, ауруханада жатқан қарауындағы зейнеткер адамдарға барады, сонымен қатар мүмкіндігінше олардың әртүрлі сұраныстарын да орындайды.

Осылайша, ауылдық және қалалық елді мекендерде әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін маманға геронтология мен гериатрия мәселелері бойынша білім деңгейі мен қабілеттерін әрдайым жоғарылатып отыруы қажет.