
- •41. Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін ашыңыз
- •42. 20 Ғ. Басындағы медициналық мекемелердегі бірінші әлеуметтік жұмыскерлерді қарастырыңыз
- •43. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі: қазіргі жағдайы, мәселелері, болашағына талдау жасаңыз
- •44.Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғаудағы негізгі заңдарға талдау жасаңыз.
- •45.Денсаулық сақтаудағы қарт адамдермен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
- •46. Қарт және егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстағы деонтологияның мән-мазмұнын көрсетіңіз
- •47.Егде жастағы адамдармен жұмыстағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің қажеттілігін анықтаңыз
- •49.Денсаулық сақтау жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық құжаттарға талдау жасаңыз
- •50. Әлеуметтік жұмыстың профессионалды қызмет түрі ретінде қалыптасуындағы мәселелер, денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды дайындау мәселелеріне тоқталыңыз
- •51.Дамыған мемлекеттердегі денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік қызметкерлердің ерекшеліктеріне (ақш, Швеция, Ұлыбритания) салыстырмалы талдау жасаңыз
- •52. Қарттар мен егде жастағы адамдарға қызмет көосететін әлеуметтік қызметкерлердің кәсібилігіне қойылатын талаптардың мән-мазмұнын ашыңыз
- •53.Шетелдегі наркологиялық денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік жұмыстың ролі мен орнын ашып көрсетіңіз
- •54.Онкологиялық аурулармен әлеуметтік-медициналық жұмысты ұйымдастыру мен өзгешелігін көрсетіңіз
- •55.Онкологиялық аурулармен әлеуметтік-медициналық жұмысты ұйымдастыру мен өзгешелігіне түсініктеме беріңіз
- •56.Денсаулық сақтау мекемелеріндегі мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін ашып көрсетіңіз
- •57.Мүгедектердің құқықтарын қорғайтын құқықтық актілері және олардың басты әлеуметтік мәселелеріне талдау жасаңыз
- •58.Вич және жқтб ауруларымен әлеуметтік-медициналық жұмыстың өзгешілігіне жан-жақты талдау жасаңыз
- •59.Вич және жқтб аурулармен әлеуметтік-медициналық жұмыс технологиясы мен нормативті-құқықтық базасы, кешенді тексеру және емдеумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашыңыз.
- •60.Психикалық бұзылыстардағы реабилитациялық бағдарламалардағы іс-шаралардың мазмұнына талдау ашыңыз
41. Шетелдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың ерекшелігін ашыңыз
Қай мемлекетте болмасын әлеуметтік-медициналық жұмыс сол мемлекеттің тарихи жағдайларын есепке ала отырып қалыптасады. Қарастыратын мәселелерінің ұқсастықтары мен пен біртиптілігіне қарамастан, олардың әдістерінде, жолдарында және ұйымдық рәсімдеуінде өзіндік ерекшеліктері бар. Әртүрлі мемлекеттердегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың мазмұнын салыстырмалы түрде талдау – осы қызметтің теориясы мен тәжірибесін одан әрі байыта түсетіндігін барлығын білеміз.
Мысалы, АҚШ-та әлеуметтік-медициналық жұмыстың басты ерекшелігі орталықсыздандыру (децентрализация) болып табылады. Бұл әртүрлі әлеуметтік-медициналық бағдарламалардың федералды, штаттық және жергілікті сияқты әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылуы арқылы көрінеді. Мемлекеттік сақтандыру жүйесі екі түрлі формада болатын – ұжымдық және индивидуалды жеке сақтандыру жүйелерімен толықтырылады. Соңғы жылдары интернат-үйлерінде, күндізгі ауруханада, сауықтыру курстарындағы, стационарлы және диспансерлік қызметтердің үйлесімділігі сияқты қызмет түрлері кеңінен қолданылуда. Әсіресе, қарт және мүгедек адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетуге ерекше назар аударылуда. Үйге тамақ әкеліп беру, шомылдыру, шаш қырқу, кір жуу және іш-киім ауыстыру, нұсқаушының көмегі арқылы гимнастика жасату сияқты қызмет түрлері көрсетілуде.
Канадада әлеуметтік-медициналық жұмыс жүйесі адамдардың өз еркімен көмек көрсетуіне негізделеді. Дегенмен, ол мемлекетпен де басқарылып отырады. Заңды түрде белгіленген әлеуметтік-медициналық қызметтер тұрғындардың келесі категорияларына көрсетіледі, олар: қарт адамдар; жұмыссыздар; ата-аналары тастап кеткен балалар; зорлық зомбылыққа ұшырағандар; эмоционалдық және психологиялық қиындыққа шалдыққан балалар; физикалық және ақыл-ойы кем балалар; заңға қарсы келетін жасөспірімдер; эмоционалдық мәселелері бар жасөспірімдер; маскүнемдікке салынған немесе есірткі қабылдауға бейім жасөспірімдер.
Канаданың денсаулық сақтау жүйесін мемлекет қаржыландырады және медициналық сақтандыру карточкасы бар әрбір мемлекет азаматы тегін медициналық қызметке жүгіне алады. Сонымен қатар, әрбір жұмыс істейтін азаматқа айлықпен бірге сақтандыру өтемақы пакеті ұсынылады, ол өз кезегінде тіс емдеу, окулист және т.б. қызметтердің басым бөлігін жауып отырады.
Англия аймақтық принципке байланысты оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Негізінен әлеуметтік-медициналық жұмыс солтүстік аймаққа бағытталған, себебі бұл аймақтағы тұрғындардың әл-ауқаты төмен дәрежеде. Әлеуметтік-медициналық көмек көрсету орындарына тек ауруханалар ғана емес, сонымен қатар қарттар үйі, мүгедектер үйі, жетімдер, қарттар паналары, психикасында ауытқулары бар адамдар мен мүгедектерге арналған қонақ үй іспеттес жатақханалар жатады. Әлеуметтік-медициналық көмектегі басты жауапкершілік жергілікті өкіметке тапсырылады. Оларға қаржылық қаражаттың көп бөлігі бөлініп отырады.
Германияда әлеуметтік-медициналық жұмыс мемлекеттік сипатқа ие, бірақ ерікті және жеке ұйымдар да жоқ емес. Әсіресе, әлеуметтік-медициналық патронаж кең түрде қолданылады. Клиенттер өздерінің қажеттіліктері мен ауру деңгейлеріне байланысты әлеуметтік қызметтерді өз бетінше таңдай алады, олар кеңес беру, дәрігерлік, ақпараттық, жалпы күтім бойынша, ұжымдық сияқты әлеуметтік-медициналық қызмет түрлерін пайдалана алады.
Германия үшін әлеуметтік шаралардың дәстүрлі саласы денсаулық қызметі болып саналады. Ол өз кезегінде салыстырмалы биік стандартқа жауап беретін әлеуметтік көмек пен денсаулық сақтау жүйесінен тұрады. Германиядағы денсаулық қызметі мен әлеуметтік қызметтер екі радикалды бөлінген секторлар болып табылады. Бұл екеуінің жұмыс істеу барысында, мысалы, әлеуметтік медицина саласында бірігуі кезінде, әлеуметтік шаралар қажетті бірігудің звеносын құрайды. Сондықтан, денсаулықтың қоғамдық қызметі әлеуметтік қызметтердің, соның ішінде, әлеуметтік саладағы жұмысшылардың маңызды жұмыс істеу ортасы болып табылады.
Скандинавиялық мемлекеттер бюджет қаражатынан мұқтаж жандарға ұзақ мерзімді әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетуде биік дәрежеге жетті деуге болады. Мысалы, Швециядағы медициналық және әлеуметтік қызмет мәселелері муниципалды және облыстық билік құзырларына қарайды. Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің негізгі міндеті сол азаматтың тұрақты тұратын аймағындағы муниципалитетке жүктелген.
Швеция ауруханаларында дағдарыс жағдайлары кезінде көмек көрсету қызметі жақсы дамыған. Бұл жерде әлеуметтік жұмыскерлер бірнеше міндеттер атқарады. Атап айтқанда, ауру адамның емдеудің стационарлық шарттарына және режиміне бейімделуіне көмектеседі; ауру адамдарды операцияға дайындап, операциядан кейінгі жағдайда да көмек көрсетеді; жақындары мен балалары емделмейтін ауруға душар болғандардың ата-аналарына, туысқандарына қолдау көрсетеді; аурудың отбасылық жағдайы туралы және оның туыстарының ауруға көмектесу мүмкіндіктері туралы дәрігерлерді хабардар етеді; балалары қайтыс болған ата-аналар мен ауруханада қайтыс болған жандардың жақын туысқандарымен жұмыс істейді; балалары ауыр науқасқа ұшыраған ата-аналармен жұмыс істеу бағдарламаларын құрайды.
Даниядағы қарт адамдарға көмек көрсету жүйесі ерекше қызығушылық тудырады. Әлеуметтік және медициналық қызметтер қолжетімді болу үшін муниципалды билік қарттарға арналған денсаулық орталығын ұйымдастырды. Әрбір ықшам аудандарда орналасқан мұндай орталықтар әлеуметтік қамтамасыз ету мен денсаулық сақтауға байланысты барлық мәселелерді қарастырады. Сонымен қатар, қарт адамдарды күту мен емдеудегі барлық қызмет түрлері ұсынылады.
Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде жоғары білікті медбикелік күтім үйлері бар. Медбикелік күтім үйлері қарт адамдардың әлеуметтік және тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар білікті медициналық әмбебаптық қызмет көрсету орталықтары болып қалыптасуда.
Көптеген елдерде егде адамдарға әлеуметтік-медициналық көмек түрін дамытуда көмексіз өмір сүре алмайтын қарт адамдарға ұзақ мерзімді көмек көрсетуге басты назар аударылып отыр. Ұзақ мерзімді көмек көрсету қызметі денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар және күту сияқты қызметтерді қамтуы тиіс. Ұзақ мерзімді көмек көрсетудің маңызды компоненті – үйге келіп көмек көрсету, ол – егде адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және үйде отыруға мүмкіндік беретін: медициналық, әлеуметтік, тәжірибелік қызметтердің комбинациялар жиынтығы.
Үйге келіп көмек көрсету қызметі – бұл қауіпті ауруларға, түрлі кеселдерге, функциялардың бұзылуына, терминалды ауруларға ұшыраған пациенттерге үйіне келіп көрсетілетін кәсіби көмек, сонымен қатар, барлық мұқтаж адамдарға қысқа немесе ұзақ мерзімде көрсетілетін кәсіби қызметкерлердің көмегі. Үйге келіп көмек көрсету қызметіне: қызметшілердің үйге келуі; үйдегі инфузионды терапия; медициналық аппараттарды үйге қою; хоспис; патронажды қызметкерлердің жұмысы жатады.
Үйге келіп көрсетілетін көмекті екі түрге бөліп қарастыруға болады, олар: ресми – бригадамен немесе жекелей жұмыс істейтін кәсіби мамандар тобымен қамтамасыз етілетін түрі; ресми емес – ол көршілердің, достардың немесе туысқандардың көмегі. Үйге көрсетілетін көмек түріне үйге тамақ әкеліп беру, жергілікті транспорт, қаржылай көмек, медициналық және әлеуметтік мекемелер базасындағы күндізгі бағдарламалар сияқты қосымша көмек түрлерін жатқызуға болады. Отбасындағы қарт адамдарға күтім жасау да үйде көрсетілетін көмек түріне жатады.
Еуропалық Одаққа мүше-елдерде денсаулық сақтау жүйесі келесідей модельдерге бөлінуі мүмкін:
1. Әмбебап модель (Ұлыбритания, Ирландия, Дания)
- салық салу негізінде қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесі қызмет көрсету кешенінің тең және жалпыға бірдей қол жетімділігі қағидаларына негізделеді. Медициналық қызмет көрсету негізінен мемлекеттік мекемелерде ұсынылады.
2. Әлеуметтік сақтандыру моделі (Германия, Австрия, Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург) кәсіпкерлік пен әлеуметтік ынтымақтастық принципі дәстүріне негізделген. Денсаулық сақтауға кеткен шығындардың пайызын құрайтын жалақыдан аударулар мен басқа да мемлекеттік қорлар арқылы қаржыландырылады. Басқару жүйесінде әлеуметтік серіктестік маңызды рөл ойнайды.
3. Медициналық көмек көрсетудің «оңтүстіктің моделін» (Испания, Португалия, Греция, Италия) негізінен мемлекеттік мекемелер (ауруханалар) мен жеке дәрігерлер ұсынады. Алайда, адамдардың көп бөлігінің әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету жүйесін қолдануға құқықтары болмағандықтан жалпы салық салу негізінде қаржыландырылатын тек әлеуметтік жәрдемақыларға сенім артуға тура келеді.
Әлеуметтік-медициналық жұмыстың шетелдік тәжірибесін Қазақстанның қазіргі жағдайында қолдану мақсатында оны сараптай отырып, ұқсас әлеуметтік құбылыстар мен процесстерге теоретикалық-әдістемелік ыңғайлардың ерекшелігін, жекелей, тұлғалық деңгейде әлеуметтік көмек көрсету технологиясын, сонымен қатар көмекке мұқтаж жандарға өмір сүрудің қолайлы жағдайларын қалыптастыру әрекетіндегі әдістерді есепке алу керек.