
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •1.1 Оқытушы жөнінде мәлімет:
- •1.2 Пән жаында деректер:
- •1.6 Перечень и виды заданий и график их выполнения:
- •Тапсырмалар түрлері және олардың орындалу мерзімі
- •1.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •1.7.2 Қосымша әдебиеттер
- •Распределение рейтинговых баллов по видам контроля
- •Бақылаудың барлық түрлерін тапсырудың күнтізбелік кестесі
- •Студенттердің білімдерін бағалау жүйесі
- •2 Содержание активного раздаточного материала
- •2.2 Конспект лекционных занятий Лекция №1 Прямые и итерационные методы решения систем линейных алгебраических уравнений.
- •2.3 Планы лабораторных занятий
- •2.4 Планы практических (семинарских) занятий
- •2. Найдите решение транспортной задачи, исходные данные которой определяются таблицей
- •3. Найдите решение транспортной задачи, исходные данные которой определяются таблицей
- •4. Найдите решение транспортной задачи, исходные данные которой определяются таблицей
- •2.5 Планы занятий в рамках самостоятельной работы студентов под руководством преподавателя (срсп)
- •2.6 Планы занятий в рамках самостоятельной работы студентов (срс)
- •2.7 Примерный перечень тем рефератов
- •2.8 Тестовые задания для самоконтроля с указанием ключей правильных ответов
- •2.9 Перечень экзаменационных вопросов по пройденному курсу
- •Глоссарий
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттері үшін 5В071200- «Машинажасау» мамандығы бойынша «Автоматтандырылған жобалау жүйелерін математикалық қамтамасыз ету» пәні бойынша оқу- әдістемелік кешен.
Құрастырушы: аға оқытушы Қойшыбаева Ж.Б., Алматы: ҚазҰТУ, 2013ж. 77 бет.
Құрастырушы Қойшыбаева Жанар Бидахметовна, аға оқытушы
Аңдатпа Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің (АЖЖ) құрылымдық сұлбасын функционалдық және қамтамасыз етуші бөліктер түрінде көрсетуге болады. Оның функционалдық бөлігі АЖЖ- ның негізгі құрылымдық буындары болып табылатын ішкіжүйелер жинағы түрінде көрсетілген. Функционалдық бөлікке қарағанда, қамтамасыз етуші бөлік жүйеге өзінің барлық компоненттерімен кіруі қажет, тіпті олардың әр қайсысы әр түрлі дәрежеде боған жағдайдада. Кез-келген құраушы қамтамасыз етуші бөліктің болмауы кезінде АЖЖ-ның толықтай бар болуы жайында айтуға болмайды, өйткені барлық компоненттер өзара бір-бірімен тығыз байланысқан. Қамтамасыздаудың жеті түрін атап айтуға болады: техникалық; математикалық; программалық; ақпараттық; лингвистикалық; әдістемелік; ұйымдастырушылық.
Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің математикалық қамтамасыз етуі қамтамасыз ету бөлігінің маңызды компоненттері болып табылады және өзіне автоматандырылған жобалау кезінде қолданылатын жобаланатын объектілердің математикалық модельдерін, жобалық процедуралардың орындалу алгоритмдерін, әдістерін біріктіреді. Ажж-дегі математикалық қамтамасыз ету элементтері алуан түрлі. Олардың арасында әртүрлі АЖЖ кеңінен қолданылатын инвариантты элементтер бар. Оларға функционалдық модельдерді құру қағидалары, алгебралық және дифференциалдың теңдеулерді сандық шешу әдістері, экстремал есептердің қойылуы,экстремумды іздеу жатады.
Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің математикалық қамтамасыз ету инженердің ЭЕМ- мен әрекеттесу процедурасының ішкі мазмұнын анықтайды. Жобалық есептерді шешу үрдісінде математикалық қамтамасыз етудің сол немесе өзге компоненттерін қолдану жөнінде шешімді қабылдау барысында, алынатын нәтижелердің интерпретациясы мен есептің қойылуы және бастапқы берілгендердің дұрыс қалыптасуы үшін жобалық есептерді шешудің алгоритмдері мен әдістерін, математикалық модельдердің ерекшеліктерін білу инженерге қажет.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2013
1. Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
1.1 Оқытушы жөнінде мәлімет:
Сабақты жүргізуші , оқытушы____Қойшыбаева Жанар Бидахметовна_____
Аты-жөні толығымен
аға оқытушы________
қызметі,ғылыми дәрежесі
Байланыс ақпараты ________257-71-68_________________________
телефон, E-mail
Кафедоада болу уақыты______205 МЖИ _________________________
аудитория, уақыты
1.2 Пән жаында деректер:
Аталуы Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің математикалық қамтамасыз ету
Кредиттер саны _______3_________
Жүргізілетін орны 21 МЖК, 201 МЖИ, 202 МЖИ, 203 МЖИ аудитрояларында
1- кесте
Оқу жоспарынан көшірме
Курс
|
Семестр
|
Кредиттер
|
Аптасына өткізілетін академиялық сағаттар |
Бақылау түрі |
|||||
Дәрістер |
Зерт. сабақтар |
Практ. сабақтар /семин. сабақ. |
СӨЖ* |
СОӨЖ* |
Барлығы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
3 |
5 |
3 |
1 |
1 |
1 |
3 |
3 |
9 |
Е |
1.3 Пререквизиттер: "Математика I", "Математика II", "Ақпараттану".
1.4 Постреквизиттер: "Күрделі бағдарламалық жүйелерді өңдеу технологиясы", "СБББ басқарушы бағдарламаларының қалыптасу әдістері", "Үрдістерді және машинажасау кешендерін моделдеу", "Өндірісті автоматты жобалау жүйелері", «АЖЖ қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуін өңдеу».
1.5 "Автоматтандырылған жобалау жүйелерін математикалық қамтамасыз ету" пәнін оқытудың мақсаты студенттерді АЖЖ математикалық қамтамасыз етуінің құрылымымен және ұйымдастырылуымен таныстыру болып табылады. Жобалау үрдісі кезінде инженерге қажеті математикалық әдістермен және жобалық есептерді шешудің алгоритмдерімен үйрету.
Пән студенттерді АЖЖ математикалық қамтамасыз етуінің негізгі ұғымдарымен таныстырады. Студенттерді алгебралық сызықты теңдеулерді және қарапайым дифференциал теңдеулерді шешудің әртүрлі әдістерімен, интерполяция әдістерімен таныстырады. Сондай-ақ, студенттерді алгебралық сызықты теңдеулерді және қарапайым дифференциялдық теңдеулерді сандық шешудің әртүрлі математикалық әдістерінің арасынан дұрыс шешім қабылдауларына және оларды практикада қолдануларына үйретеді.
Берілген пәнді оқытудың негізгі мақсаты – АЖЖ математикалық қамтамасыз етуінің құрылымымен және ұйымдастырылуымен таныстыру болып табылады. АЖЖ-да есептерді шешудің әртүрлі математикалық әдістерін зерттеу.
Пәннің басты мақсаты студенттерге терең білім беру, стандарт талаптарына сай мамандарды даярлау, шеберлік білім тәжірибесін және осы білімдерді инженерлік, техникалық есептерді шешу кезінде қолдану мүмкіншілігін беру.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер білулері керек:
есептерді сандық шешудің математикалық әдістерін таңдауды жүргізуді;
есептерді сандық шешудің математикалық әдістерін тәжірибеде қолдануды;
АЖЖ есептерін шешу үшін әртүрлі қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды.