
4 ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
4.1 Зиянды және қауіпті факторларды талдау.
Негізгі өндірістік конструкциялар жанбайтын материалдардан жасалған электропешті бөлім үшін өрт жағынан алғанда ең қауіпті ретінде аппараттар ғимаратта – культ, трансформаторлы кіші станция, компрессорлы бөлім орналасқан учаскелер болады.
Пирометаллургиялық цехтарда шихтаны тиеу кезінде, ертіндінің ерітілген өнімдерін шығару және электропештерді және конверторларды пайдалану кезінде орындалатын басқа жұмыстар қатарында қызмет көрсетуші қызметкерлер айтарлықтай уақыт газдану және жоғары температуралар әсері кезінде жұмыс істейді.
Мыс концентраттарын электробалқытудың негізгі өндіріс зияндары ретінде келесілер болады:
күкіртті ангидрид газы (SO2), салыстырмалы-рұқсат етілген концентрациясы (СРК) 10 м2/м3-ке тең;
СРК шаңдары 4 м2/м3-ке тең;
ертінділерден және агрегаттардан сәулелі жылу;
шудың жоғары деңгейі (100-120 Дб);
күйіп қалу ықтималдығы және улану;
ертіндінің еріген өнімдерінің шашырауы.
Күкіртті ангидрид - өткір иісті түссіз газ, тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, жөтел, бронхит тудырады.
Ауамен бірге шаңдарды жүйелі түрде жұту өкпенің және тыныс алу аппаратының ауыр зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін.
Мысты балқыту өндірісінің технологиялық үрдістері жылудың және сәулелі энергияның бөлінуімен бірге жүреді, әсірісе штейнді және шлакты құю кезінде. Бір уақытта ауысым кезінде жұмысшылар сезінетін инфрақызыл сәулелену де болады. Нәтижесінде организмнің қызуы болады, онда жеке жағдайларда жылулық соққы болуы мүмкін. Сонымен қатар физикалық жарақаттану, электр тогының соғуы болуы мүмкін.
Цехта крандардың жұмысы, конверсиялау өнімдерін шығару, вентиляциялы және басқа қондырғылардың жұмысының нәтижесінде шу орын алады. Шу деңгейлері санитарлы нормаларына СН және СРК 4.02-05-2001 лайық болуы керек.
4.2 Шу және дірілмен күресу
СНжЕ 4.02-05-2001-ге сай жұмыс орындарындағы шу 85Дб-дан аспауы керек. Өндірістік ғимаратта шу және дірілді төмендету үшін әртүрлі әдістер қолданылады:
шудың оның туындау көзінде азаюы;
шуды сөндіргіштерді орнату.
Механикалық шуды азайту үшін өз уақытында қордырғыларға жөндеу жұмыстарын жүргізу, соққылы үрдістерді соққысызға ауыстыру керек.
Өндірісті жағдайларда жиілігі 35-200Гц дірілдер бақыланады. Тербеліс конструкция элементтері бойынша тарала отырып, олардың бұзылуын күшейтеді, сонымен қатар жұмыс істеушіге зиянды әсер тигізеді.
Дірілді әлсіздендіру бойынша шаралар:
машиналардың және технологиялық үрдістердің конструкцияларын жетілдіру;
жабысуға орнықты материал – пластмасса, рубероид, битум, резинадан жасалған қабаттардан жабуды қолдану;
дірілді өшіруші кілемдер және жапқыштар;
қатаңдық жүйесінің қатаңдығының ұлғаюы есебінде машиналардың және құрылыс конструкцияларының конструкция элементтерінің өзгеруі;
жеке бөлшектердің ақауларын және босап қалуын шектеу.
4.4.2 Газбен күресу әдістері
Газды жою үшін технологиялық газдарды электропештерден және конверторлардан тартудан басқа вентиляцияны тура тарту орындалады.
Тартылған вентиляция зиянды заттардың бөліну орнынан тарту қондырғыларымен және толығымен осындай агрегаттарды электропеш және конвертор сияқты жинаудан іске асырылады. Сонымен қатар цехтың жоғары аумағынан электропешті бөлімнің шатырлы вентиляторлары арқылы күшпен вентиляциялау бар.
Тура вентиляция жұмыс орнын ауаны кондиционерлеуді орнату және жеке ғимараттарды жинауды жасау арқылы іске асырылады.
Электропештерде шихтаның аса жүктелу орнынан және басты бункерлерден шаңды ұстау үшін аспирациялы жүйелер – ратациялы шаң ұстағыштар орнатылған.
Цехта жылулық ағындар болған кезде зияндықтардың үлкен концентрациясының аумағы ретінде ғимараттың жоғарғы бөлігі болады. Сондықтан «төменнен-жоғары» принципі бойынша жалпы алмастырушы вентиляция қолданылады, яғни жұмыс аумағына үйлестірілген ауаны берумен және жоғарғы аумақта тарту. Жоғарыда көрсетілген қорғау құралдарының барлығын қолдану нәтижесінде жұмысшы аумақтың ауасының құрамы СНиПРК 4.02-05-2001 талаптарына жауап беруі керек.