Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Процесс tik_buryshty_avtoklav.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
364.91 Кб
Скачать

10 Бу қазандығын таңдау

Бу қазандығы алдын – ала есептелген максималды өнімділігіне және жүйенің басындағы қажет бу қысымына байланысты таңдалады[10].

1 – кесте

Бу қазандығының негізгі жылутехникалық мінездемелері

Техникалық сипаттамасы

ДКВр 2,5 – 13

Газ

Бу өнімділігі, кг/сек

0,695

Артық қысым, МПа

1,28

Топкадағы артық ауа коэффициенті

1,15

Жағармай шығыны м /с немесе кг/с

0,057

Топкадан шығардағы газдың температурасы ºС

870

Топка көлемі, м

12

11 Қауіпсіз жұмыс істету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

Автоклавты силикальцитті бетондардан жасалған бұйымдарды ғимараттар мен тұрғын үйлерді, мәдениет үйлерін, өндірістік және ауылшаруашылық құрылыс орындарын салуға кеңінен қолданамыз. Біздің елімізде автоклавты силикальциттібетондар шығаратын берік өндірістік база құрылған: 105 өндірістік орындарында 170 автоклав тиеді, 30 зауыт вибротехнологиямен жабдықталған.

Санитарлы – гигиеналық талаптарды қамтамасыз ететін жағдайлар бетон өндірісі зауыттарының проектісі жасалғанда ескеріледі және зауыт қызмет ете бастағаннан бастап қатаң орындалады.

Бұл ережелерде толық зауытқа қойылатын талаптар ғана емес, сонымен қатар әр цехқа, технологиялық процеске, тасымалдау құрылғыларына, вибрациялық құралдарға, цехтарды табиғи және жасанды жарықтандаыру құралдарына, жылыту және желдету құралдарына қойылатын талаптар көрсетілген.

Ережелер бойынша жұмысшылар жұмыс істеу ережесін белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі насқауларды, сонымен бірге машиналар мен және механизмдермен жұмыс істеудің белгіленген жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті.

Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе лас жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары беріледі.

Жұмысшылар өздерінің еңбек міндетін атқаруына байланысты мертіккенде немесе денсаулығына басқадай залал келгенде Ережелер бойынша кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға материалдық жауапкершілік жүктеледі.

Қазіргі іс жүзіндегі ережелер бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға басшылық ету және жауапкершілік әкімшілікке жүктеледі.

Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін алдын-алу жөніндегі күнделікті және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмысшылардың еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселесі бойынша оқуын ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұсқау береді, және т.б [11].

Техникалық жағдайға сай қақпалардың ашық болу уақыты ұзақ болатын (қырық минуттан жоғары) цехтарда немесе температура 20оС – ден төмен аудандарда ауалық аспалар болу керек. Қалған өндірістік немесе көмекші ғимараттарда табиғи немесе жасанды желдету системаларын қарастыру керек.

Бұйымды қалыптау дауыс сигнализация қосылып тұрғанда жүргізілу керек және қалыптау машиналары қашықтықтан басқарылады. Бұйымды жылумен өңдеу кезінде камерадан будың шығуына жол бермеу керек және бұйымды алып – салу автоматты траверса көмегімен іске асырылу керек.

Жаңа өнеркәсіптерді жобалағанда атмосфералық тазалықты қамтамасыз ету үшін атмосфераны атмосфераны ластайтын көздердің әрбірінің орнатылған тектік рұқсат етілген шығару және қоршаған ортаға экономикалық шығынның үлкен маңызы бар.

Қоршаған ортаны ластау көзі болып технологиялық процестер жүргізілетін өнеркәсіптер мен жеке құрылыстар табылады Жоғары температураға төзімді бетон шығаратын зауыттар санитарлы – гигиеналық талаптарды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ететін өндіріс орындарының қатарына жатады. Өйткені бұл еңбек өнімділігін арттырумен қатар әр жұмысшының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді [12].