- •Мазмұны
- •Нормативтік сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Қыздырғыш бу - ыстық жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын су буы.
- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •1 Әдебиеттік шолу және патенттік ізденіс
- •2 Жылуылғалдылық өңдеу тәсілін және қондырғыны таңдауды негіздеу
- •3 Жылулық қондырғының конструкциясын және жұмыс істеуін қысқаша сипаттау
- •4 Жылулық қондырғының жұмыс істеу режимін таңдау
- •5 Бұйымдарды жылуылғалды өңдеу барысында жүретін физика-химиялық процесстер
- •6 Жұмыс камерасының негізгі өлшемдерін есептеу
- •7 Жылулық қондырғының санын есептеу
- •8 Жылулық балансты есептеу және жылутасымалдағыштың меншікті шығынын анықтау
- •10 Бу қазандығын таңдау
- •11 Қауіпсіз жұмыс істету, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша а
- •Қосымша б
Анықтамалар
Бұл курстық жобада келесі анықтамалар келтірілген:
Жылулық өңдеу – салыстырмалы температура кезінде материалға жылу әсер ету арқылы оларда жүретін физикалық, физика – химиялық реакциялар нәтижесінде жаңа минералдар түзіліп, дайын өнімнің қасиетіне сәйкес қасиет беру үшін жүргізілетін процесс.
Кептіру – салыстырмалы төмен температурада қатты ылғал денедегі физикалық байланысқан ылғалды буландыру.
Күйдіру – салыстырмалы жоғары температура кезінде жылу әсер ету арқылы химиялық, физика – химиялық реакциялардың нәтижесінде дайын өнім талабына сәйкес қасиет беру.
Бетон – құрамында тұтқыр зат, әр түрлі толтырғыштар, қажет болған жағдайда қоспалар және суы бар араласпаның әр түрлі жағдайда қату нәтижесінде пайда болған тас материалы.
Жылу ылғалдылық өңдеу – ылғал ортада және салыстырмалы температура кезінде байланыстырғыш материал негізінде жасалған негізгі бұйымдарды құрылымын қалыптастыру негізінде жүргізілетін жылулық процесс.
Темірбетон – бетон мен арматуралық болаттың беріктігі мен деформативтік ерекшеліктерін бірлесе пайдалану негізінде пайда болған бұйым.
Қыздырғыш бу - ыстық жылу тасымалдаушы ретінде пайдаланылатын су буы.
Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы.
Қазандық агрегат деп қысым мен температурада және берілген мөлшерде буды алуға арналған энергетикалық құрылғы[2].
Белгілеулер мен қысқартулар
Бұл курстық жобада келесі белгілеулер мен қысқартулар келтірілді:
МЕСТ – мемлекеттік стандарт талаптары
МПа - қысымның өлшем бірлігі
мм – милиметр
м3 – метр куб
т.б. – тағы басқа
Н – ньютон
м – метр
кг – килограмм
оС – градус Цельсий
% - пайыз
г – грамм
см3 – шаршы сантиметр
К – кельвин
кг – килограмм
мин – минут
кг/м3 – тығыздық мөлшері.
В, L, Н – ені, ұзындық, биіктік
кВт – киловатт
т – тонна
сек – секунд
кг/м3 – тығыздық мөлшері
С/Ц – су мен цементтің қатынасы
т.б. – тағы басқа
кг – килограмм
Кіріспе
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялды – иннова-циялық стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2005 – 2014 жылдар ара-лығында құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірі-сінің дамуы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасының болашақтағы даму жоспарына қойылған. Яғни тиімді құрылыс материалдарын және сапалы жылу оқшаулағыш материалдарын шығару қажеттілігі аталып көрсетілген және олар шет елден әкелінетін құрылыс материалдарымен бәсе-келесе алу керек.
ХХІ ғасырдың басында 2015 жылға дейінгі индустриялды-инновациялық дамуды іске асыруда, Қазақстандағы барлық өндіріс салаларында инновация-лық олқылықтарды жеңу мәселелері орын алады. Онда 2000 жылмен салыс-тырғанда жалпы ішкі өнімнің өсуін 3,5 есе, оның энергия сыйымдылығын 2 есе кеміту және еңбек өнімділігін 3 есе арттыру көзделген.
Осы дамудың құрамдас бөлігі, тұрғын үй құрылысының 2005 – 2007 жылдарға белгіленген мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Тұрғын үй бағдарламасы – Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі даму стратегиясын іске асырудағы кезекті маңызды қадамы. Осы бағдарламаны іске асыру жақын арада Қазақстанды нағыз құрылыс алаңына айналдырып, құрылыс индустриясын қарқынды өсіруге мүмкіндік береді, еліміздің жалпы экономикалық өсуін қам-тамасыз етеді.
Қала құрылысының жоспарланған алып көлемдері, тұрғын үй қорларының толық жабдықталуы және қалалар мен тұрғын мекендерінің сәулеттік кел-беттерін жақсарту, сәулетшілер мен құрылысшылардың қызметін молайтады. Ол қоғамдағы экономикалық, саяси және интеллектуалды дамудың нәтижесі ретінде, ұлттық материалды, көркемдік және рухани мәдениетінің өрбімелі бір бөлшегі болып қала береді.Қазіргі кезде құрама темірбетон негізгі құрылыс материалы. Темірбетон бұйымдарының тұрғын үй, азаматтық және көліктік құрылысты қолдану көлемі айтарлықтай өсті.
Құрама темірбетон бұйымдарының құрылыста кең ауқымды қолдануына мыналар септігін тигізеді:
- конструкциялардың дайындалуы мен монтаждың жоғарғы дәрежедегі индустриалдығы, бұл құрылыстағы шығындалатын еңбек мөлшерін және құрылысты дайындау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. - темірбетон бұйымдарының қасиеттерінің универсалдығы; технологиялық әдістерді және материалдарды өзгерте отырып, беріктігі, жылу өткізгіштігі, қышқылға төзімділігі бойынша физика-механикалық қасиеттері әр түрлі бұйымдар алуға мүмкіндік береді.
- темірбетон бұйымдарының басқа материалдармен салыстырғанда ұзақ мерзімге шыдауы.
Құрама темірбетон бұйымдарын өндіретін заводтардың техникалық қамтамасыз етілуі өндірісті механизациялаудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Темірбетон бұйымдарын өндіретін заводтар мен тұрғын үй құрылыс комбинаттардың техникалық қамтамасыз етілуінің дамуының негізгі тенденциясы –комплексті механизация мен автоматизацияны, технологиялық операцияларды автоматты бақылауды ендіру. Құрама темірбетон заводтарында өндірісті ұйымдастырудың негізгі принциптерінің бірі мамандандырылған технологиялық байлықтарда өндіріс процестерінің ағымдылығы.
Темірбетон бұйымдарын құрылыс түріне байланысты негізгі үш топқа бөлуге болады: тұрғын және қоғамдық ғимараттарға; өндірістік ғимараттарға; коммуникация, байланыс жолдары, эстакадалар мен ғимараттың басқа да түрлеріне арналған.
Ғимарат құрылысында негізінде іргетас блоктары мен жертөле қабырғаларын, ригелдерді, стропильді балкалар мен фермаларды, жабын плиталарын, аралық панельдерді, ішкі және сыртқы қабырға панельдерін, текпішек марштарын және алаңдарын, балконды және терезе асты плиталарын, архитектуралық детальдар және т.б. қолданады [1].
Бетон және темірбетон бұйымдары құрылыстың барлық саласында қолданылады. Өзге құрылыс материалдарымен салыстырғанда олардың артықшылықтары да көп. Олардың үлкен артықшылығы, материалдардың (құм, шағал, су) көп бөлігі (85-90% массасынан) – жергілікті шикізаттық материалдар болып табылады. Бастапқы материалдар мен дайындау технологиялары негізінде түрлі физика-химиялық қасиеті бар бетон мен темірбетон бұйымдарын жасауға болады. Бүгінгі күндері бетон және темірбетон – құрылыста қолданылатын негізгі материал. Тұрғын үй ғимараттары мен өндірістік және ауылшаруашылық құрылыстарының конструкциялары мен бұйымдары бетон және темірбетон бұйымдарынан дайындалады. Сондай-ақ бетонды бөгеттерде, шлюздерде, су каналдарында, автомобиль жолдарында, темір жол мен көпірлі құрылыстарда кеңінен қолданылады.
Құрастырмалы темірбетон бұйымдары мен конструкциялары тұрғын, азаматтық және өндірістік құрылысқа арналған. Ғимараттар мен құрылыс конструкцияларына байланысты темірбетон бұйымдары габариттері, формасы, жүк қабылдау қасиеттері және т.б. бойынша түрлі болады. Олар әр түрлі функцияларды орындай алады: жылытылатын бөлменің жылужоғалтудан сақтау, химиялық агрессивті орта әсеріне, динамикалық жүктемеге, су қысымына, кезекті қату мен еруге қарсы тұру және с.с.
Сыртқы түріне қарай темірбетон бұйымдарын сызықтық, жазықтықты, блокты және көлемді деп бөледі. Сызықтыққа балкалар, колонналар, фермалар, ригелдер, сваялар, шпалдарды жатқызуға болады. Ал, жазықтықтыларға – қабырғалық панельдер мен аралықтар, жабын және аралық, тротуар, жол, әрлеу плиталары және т.б.; блоктыларға – қабырғалық, винтеляциялық, цокольды және іргетасты блоктартар; көлемділерге–блок-бөлмелер, санитарлы-техникалық кабиналар, силостың, жерасты өтпелер, лифт шахталарының, коллектрлердің, құдық сақиналарының көлемді элементтері және т.б. жатады.
Құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіргенде дайын өнімді жылумен өңдеу процесінен өткізеді. Көп жағдайда жылумен өңдегенде бұйым шикізатына құрылыста қажет жаңа, сапалы қасиеттерді алуға болады [1].
Жылумен өңдеу үшін материалды жылуөңдеу қондырғысына орналастырады. Жылумен өңдеу қондырғысы дегеніміз жылу процесі өтетін қондырғы. Жылу қондырғысының негізгі белгісі – берілген жылу энергиясын материалдың технологиялық өңдеуіне немесе өңдеу кезіндегі химиялық реакциялардың тездетуіне жұмсалуы.
Қондырғыларды үздіксіз және үздікті жұмыс істейтін деп бөледі. Үздіктілер тұйық цикл бойынша жұмыс істейді. Жылулық қондырғының жұмыс камерасын бетон бұйымдарымен толтырып болғаннан кейін жылутасымалдағыш беріліп, бұйымдар жылуылғалдылық өңдеу сатысынан өтеді. Жылуылғалдылық өңдеу уақыты жылулық өңдеу режиміне сәйкес біткеннен кейін, дайын өнім сыртқа шығарылып, жұмыс касерасына жаңа қалыптанған бұйымдар кіргізіледі, яғни жылуылғалдылық өңдеу циклы қайталанады. Үздікті жұмыс істейтін қондырғылардың жылулық режимі қалыптасқан емес, сондықтан жұмыс камерасының әр жеріндегі температура уақытпен өзгеріп тұрады. Үздіксіз жұмыс істейтін қондырғылар қалыптасқан жылулық режиммен жұмыс істейді. Бұл қондырғыларда жұмыс камерасының барлық кеңістігі бойынша әрбір нүктеде жылутасымалдағыш температурасы уақытқа байланысты тұрақты болады. Мұндай қондырғыларда материалдарды жылуылғалдылық өңдеу үздіксіз немесе қысқа интервалдармен жүргізеді[3].
